KAZ
KAZ RUS ENG

Факультеттер

Химия-технологиялық факультеті

Құрылыс машина жасау және көлік факультеті

Агроөнеркәсіп факультеті

Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер факультеті

Экономика және қаржы факультеті

Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті

Спорт және туризм факультеті

Педагогика және мәдениет факультеті

Филология факультеті

Жаратылыстану-педогогикалық факультеті

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті

Шетелдік студенттермен жұмыс жасау факультеті

Сырттай оқыту факультеті

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі
Талапкер 2009
 
ОҚМУ / СТУДЕНТТІК ӨМІР /

СТУДЕНТТІК ӨМІР


      ОҚМУ - бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын  белсенді студент жастар ордасы.  

      Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. ОҚМУ студенттері Қазақстанның басқа да ЖОО арасынан бірінші болып жастардың көзқарасы мен қажеттіліктерін ескеру мақсатында студенттердің құқықтарын қорғау туралы Билль ойлап тапқан.

      Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі.

      Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады.

      Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік "Сенім поштасы" қызмет көрсетеді.

      Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, университет ректоры У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен университетте студент белсенділерінің базасымен, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚМУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Ассамблея студенттері тек университет қабырғасында ғана емес, сонымен қатар қала мен облыста түрлі іс шараларды ұйымдастырумен айналысады. Жалпы айтқанда біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы халықтар Ассамблеясының курсының мақсаты, студенттердің тең құқылы болуын, өз мәдениетінің дамуын, ана тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау болып табылады.

      Академиялық топтардың кураторларына, оқытушы-саясаттанушы-лардан, тарихшылардан, құқықтанушылардан, экономистерден, әлеумет-танушылардан, психологтар мен лекция циклын өңдеп, оқитын лекторлардан құралған студенттерді қоғамдық-саяси тәрбиелеу Кеңесі үлкен әдістемелік көмек көрсетеді. Кураторлар студенттермен және жатақхана тұрғындарымен саяси қоғамдық, патриоттық, интернационалдық, өнегелі-эстетикалық, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттау мақсатына бағытталған жалпы тәрбие үрдісін жүргізеді.

      Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚМУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын "Жасыл ел" штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады.

      Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет институттарында дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықтарының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады.

      Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді.

      Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар "Жас Отан", 3200 студент "Қазақстан студенттерінің Альянсы" атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады. Шымкент қаласындағы аталмыш ұйым өз қатарына 12 жоғарғы және орта білім ордаларын біріктірген Қозғалыс көшбасшылары студенттің құқығын қорғау мақсатындағы жобаларға белсенді қатысады.

      Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын "М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік кәсіподақ комитеті" қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады.

      Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, "Президенттік миля" атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы "Денсаулық" және "Буревестник" спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста "Машат" және "Біргөлік" шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді.

      Университет аймағында, оқу ғимараттарында және жатақханаларда қауіпсіздік пен тәртіп орнату мақсатында 200 студенттен құралған студенттік қауіпсіздік қызметі жұмыс жасайды.

      Үлкен тәрбие жұмыстары біздің студенттер тұратын жатақханаларда жүргізіледі. Жатақханада студенттердің тұрмыстары мен бос уақыттарын ұйымдастыруға бекітілген институт директорлары, аға кураторлар және студкеңес қызмет жасайды. Жатақханаларда кафедра және факультеттегі саяси тәрбиелеуге және мәдени іс-шараларға жаппай қатысуды жақсарту "аптасы" сонымен қатар "Жақсы бөлме", "Жақсы жатақхана" атты жарыстары ұйымдастырылып отырады. Бүгінгі таңда толыққанды өмір сүруге арналған: компьютерлік сыныптар, кітапхана, демалыс бөлмелері, заманауи аудио-бейне техникалары мен тұрмыстық бөлмелерде электр пештері, душтық "Аристон" жабдықтары мен қыздарға арналған арнайы сангигиена бөлмелері және студенттік тамақтану пунктерімен қамтамасыз етілген университет жатақханаларында 1500-ден астам студенттер өмір сүреді.

 

Біздің университетте


ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

ОҚМУ- ДАҒЫ ҒЫЛЫМ

АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ /КІТАПХАНА/

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Талапкер 2009
Жаңалықтар



© ОҚМУ  
Жоба жетекшісі: АТ және ҚО бойынша проректор Умбетов Ө.У.
Техникалық қамтамассыз ету: Сотников А.А.
Байланыс: 160012 Қазақстан Республикасы ОҚО, Шымкент қаласы Тауке-Хана даң. 5