| |
|
|
Спорт және туризм факультеті
|
1966 жылы Н.К.Крупская атындағы Шымкент мемлекеттiк педагогикалық институтында алғаш рет "Дене тәрбиесi" мамандығы ашылған болатын. 1990 жылы Шымкент "Дене тәрбиесi" техникумі мен Н.К. Крупская атындағы Шымкент мемлекеттiк институтының "дене тәрбиесi" факультетiнiң базасында Шымкент педагогикалық дене тәрбиесi институты құрылды. Кейiннен 1996 жылы мәдениет және өнер институтымен бiрiгiп М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық университетi болып қайта құрылды. 1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық университетi Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетiмен бiрiге отырып, М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi болып қайта құрылды. Қазiргi таңда институтта 10 кафедра жұмыс iстейдi. Олар: "Дене тәрбиесi, спорт iлiмi мен әдiстемесi", "Ұлттық спорт түрлерi мен спорттық жекпе-жек", "Алғашқы әскери дайындық", "Педагогика және психология", "Халықаралық туризм мен сервис", "Спорт пәндерi", "Гуманитарлық мамандықтарына арналған шет тiлi", "Гуманитарлық мамандықтарына арналған дене тәрбиесi", "Техникалық мамандықтарына арналған дене тәрбиесi", "Экономист, юрист және аграрлық мамандықтарына арналған дене тәрбиесi". Институт құрамында 149 оқытушы, оның iшiнде 5 ғылым докторы мен профессорлар, 41 ғылым кандидаты және доценттер, 6 Қазақстан республикасына еңбегi сiңген жаттықтырушылар және 21 Қазақстан республикасының спорт шеберлерi жұмыс iстейдi. М.Әуезов атындағы ОҚМУ спорттық жетiстiгi жағынан жоғары оқу орындар (ЖОО) арасында алдыңғы қатарлы оқу орны болып табылады. Университет курс және оқу жылдары бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерiнiң дене тәрбиесi және спорт құралдары арқылы денсаулығын нығайту бағдарламасы және профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлерiне арнап дене тәрбиесi және спорт құралдары арқылы денсаулығын нығайту жұмыстарын жүргiзуге арналған ұйымдастыру-әдiстемелiк құрал жасалынып, оқу жүйесiне енгiзiлген. 18 спорт түрiнен жыл сайын салтты түрде институттар арасында студенттiк спартакиада өтедi, спартакиадаға 5,5 мыңнан аса спорттың 12 түрiнен студенттерiмiз қатысады. Институт студенттерi үшiн спорттың 21 түрiнен спорттық шеберлiктi көтеру секциясы жұмыс iстейдi, 120 студенттерiмiз әртүрлi спорт түрiнен ҚР құрама командаларының мүшелерi. Елбасы сынамаларына дайындау және қабылдау үшiн институтта комиссия құралған және 7000 мыңға жуық оқытушылар, студенттер және қызметкерлер Елбасы сынамаларын өтудегi сынаққа қатысады. Университетте 12 "Денсаулық" топтары жұмыс iстейдi. "Дене тәрбиесi және туризм" институтының профессорлық-оқытушы құрамы ҚР дене тәрбиесi және спорт дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жасуға қатысады. 2008 жылы Пекин (ҚХР) қаласында өтiлетiн 29-шы жазғы олимпиада ойындарына ҚР спортшыларының дайындығы туралы 30.03.05 ж. N286 ҚР үкiметiнiң қаулысын орындау үшiн "Дене тәрбиесi және туризм" институтында ҚР оңтүстiк аймағындағы әртүрлi спорт түрлерi бойынша спорттық командалардың жаттықтырушы-оқытушы құрамының бiлiктiлiктерiн жетiлдiру орталықтары ашылған. Жыл сайын университеттiң ғылыми кеңесi шешiмiмен әртүрлi спорт түрiнен ҚР құрама команда мүшелерiне университет гранты бөлiнiп отырады. Қазiргi уақытта 34 студент-спортшы университет грантында 17 студент-спортшы 50 пайыздық жеңiлдiкте оқиды. 2000 ж. Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында бiздiң студенттерiмiз: Бекзат Саттарханов бокстан олимпиада ойындарында 1-шi орын, алтын алқа иегерi болды, Мұхтархан Дiлдабеков бокстан күмiс жүлдегерi, Базарбек Донбай дзю-додан 5-шi орын, Ольга Довгунь оқ атудан 6-шы орын, ауыр атлетикадан Татьяна Хромова, Бақыт Ахметов олимпиада ойындарына қатысты. 2004 ж. Афина (Греция) қаласында өткен олимпиада ойындарында ҚР құрама командасының сапында университеттiң 6 спортшысы өнер көрсеттi. Олар: Әлия Юсипова (көркем гимнастика) 4-шi орын, Ольга Довгунь (оқ ату) 4-шi орын, Татьяна Хромова және Бахыт Ахметов (ауыр атлетика) 6-шы және 7-шi орын, Базарбек Домбай (күрес-дзюдо), Татьяна Бочарова (жеңiл атлетика). 2002-2005 жылдары жоғарғы оқу орындар (ЖОО) арасында өткен II-III жаздық Универсиада жастық пен күш-жiгердiң, мықтылыққа өтуге шыңдалудың нағыз мектебi болды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ спортшылары спорттың 24 түрiнен қатысып жалпы есеп бойынша ҚР жоғарғы оқу орындар арасында II-III Универсиаданың жеңiмпазы аталды. 2005 жылы Измирде (Туркия) қаласында өткен бүкiл-әлемдiк Универсиадаға университеттiң 20 студент-спортшысылары спорттың әртүрiнен ҚР құрама командасының сапында өнер көрсеттi.
Мамандықтарға сипаттама: 050103 - Педагогика және психология Оқу мерзімі: 4 жыл. Біліктілігі: Педагогика және психология бакалавры Мамандықты бітірушілер педагог-психолог қызметін атқара алады. Бітірушілердің қызмет ету саласы: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншіктік білім беру мекемелері, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, гимназиялар, интернаттар), мектеп дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жүйесі.
050104 - Бастапқы әскери дайындық Оқу мерзімі: 4 жыл. Біліктілігі: Алғашқы әскери дайындық бакалавры Мамандықты бітірушілерге алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет істеуіне болады. Бітірушілердің қызмет ету саласы: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншіктік білім беру мекемелері, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, гимназиялар, интернаттар), азаматтық қорғаныс жұмысын ұйымдастыру, әскери-техникалық үйірмелер мен секциялардың жұмысын басқару, білім беру әкімшілік органдары.
050105 - Дефектология. Оқу мерзімі: 4 жыл. Бліктілігі: Дефектология бакалавры Кәсіби қызметінің саласы: білім беру жүйесі, реабилитациялық орталықтар, түзету (коррекциялық) кабинеттері, әлеументтік қауіпсіздік және денсаулық сақтау мекемелері, ғылыми зерттеу ұйымдары. Бітірушілердің қызмет ету саласы: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншіктік білім беру мекемелері, түзету-арнайы мектеп алды және мектеп мекемелері (интелектуалдық бұзылысы бар балалар, есту, көру, сөйлесу және тірек-қимыл аппаратының бұзылысы, психикалық дамудың кешеуілденуі).
050108 - Денешынықтыру және спорт Оқу мерзімі: 4 жыл. Біліктілігі: Денешынықтыру және спорт бакалавры Мамандықты бітірушілерге дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі, таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы болып қызмет істеуіне болады. Бітірушілердің қызмет ету саласы: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншіктік білім беру мекемелері, мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, интернаттар, демалыс үйлері, санатории), балалардың спорт мектептері мен клубтары, фирмалар, мемлекеттік ұйымдар, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару органдары.
050902 - Туризм. Оқу мерзімі: 4 жыл. Біліктілігі: Туризм бакалавры Мамандықты бітірушілерге халықаралық туризмнің менеджері, қонақ үй бизнесінің менеджері, транспорттық қызмет көрсету менеджері, коммерциялық туризм менеджері, ағылшын, неміс және француз тілдерін тереңдетілген бағдарлама бойынша гид-аудармашы қызметтері беріледі. Бітірушілердің қызмет ету саласы: мемлекеттік басқару органдарындағы қызметтер, мемлекеттік және жеке туристік компаниялардағы басқарушы, туристік фирмаларындағы маркетинг бөлімдерінің жетекшісі мен маркетологы, туристік кәсіпорындарындағы жарнама қызметі мен бөлімдерінің жетекшісі қызметiн атқарады.
050904 - Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис Оқу мерзімі: 4 жыл. Біліктілігі: Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис Мамандықты бітірушілерге: қонақ үй сервисінің менеджері, сервистік қызмет менеджері, ресторан сервисінің менеджері, санаториялық-курорттық сервис менеджері болып қызмет істеуіне болады. Бітірушілердің қызмет ету саласы: сервисті басқарудың мемлекеттік органдарының қызметкері, мемлекеттік және сервис кәсіпорындарында басқарушы, қонақ үй, мейрамхана және көлік сервисіндегі маркетинг бөлімдерінің жетекшісі мен маркетологы.
Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады
Институт директоры п.ғ.к., профессор, ҚР бiлiм беру iсiнiң үздiгi, ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушы. Қобланов Жанпейiс Нұрмаханбетұлы 21-43-69
Директордың орынбасары: аға оқытушы Затыбеков Калаубек Азімбекұлы 21-34-22
"Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі" кафедрасыныңмеңгерушісі: п.ғ.к., доцент, ҚР білім беру ісінің үздігі Тлеулов Эрнст Желдыбайұлы. 21-43-69
"Ұлттық спорт түрлерi мен спорттық жекпе-жек" кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.к., аға оқытушы Ткаченко Сергей Владимирович. 21-19-83
"Алғашқы әскери дайындық" кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.к., аға оқытушы Елубаев Саржан Иманбекұлы. 21-28-51
"Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.д., профессор міндетін атқарушы Маджуга Анатолий Геннадьевич 21-34-22
"Халықаралық туризм мен сервис" кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.д., профессор міндетін атқарушы Жолдасбеков Абдіманап Абдразақұлы 21-16-40
"Спорт пәндерi" кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.к., аға оқытушы Ерепбаев Нұрлан Қыдырбекұлы 21-28-51
|
|