1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні

29.11.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында «ҚР Тұнғыш Президенті күніне» арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараны университеттің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Ж.Т.Айменов ашты. Өз сөзінде алда келе жатқан мерекемен студент жастарды, оқытушы профессорлар құрамын кұттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. «ҚР Тұнғыш Президенті күні» мерекесіне арналған іс-шара соны «Қоғамдык кәсіптер» факультетінің ұжымының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына жалғасты.