Аккредитация

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті институционалдық және мамандандырылған(бағдарламалық) аккредиттеуден  бірнеше жылдан бері өтіп келеді.

Университет 2013 және 2018 жылдары БСҚА-дан (Білім сапасын қамсыздандыру бойынша Тәуелсіз агенттігі– www.iqaa.kz) институционалдық аккредиттеу аудитінен 5 жыл мерзімге табысты өтті.(https://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/akkreditatsiyadan-tken-zhoo-tizimi).

2014 жылы БСҚА-дан бакалавриаттың 56 мамандығы, магистратураның 40 және PhD-докторантураның 7 мамандығы  аккредиттелді.

2017 жылы БСҚА-дан бакалавриаттың 18 мамандығы, магистратураның 8 және  PhD-докторантураның 7 мамандығы аккредиттелді.(https://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/mamandandyryl-an-ba-darlamaly-akkreditteu )

2019 жылы БСҚА-дан (Білім сапасын қамсыздандыру бойынша Тәуелсіз агенттігі–www.iqaa.kz) бакалавриаттың 58 мамандығы, магистратураның 45 және  PhD-докторантураның 7 мамандығы  аккредиттелді. (https://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/mamandandyryl-an-ba-darlamaly-akkreditteu).

Докторантураның «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасын аккредиттеу Эразмус+ бағдарламасының аясында орындалып жатқан C3QA «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың дамуы» (https://c3-qa.com) жобасы бойынша жүргізілді.

Университеттің бірнеше мамандығы ASIIN (Accreditation Agency Specialised in Accrediting Degree Programmes in Engineering, Informatics, the Natural Sciences and Mathematics – www.asiin.de) германдық агенттігінде аккредиттеуден өткізілді. Қазіргі таңда ASIIN-де аккредиттеу мәртебесіне 13 білім беру бағдарламасы ие(http://www.asiin-ev.de/pages/de/asiin/akkreditierung-studiengaenge/akkreditierte-studiengaenge.php):

бакалавриат

·         Экология;

·         Биотехнология;

·         Азық-түлікөнімдерініңтехнологиясы;

·         Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

·         Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

·         Химия;

·         Баяубалқитын металл емесжәнесиликаттыматериалдардыңхимиялықтехнологиясы;    

магистратура

·         Жеңілөнеркәсіпбұйымдарыныңтехнологиясыжәнеқұрастырылуы;

·         Экология;

·         Биотехнология;

·         Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

·         Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.

ASIIN-де  аккредиттеу нәтижесі бойынша 4 мамандықтың Eurobachelor® сапа белгісі бар:

·         Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

·         Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

·         Химия;

·         Баяубалқитын металл емесжәнесиликаттыматериалдардыңхимиялықтехнологиясы;

2015 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) шеңберінде жүзеге асырылған бейіндік магистратураның «Силикатты материалдар өндірісі», «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» және «Тамақ инженериясы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары химия бойынша еуропалық тақырыптық  желі қауымдастығында халықаралық сараптамадан табысты өтті (ECTN). 

2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) шеңберінде жүзеге асырылған  бейіндік магистратураның «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық технологиялары», «Заманауи құрылыс материалдары», «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиялары» білім беру бағдарламалары, сонымен қатар  бакалаврдың «Минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеу» бағдарламасы  ҚР БҒМ 204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын орындау үшін әзірленген ECTN-да халықаралық сараптамадан өтті.Бұл бағдарламаларға ChemicalTechnologyEuromaster®жәнеChemistryEurobachelor®сапа белгілері берілген.