| |
|
|
Экономика және қаржы факультеті
|
Экономика және қаржы институты 2006 жылы құрылды. Жоғарғы оқу орнында экономикалық кадрларды дайындау 1963 жылы Қазақ Химия-Технологиялық институтында "Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы" кафедрасының қалыптасуынан басталған. Жоғарғы оқу орнындағы жоғарғы ғылыми-техникалық потенциалды техникалық және экономикалық кафедралардың болуы макро-, микро процестерін басқарудың экономикалық әдістерін, кәсіпорын жұмыстарының экономикалық көрсеткіштерінің есебін жүргізуді меңгерген мамандарды дайындауда барлық жағдайлар жасалынды. Қазіргі кезде институтта студенттерді еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дайындайды. Экономика және қаржы институтының құрылымында 7 кафедра бар: "Экономика", "Менеджмент", "Банк ісі", "Салық және салық салу", "Есеп және аудит", "Маркетинг" және "Экономикалық теория". Профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы саны 105 адам, соның ішінде: 6 экономика ғылымдарының докторы мен профессорлар, 44 ғылым кандидаттары бар. Аз ғана уақыт ішінде контингент 1500 студентке жетті. Институт студенттері "Болашақ" бағдарламасында қатысып, бірқатар студенттер АҚШ, Германия, Англия, Ресей және т.б. елдерге оқуға жіберілді. Оқу процесі студенттердің ғылыми еңбектерімен табысты үйлеседі. Институт студенттері республикалық "XXI ғасыр лидері" бағдарламасында қатысатын оқушылар үстінен жетекшілік жасайды, республика, аймақ деңгейіндегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Институт студенттері спортпен белсенді айналысады және әлем, республика деңгейінде үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Қазіргі кезде институтта алдыңғы қатарлы технологиямен және Интернетпен қамтамасыз етілген 1 компьютер класы бар. Институтта "Ақиқат" дебат орталығы, "Менеджер", "Бухгалтер", "Финансист", "Маркетолог" студенттік ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Бұл жағдай көп студенттерге университетті бітіргеннен кейін еңбек нарығында жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мамандықтарға сипаттама: 050506 - Экономика Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Экономика бакалавры Осы сала мамандары экономист, маман, талдаушы қызметтерінде жұмыс істей алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда технологиялық үрдістерді ұйымдастырудың сапа менеджменті бойынша құжаттарды дайындау. Өндірістік-технологиялық үрдістің тізбегі бойынша жұмыс орындарды ұйымдастыру. Технологиялық үрдіс үздіксіз жүру үшін оны қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. Инвестициялық, инновациялық, экологиялық менеджменттің ең тиімді әдістерін әзірлеу және қолдану. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру және іске асыру. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне жету үшін маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Кәсіпорында логистиканы басқаруын ұйымдастыру. Кәсіпорында өнімді жоспарлы өткізуді басқару және жүргізу. Кәсіби қызметінің объектілері болып қызмет түрлерінен, мөлшерінен, меншік нысандарынан және қатысушыларының (ҚР резиденттері және резидент еместері) санаттарынан тәуелсіз ұйымдар мен фирмалар, әр түрлі деңгейдегі қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдалану ұйымдары, жалпыға міндетті білім беру мекемелері (гимназиялар, колледждер) және ғылыми зерттеу институттары мен ұйымдары болып табылады.
050507 - Менеджмент Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Менеджмент бакалавры мекеме басшыларын, жарнама, сауда және өнімді өткізу менеджерін дайындайды
050508 - Есеп және аудит Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Есеп және аудит бакалавры Бітіруші түлектер республикалық мемлекеттік органдарда және аймақтық деңгейде, ұйымдарда және кәсіпорындарда бас есепші, есеп беру және аудиторлық жұмыстар, есепті әдістемелеу бойынша экономист, аудитор (аудитор көмекшісі), ғылыми зерттеу институтында есеп пен есеп беру, экономикалық бақылау және аудит сұрақтары бойынша ғылыми қызметкер, жоғарғы оқу орындарында және орта кәсіптік оқу орындарды оқытушы болып жұмыс істей алады.
050509 - Қаржы Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: қаржы бакалавры Мамандандыру: Банк ісі Банк қызметі саласындағы жұмыс бойынша магистр, қаржыгер. ҚР қаржы министрлігі, сақтандыру ұйымдарда, ҚР экономика, банк департаменттері. Қызмет саласы: қаржылық нарық және қаржылық ұйымдар, бағалы қағаздар нарығы, ҚР банктері. Осы мамандықты бiтiрушi маман - ақша-несие және қаржы саласындағы кәсiптiк қызметке дайындалған, қызметiнде өзiнше жұмыс iстеуге қабiлеттi, кез-келген жағдайларда талдау қажет ететiн жерде шешiм қабылдай бiледi. Ол нарықтық экономиканы және банктік қызметтерді қаржылай басқаруды меңгереді.
050509 - Қаржы Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Қаржы бакалавры Мамандандыру: Салық және салық салу Жұмыс орны: қаржы органдары жѕйесiнде жґне бюджеттiк ұйымдарда, салық қызметi органдарында, ҚР қаржы министрлігінде, сақтандыру ұйымдарында, әртүрлi меншiк формасындаµы кәсiпорындар мен фирмаларда. Осы мамандықты бiтiрушi маман - ақша-несие және қаржы саласындағы кәсiптiк қызметке дайындалған, қызметiнде өзiнше жұмыс iстеуге қабiлеттi, кез-келген жағдайларда талдау қажет ететiн жерде шешiм қабылдай бiледi. Ол нарықтық экономиканы және банктік қызметтерді, ақша теориясын, қаржылар, қаржылық бақылау, салық салу жүйесі, кәсiпорын қаржыларын, меңгергереді.
050510 - Мемлекеттік және жергілікті басқару Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Мемлекеттік басқару бакалавры Осы мамандықтағы бакалаврларды дайындау жергілікті деңгейде және заманауи мемлекеттік басқару әдістерінің түрлерін зерттеуді қамтиды. Мамандар ұйымдарда, түрлі деңгейлі мемлекеттік басқару органдарында, қаржы және экономикалық басқару органдарында, жергілікті және орталық мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істей алады.
050511 - Маркетинг Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Маркетинг бакалавры. Оқу барысында студенттер маркетингтік зерттеулер, маркетингті басқару және жоспарлау, коммерциялық кәсіпкерлік негіздері кәсіпорын менеджменті (соның ішінде биржалар, лизингтік фирмалар, туризм және қонақ үй шаруашылығы сфералары) облыстарында жаңаша білім алады. Бітіруші түлектер кеден ісін реттейтін заңдылық негіздерін, сыртқы сауданы ұйымдастыруды, лицензиялауды, квоталауды үйренеді. Біздің түлектердің жұмыс істеу орындары - маркетолог ретінде мамандар, өнеркәсіптік, құрылыстық, сауда және жарнамалық кәсіпорындарда, ассоциацияларда, концерндерде, холдингтерде, шаруашылығы сфераларында және сыртқы экономикалық іс - әрекеттер сферасында жұмыс істейді.
Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады
Институты директоры э.ғ.д., профессор Ниязбекова Роза Калманбаевна 21-36-68
"Экономика" кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Колотаева Людмила Петровна 55-01-93
"Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. Илашева Сауле Ашуровна 21-23-67
"Есеп және аудит" кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. Иманова Гульнара Акимовна 53-68-86
"Банк ісі" кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Бекибаева Шолпан Сейтмаганбетовна 53-68-86
"Салық және салық салу" кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. Кенжалы Турмухамед Дуйсенбаевич 55-01-93
"Маркетинг" кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Бейсенова Мадина Унайбековна 55-01-93
|
|