KAZ
KAZ RUS ENG

Факультеттер

Химия-технологиялық факультеті

Құрылыс машина жасау және көлік факультеті

Агроөнеркәсіп факультеті

Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер факультеті

Экономика және қаржы факультеті

Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті

Спорт және туризм факультеті

Педагогика және мәдениет факультеті

Филология факультеті

Жаратылыстану-педогогикалық факультеті

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті

Шетелдік студенттермен жұмыс жасау факультеті

Сырттай оқыту факультеті

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі
Талапкер 2009
 
ОҚМУ / Талапкер 2009 /

Талапкер 2009


М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік   университетінің тарихы мен қазіргі жағдайы

         М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймақтың білім және мәдениет орталығы.

         Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің барлық салаларына арналған мамандар даярланады.

         Университеттің құрамында - 13 институт: Технологиялық институт, Техникалық институт, Агроөнеркәсіп институты, Жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты, Заңтану және халықаралық қатынастар институты, Филология институты, Мұнай және газ институты, Дене тәрбиесі және туризм институты, Жаратылыстану-педагогикалық институты, Ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және энергетика институты, Педагогикалық мәдениет институты, Экономика және қаржы институты, Қашықтықтан оқыту институты, шетел студенттерімен жұмыс жүргізу факультеті, колледж және қоғамдық кәсіптер факультеті бар.

         Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда. Олардың ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясының академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет iстейдi. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған. Осының нәтижесінде кадрлық потенциал күшейтіліп, ғылыми дәрежесі бар оқытушылар үлесі 52%-ға жетті.

ОҚМУ профессор-оқытушылар құрамының кадрлық потенциалы  (ғылыми дәрежесі, атағы бар ПОҚ үлесі, % )

         Университеттің материалдық-техникалық базасы өте бай, атап айтқанда қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және  екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 46 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1700 компьютер, олардың жартысынан көбі - жаңа үлгідегі компьютерлер, 1200 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады. Материалдық-техникалық базаны қайта жабдықтауға және жаңартуға университет 600 млн. теңгеден аса, оның ішінде жаңа құрал-жабдықтар алуға - 300 млн. теңгеден аса қаржы жұмсады. Үстіміздегі жылы университетте конструкциялық және биохимиялық материалдардың аймақтық инженерлік лабораториясы құрылды (қаржыландыру - 200 млн. теңге). 

         Еуропалық стандарттарға сай келетін мұнайды өңдеу, шикі мұнайдың фракциялық құрамын анықтау, мұнай жол битумдерінің реологиялық қасиеттерін анықтауға арналған ең заманауи лабораториялық қондырғылар алынған. Кейбір қондырғылардың Қазақстанда аналогтары жоқ, осылайша мұнай дистилянттарын анық ректификациялау аппараты "Білім беру - 2007" Халықаралық көрмесінде атап көрсетілген.

         ОҚМУ-да 84 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлері бойынша  20 мыңға жуық  студенттер оқиды. Олардың ішінде  7344 студент - мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты.

         Сонымен бірге бұл техникалық мамандықтарға бөлінген мемлекеттік гранттар санының өсуімен байланысты. 2008 жылы біздің университет 2018 грант, ұтып алды, нәтижесінде ОҚМУ гранттар саны бойынша республикадағы 2-ші орынды иеленді.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  мемлекеттік білім беру гранттарын алуының динамикасы

         Қазіргі кезде М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерінің 50%-ға жуығы техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша білім алуда.

Университетте облысымыздың "Интеркомшина" АҚ, "Шымкентцемент" АҚ, "Қазфосфат" АҚ, "ПетроҚазақстан" АҚ, "Меланж" АҚ, Оңтүстік Батыс ауылшаруашылық орталығы сияқты жетекші кәсіпорындарымен бірлесе отырып оқу-ғылыми-өндірістік кешендер құрылған. ОҒӨК-де студенттердің білім алуы қазіргі кездегі оқыту ережелерінен түпкілікті өзгеше болып табылады. Оқу үрдісі студент білім беру бағдарламасы пәндерінің практикалық бөлігін меңгеру барысында практикалық дайындықтың негізгі бөлігін өндіріс жағдайындағы нақты жұмыс  арқылы іске асыратындай етіп ұйымдастырылған.

         Оқу үрдісіне білім берудің заманауи технологиялары енгізілген: кредиттік жүйе, кейс-технология, дәріс берудің интерактивті және инновациялық әдістері. Студенттердің үлгерімдігі 90%-ға жетті, үздік студенттер үлесі 11%-ға дейін артты.

         Қазақстандағы алғашқы ЖОО-лардың бірі болып ОҚМУ-да шет тілінде білім беру енгізілді. Студенттер мен оқытушыларға шет тілдерін тереңдете оқу мүмкіндігін беретін Лингвистикалық орталық ашылды. Бүгінгі таңда 120-дан аса оқытушылар шет тілінде сабақ жүргізеді. 

         ОҚМУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлеледеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. 

         Университет ректорының бастамасымен 2005 жылы  кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын Карьера және маркетинг орталығы ашылды.

         М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті білім мен ғылым, сонымен қатар спорттың орталығы болып табылады. Біздің университет Қазақстан универсиадасының екі дүркін чемпионы, қол добынан Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы болып табылады, волейболдан ерлер командасы жоғары дивизионда екінші жыл қатарынан чемпион.

         2008 жылы Пекинде өткен ХХІХ олимпиадалық ойындарға біздің университетінің 10 студенті лицензия алды. Атап айтқанда, көркем гимнастикадан А.Юсупова, нысана көздеушілер Р.Юнусметов, В.Коваленко, Ю.Юрков, боксшылар Б.Жақыпов пен Е.Шыналиев, еркін күрестен Е.Шалыгина және жеңіл атлетикадан Н.Ивонинская. Олардың ішінен үшеуі жүлделі орындарға ие болып, еліміздің мерейін асқақтатты. Атап айтқанда ауыр атлетикадан А.Важенина күміс, бокстан Е.Шыналиев және еркін күрестен Е.Шалыгина қола жүлдемен оралды.

         Университет ректоры - ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Бишімбаев, әрдайым уақытпен қатар ғана жүрмей, көбінесе алдында жүреді.

         Академик У.Қ.Бишімбаев қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, құрылыс және силикатты материалдар саласы бойынша отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ірі ғалым, талантты педагог, ғылым мен жоғары білім берудегі орны бар қайраткер. У.Қ Бишімбаев ОҚМУ-ға оқытудың кредиттік жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы, оқу-ғылыми-өндірістік кешендер құру, сапа менеджмент жүйесін ендіру сияқты алдыңғы қатарлы оқыту технологияларын енгізудің  бастаушысы болды. Осындай қызметтерінің нәтижесінде университет Қазақстан ЖОО-ры рейтингісі бойынша 3-ші орынды иеленді және У.Қ.Бишімбаевқа 2006 және 2007 жылдары "ЖОО ең үздік ректоры" номинациясы берілді.

         Отандық ғылымды дамыту, жоғары білікті кадрларды дайындау мен қоғамдық жетістіктері үшін У.Қ.Бишімбаевқа "ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері", "ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атақтары берілген. "Құрмет белгісі", "Құрмет" орденімен "Астана", "Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығы", А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен, "ҚР білім беру үздігі", "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Қазақстанның құрметті инженері" белгілерімен марапатталған.

         М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады.

         ОҚМУ-дың бүгінгі таңдағы миссиясы - отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, біздің егеменді еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

 

Біздің университетте


ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

ОҚМУ- ДАҒЫ ҒЫЛЫМ

АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ /КІТАПХАНА/

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Талапкер 2009
Жаңалықтар



© ОҚМУ  
Жоба жетекшісі: АТ және ҚО бойынша проректор Умбетов Ө.У.
Техникалық қамтамассыз ету: Сотников А.А.
Байланыс: 160012 Қазақстан Республикасы ОҚО, Шымкент қаласы Тауке-Хана даң. 5