Аккредитация

М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің  институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өту тәжірибесі бар.  

2013 және 2018 жылдары университет Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінен (БСҚА - www.iqaa.kz) 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеуден сәтті  өткен (https://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/akkreditatsiyada...).

2014 жылы  Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде бакалавриат бойынша 56 мамандық, магистратура бойынша  40 мамандық және   PhD – докторантура бойынша  7 мамандық аккредиттелді (http://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/mamandandyryl-an-ba-darlamaly-akkreditteu?start=2 ).

2017 жылы  Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде бакалавриат бойынша 18  мамандық, магистратура бойынша  8  мамандық және   PhD – докторантура бойынша  7 мамандық аккредиттелді (http://iqaa.kz/kz/akkreditteu-zh-ninde-sheshimder/zhoo/mamandandyryl-an-ba-darlamaly-akkreditteu?start=2 ).

Университеттің бір қатар мамандықтары германдық агенттігінде ASIIN (Accreditation Agency Specialized in Accrediting Degree Programmes in Engineering, Informatics, the Natural Sciences and Mathematics – www.asiin.de)  аккредиттелген. Қазіргі уақытта  ASIIN агенттігінде аккредиттелген мәртебесіне бакалавриат бойынша 9  мамандық, магистратура бойынша  7  мамандық ие (http://www.asiin-ev.de/pages/de/asiin/akkreditierung-studiengaenge/akkreditierte-studiengaenge.php?suchbegriff=auezov&siegel=&staat=&fachausschuss=&suchtyp=einfach) :

  1. 5В060800  –  Экология;
  2. 5В070100 –  Биотехнология;
  3. 5В072700 –  Азық-түлік өнімдерінің технологиясы;
  4. 5В072100 –  Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
  5. 5В072000 –  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;
  6. 5В060600 –  Химия;
  7. 5В075300 –  Балқуы қиын бейметалл жəне силикатты материалдардың химиялық технологиясы;    
  8. 5В072600 - Жеңіл өнеркəсіп бұйымдарының технологиясы жəне құрастырылуы;
  9. 5В073300 – Тоқыма материалдар технологиясы жəне жобалау;
  10. 6М060800  –  Экология;
  11. 6М070100 –  Биотехнология;
  12. 6М072100 –  Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
  13. 6М072000 –  Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;
  14. 6М060600 –  Химия;
  15. 6М072600 - Жеңіл өнеркəсіп бұйымдарының технологиясы жəне құрастырылуы;
  16. 6М073300 – Тоқыма материалдар технологиясы жəне жобалау.

ASIIN агенттігінде аккредиттеу нәтижесі бойынша 4 мамандықта Eurobachelor®, 2 мамандықта EUR-ACE® сапа белгісі бар (http://www.asiin-ev.de/pages/de/asiin/akkreditierung-studiengaenge/akkreditierte-studiengaenge.php?suchbegriff=auezov&siegel=&staat=&fachausschuss=&suchtyp=einfach ). 

2015 жылдың қазан айында  профильдік магистартураның «Силикатты материалдарды өндірісі», «Көпкомпонентті минералды тыңайтқыштар синтезі» және «Азық-түлік тағамдар қауіпсіздігі және технологиясы»  білім беру бағдарламалары, Мемлекеттік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының (МИИДБ-2) аумағында  іске асырылатын, химия бойынша еуропалық тақырыптық желі қауымдастығы (ECTN) жүргізген халықаралық сараптамадан  сәтті өтті.

2017 жылдың сәуір айында Мемлекеттік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының (МИИДБ) аумағында  іске асырылатын, профильдік магистратураның     «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық технологиялары», «Заманауи құрылыс материалдары», «Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің қауіпсіз технологиялары» білім беру бағдарламалары, сондай-ақ  "Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кадрлармен қамсыздандыру", ҚР БЖҒМ 204  бюджеттік бағдарламаның орындалуы үшін жасалған «Минералды және техногенді шикізатты өңдеу» бакалавр бағдарламасы  ECTN – де халықаралық сараптамадан өтті. Аталған бағдарламалар Chemical Technology Euromaster®  және Chemistry Eurobachelor® сапа белгілерін иеленді.