KAZ
KAZ RUS ENG

Факультеттер

Химия-технологиялық факультеті

Құрылыс машина жасау және көлік факультеті

Агроөнеркәсіп факультеті

Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер факультеті

Экономика және қаржы факультеті

Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті

Спорт және туризм факультеті

Педагогика және мәдениет факультеті

Филология факультеті

Жаратылыстану-педогогикалық факультеті

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті

Шетелдік студенттермен жұмыс жасау факультеті

Сырттай оқыту факультеті

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі
Талапкер 2009
 
ОҚМУ / Педагогика және мәдениет факультеті /

Педагогика және мәдениет факультеті


      Шымкент педагогикалық мәдениет институты 1967 жылы құрылған және Қазақстан бойынша мәдени-ағарту мекемелеріне білікті мамандар дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылған. 
     ЖОО қайта құру және оларды қосу үрдісінде Әл - Фараби Шыкмент педагогикалық мәдениет институты 1996 жылы бірінші болып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті құрамына қосылды. Соңында 1998 жылы ЖОО М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып ауыстырылды. Институт құрамында 24 мамандық бойынша білікті мамандар шығаратын және оқу жоспарын іске асыруда, ғылыми ізденісте, студенттермен тәрбиелік және шығармашылық жұмыстар жүргізетін 18 кафедра бар. 
    Бүгінгі таңда институтта, құрамына шет елдерден (Түркия, Қытай, Тәжікстан және т.б.) келген студенттермен қоса есептегенде 1600 студент білім алуда. Институт құрамында заманауи талаптарға сай оқу аудиториялары спорттық және концерттік залдар, әдебиет, өнер және әр түрлі ғылыми білім саласындағы кітапханасы бар жеке оқу ғимаратында рналасқан. 
      Бұл жерде аймақтық және республикалық ғылыми конференциялар, шет ел қонақтарының қатысуымен "Дөңгелек үстелдер", ғылыми және шығармашылық жұмыстардың көрмелері мен байқаулары, кештер, қызметтестер және институттың халықтық және эстрадалық-үрмелі музыка оркестрі "Қазына" және "Қаракөз" ансамблдері студенттерінің концерттері өткізіліп тұрады.
     
Институттың ғылыми-педагогикалық кадры 20 доктор мен профессорлардан, 88 ғылым кандидаттары мен доценттерден құралған. 
      Көптеген оқытушылар Халықаралақ конкурстар мен Республикалық жүлделердің лауреаты, "Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері" атағының иегерлері, бүкілодақтық көркем шығарма фестивалінің лауреаттары, Ш.Жиенқұлова атындағы Республикалық (Орал қаласы 2002 жыл) қазақ биі байқауының лауреаты, халықаралық Шабыт-2004 жастар шығармашылығы байқауының лауреаттары болып табылады.   
      Институт түлектерінің арасынан Қазақстанға ғана емес, басқа да шет елдерге танымал ақындар, жазушылар, композиторлар, хореографтар, әншілер, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері М.Шаханов, Е.Хасанғалиев, Н.Есқалиева,  М. Жүнісова, М.Омаров, М.Илиясов, И. Муханов, Р. Ғабдиев,  Р.Гайсин, Г.Мальбеков, Г.Какенов, З.Қастеева, М.Абишев, К.Бердияров, А.Сыздықов, Б. Пірімбетов және т.б. бар. 
      2005-2006 оқу жылында "Ағылшын тілі" мамандығы бойынша білім алатын ФИ-04-8Р тобының студенттері "Болашақ" бағдарламасы (Базалиев А) және "IREX" (М.Боранбаева) бойынша стипендия иегерлері атанып, АҚШ та білім алуда. Жыл сайын студенттер жоғары деңгейде дайындалған баяндамалармен аймақтық және дәстүрлі университеттік студенттік конференцияларға, университеттік олимпиадаларға  қатысады. 
     Студенттер университет қабырғасының барлық кафедраларында "Жас географ", "Туған өлке", "Жас ізденуші", "Іздеу", "Жас археолог", "Жас тарихшы", "Жас талант", "Биология ғажайыптары", "Аударма бюросы", "Пікір сайыс үйірмесі", "Жас суретші", "Жобалаушы", "Жас әдебиетші", "Ақбоз ат", "Ана тілі", "Тіл тағылымы", "Өнертанушы" атты студенттік ғылыми үйірмелері, "Жас буын", "Ізденіс" атты ғылыми студенттік қоғамдар, "Сырлы сөз" үйірмесі, "Арабески" студенттік үйірмесі қызмет жасайды. 
      15 жылдам астам уақыт қызмет көрсетіп келе жатқан "Қаракөз" халық би ансамблі әр кафедра студенттерінен 1990 жылы құрылып, 1998 жылы Қазақстан Халықтар достастығы фестивалінде, Түркиядағы (Ялова қаласы) Халықаралық түркітілдес халықтар фестивалінде, 2001 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл мерекесінде І және ІІ жүлделі орындарға, "Жас толқын" (2001ж., 2002ж.) атты Республикалық студенттік жастар фестиваліне, Ш. Жиенқұлова атындағы Қазақ би байқауында (1992 ж.,2001ж.), ІІ Халықаралық "Шабыт" жастар шығармашылығы фестиваліне (2001 ж., 2004ж.) қатысып жүлделі І және ІІ орындарға ие болған.
      Режиссура және бос уақыттың мәдениеттілік ісі  кафедрасында "Қисық айна" атты сатиралық театры және "Думан" атты жастар театры жұмыс істейді.            

Мамандықтарға сипаттама:
050101 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Мектепке дейінгі оқыту бакалавры
Тәрбиеші, әдіскер қызметін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: балабақшалар                                       

050102 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры
Бастауыш сынып мұғалімі, әдіскер және ұйымдастырушы қызметін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Педагогикалық, ұйымдастырушы- педагогикалық және ғылыми-әдістемелік саласында.  

050106 - Музыкалық білім
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Музыкалық білім бакалавры.
Музыка пәнінің мұғалімі, музыкалық-көркемдік жұмыстарды ұйымдастырушы, музыкалық өнерді насихаттаушы.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Жалпы білім беретін, музыкалық тәрбиелеу мектептер, лицейлер, гимназиялар.

050107 - Бейнелеу өнері және сызу
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Бейнелеу өнері және сызу бакалавры.
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі қызметін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: білім беру, педагогикалық және ғылыми зерттеу орындары.

050114 - Тарих
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Тарих бакалавры.
Білім беру саласында: орта мектептер, орта кәсіптік және ЖОО мұғалім және оқытушы, бүкіләлемдік тарих, Қазақстан тарихы проблемалары бойынша эксперт қызметін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: білім беру, ғылыми-зерттеу, мұражайлар.

050116 - География
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: География бакалавры.
География пәнінің мұғалімі, педагог-әдіскер, экологиялық және мектеп өлкетану үйірмелері бөлімінің меңгерушісі, табиғатты қорғау және табиғатты пайдалану проблемалар бойынша эксперт қызметін атқара алады. 
Бітірушілердің қызмет ету саласы: орта жалпы білім беру орындары, гимназия, лицей, колледждер және ғылыми-зерттеу орындары.  

050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, тілдерді дамыту департаментінің маманы.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: орта жалпы білім беру орындары, гимназия, лицей, колледждер, тілдерді дамыту департаменті, ғылыми-зерттеу орындары.

050118 - Орыс тілі мен әдебиеті
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Орыс тілі мен әдебиеті бакалавры
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: орта жалпы білім беру орындары, гимназия, лицей, колледждер, ғылыми-зерттеу орындары.

050119 - Шетел тілі: екі шетел тілі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: шет тілдері бакалавры.
Ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі, мамандырылған мектеп мұғалімі (шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын және бірқатар пәндерді шетел тілінде оқытатын мектептер), техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде  шетел тілдері мұғалімі қызметін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: орта жалпы білім беру орындары, гимназия, лицей, колледждер, ғылыми-зерттеу орындары.

050203 - Тарих
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Тарих бакалавры.
Жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждерде мұғалім, сонымен қатар бакалавр-тарихшылар жоғары оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде және бұқаралық ақпарат салаларында  қызмет істей алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: мектеп, гимназия, лицей және колледждер, ғылыми-зерттеу институттары, педагогикалық және тарих кабинеттері, баспалар, әкімшіліктер, кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар,  мамандықты жетілдіру институттары, газеттер, радио-теледидарлар.

050205 - Филология
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Филология бакалавры.
Орта кәсіптік (колледждер),  гуманитарлық бағыттағы оқу мекемелерінде тілдер мен әдебиеттің оқытушысы,  кіші сатылы филолог-ізденуші.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: орта кәсіптік (колледждер),  гуманитарлық бағыттағы оқу мекемелерінде,  аудармашы керек ететін мекемелерде, газет, журнал, радио, теледидар, баспа редакцияларында, ғылыми мекемелерде, кітапханаларда, т.б.

050207 - Аударма ісі.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Аударма ісі  бакалавры.
Аудармашы-референт, гид-аудармашы, аударма редакторы және т.б.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Әкімшілік-басқару жүйесі, білім және ғылым саласы, мәдениет және мәдениет аралық қарым-қатынас саласы, халықаралық қатынас саласы, баспа ісі саласы, бұқаралық-ақпарат құралдары саласы, ақпараттық сараптама саласы және т.б.

050208 - Археология және этнология
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілік: Археология және этнология  бакалавры.
Ғылыми зерттеу экспозициялық және қор бөлімдерінде экскурсия жүргізуші, қор сақтаушы ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, референт, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау салаларында жетекші маман, сарапшы, кеңесші, этикалық және дін аралық қатынастар мен процестер маманы т.б.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Мұражай мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік қызмет орындары.

050402 - Аспаптық орындау.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Музыка бакалавры.  
Оркестр және ансамбль әншісі, оқытушы қызметін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы
: Білім беру, орындаушылық және
ұйымдастырушы-басқарушылық, шығармашылық бірлестіктер, музыкалық орта оқу орындары. 

050406 - Режиссура.
Оқу мерзімі: 5 жыл
Біліктілігі: Режиссура бакалавры.  
Түлектер келесі лауазымда жұмыс атқара алады: драма театрының режиссеры, музыкалық театрлық режиссеры, көпшілік қойылым және шоу режиссеры.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: театрлар, шығармашылық орталықтары, телеарналар, мәдениет ұйымдары мен жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары. 

 050407 - Актерлық өнер
 
Оқу мерзімі: 4 жыл
 
Біліктілігі: Актерлық өнер бакалавры
Түлектер келесі лауазымда жұмыс атқара алады: театр актеры, педагогы, администраторы, диктор, тележүргізуші, режиссер ассистенті.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Театр және кино өнері, радио және теледидар, білім беру жүйесі, әкімшілік мекемелері, өнер және мәдениет саласындағы шығармашылық ұйымдары, ақпараттық бағдарлама жүйесі, редакторлық - баспа ортылығы.

050409 - Хореография.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Хореография бакалавры
Шығармашылық орталықтар, театрлар, ведомостволық көркем шығармашылық мекемелерде хореограф, хореографиялық колледждер, мектептерде оқытушы  қызметін атқара алады.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: хореографиялық шығармашылық орталықтар, театрлар, хореографиялық колледждер, мектептер, ведомостволық көркем шығармашылық мекемелер.

050413 - Кескіндеме.
Оқу мерзімі: 5 жыл
Біліктілігі: Кескіндеме бакалавры (суретші-кескіндемеші,  кескіндемеші-педагог, суретші-рестовратор, суретші-монументалист, суретші-археолог)
Бітірушілердің қызмет ету саласы: мәдениет, өнер және білім  беру  саласы.

050418 - Кітапханатану және библиография.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Кітапханатану және библиография бакалавры (Кітапханашы-библиограф)
Бітірушілердің қызмет ету саласы: мәдениет және білім  беру  саласы.

050419 - Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау бакалавры
Ғылыми қызметкер, референт, эксперт-өнертанушы, жетекші маман, тарих пәнінің мұғалімі, мұражай және өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушысы.  
Бітірушілердің қызмет ету саласы: мұражай, мәдениет, мемлекеттік басқару, туризм және білім  беру салалары.

050421 - Дизайн
Оқу мерзімі: 5 жыл
Біліктілігі: Дизайн бакалавры.
Бірінші дәрежелі техник,  кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, ғылыми-зерттеу мекемелерінің инженері, конструкторлық және жобалау мекемелерінде дизаинер.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: орта жалпы білім беру орындары, гимназия, лицей, колледждерде.

050905 - Әлеуметтік жұмыс
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Әлеуметтік жұмыс бакалавры
Консультант, референт, әлеуметтік сұрақтарға байланысты ұйымдармен және әртүрлі мекемелерде ұйымдастырушылық-құқықтық түрлерінің маманы,
Бітірушілердің қызмет ету саласы: әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет көрсету салалары.   

050906 - Мәдени - тынығу жұмысы.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Мәдени - тынығу жұмысының бакалавры   
  Мамандандырулар:
  1. Мектеп және мектептен тыс мекемелердегі мәдени - тынығу жұмысын ұйымдастыру және педагогикасы;
2. Бұқаралық мерекелер мен қойылым режиссурасы;
3. Театр ұжымына жетекші;
4. Хор ұжымына жетекшілік;
5. Үрмелі және эстрадалық аспаптар оркестріне жетекшілік;
6. Халық аспаптар оркестріне жетекшілік.
Бітірушілердің қызмет ету саласы: Бітірушінің кәсіби қызметіне мәдени мекемелері, шығармашылық орталықтар, әуесқой клуб бірлестіктері, жоғары және орта оқу орындары, мәдениет пен өнер орталықтары, мектеп және мектептен тыс мекемелерде және бұқаралық ақпарат құралдары мекемелерінде кәсіби қызмет ете алады.

                            Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады

Институт директоры
Жақыпбеков Сапар Жақыпбекұлы                                                   22-19-39

Директордың  оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Ерімбетова Ардақ Төлепбекқызы                                                    22-19-39

"Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және мұражай ісі" кафедрасының
меңгерушісі:  Сихымбаев Игілік Бейсенұлы                                 22-44-62

"Музыкалық білім және хор" кафедрасының меңгерушісі: 
Қасенова Раухан Кәрімқызы                                                            22-10-39

"Хореография" кафедрасының меңгерушісі: 
Тілеубаева Балжан Сейдраманқызы                                                 21-34-50

"Халық сазы" кафедрасының меңгерушісі: 
Изтай Тұрдықарлығаш Жарылқапұлы                                                22-10-40

"Өнер" кафедрасының меңгерушісі: 
Нұрмаханбетов Әбдіхан                                                                   21-10-40

"Режиссура және МТЖ" кафедрасының меңгерушісі: 
Сапарова Юлдуз Азимханқызы                                                        22-10-33

"Кескіндеме және дизайн" кафедрасының меңгерушісі:
Бейсенбаев Сәдібек Қалмаханұлы                                                  22-10-30

"Педагогика" кафедрасының меңгерушісі: 
Қалыбекова Асия Ахметова                                                              22-10-37

"Жаратылыстану пәндері бойынша бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі: 
Искакова Лаура Тұрлыбекқызы                                                        22-10-33

"Филологиялық пәндер бойынша бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі: 
Абидуллаева Айжан Буданқызы                                                      22-10-27

"Бейнелеу өнері және сызу" кафедрасының меңгерушісі: 
Тәңірбергенов Медеу                                                                       22-10-30

"Қазақ тіл білімі" кафедрасының меңгерушісі:
Тілеубердиев Болат Мақұлбекұлы                                                   91-02-21

"Ағылшын тіл білімі" кафедрасының меңгерушісі: 
Боранбаев Сандыбай Ережепұлы                                                     97-02-23

"Практикалық орыс тілі" кафедрасының меңгерушісі: 
Кульбаева Феруза Тасболатқызы                                                      97-02-20

"Жалпы тарих" кафедрасының меңгерушісі: 
Шабанов Евгений Иосифович                                                            22-44-62

"Георгафия" кафедрасының меңгерушісі: 
Тасболат Байболат                                                                            22-10-39

 

Біздің университетте


ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

ОҚМУ- ДАҒЫ ҒЫЛЫМ

АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ /КІТАПХАНА/

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Талапкер 2009
Жаңалықтар



© ОҚМУ  
Жоба жетекшісі: АТ және ҚО бойынша проректор Умбетов Ө.У.
Техникалық қамтамассыз ету: Сотников А.А.
Байланыс: 160012 Қазақстан Республикасы ОҚО, Шымкент қаласы Тауке-Хана даң. 5