ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ жаңалықтары

Ұлы халықтың – ұлы Абайы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 2019 жыл 11 желтоқсан күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның қадірлі қонағы болып жас ақын Дәурен Айманбетов пен университет аға тәлімгері Бейсебаев Сембай Дайрабайұлы қатысты. Қазақ халқының санасын серпілткен ұлы ақын Абайдың қара өлеңдері мен қара сөздерін тыңдаушылар тамаша мәнермен жатқа оқып, әсем әндерін шырқады.

Жатақхана ханшайымы - 2019

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік колледжі мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының ұйымдастыруымен №6 жатақханада 10.12.2019 күні «Жатақхана ханшайымы - 2019» сайысы өткізілді. Сайысқа №6 жатақханада тұратын колледж бен дайындық орталығының студенттері мен тыңдаушылары қатысты. Байқауда Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры С.А.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛІДІ!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі  және дайындық орталығының   ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында 29 қараша күні «Қазіргі Қазақстан Елбасының көшбасшылығының сабақтары» тақырыбында кездесу болып өтті.  Жиынға Елбасының курстасы және 4 жыл бірге қызмет жасаған Сапарбаев Ермантай  мен  1958-1960 жж Украина Днепродзержинский қаласындағы №8 Техникалық училищеде «Домна пештері»  мамандығы бойынша Елбасымен бірге білім алған Спаев Тельман қатысты.  Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап,   болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.  Сонды

«Жазықсыз жапа шеккен атпал азамат»

Жуырда Түркістан облысы Шымкент қаласында «Ұлт. Рух» қоғамдық бірлестігі мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының архивінде белгілі қоғам қайраткері, Оңтүстіктің төл перзенті, саяси қуғын-сүргін құрбаны С.Үсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жазықсыз жапа шеккен атпал азамат» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қонақтары болып М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-дың колледжі мен Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы, оқытушылары мен тыңдаушылары қатысты.

Ұлағатты ұстаздар игілікті іс бастады

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың колледжі мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында көп жылдар бойы студент жастарға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беруден жалықпаған, бүгінде зейнет жасындағы Қ.Мырзабеков, А.Әбді және Ж.Мәлібеков секілді ұлағатты ұстаздарымыз және колледж директоры С.Әлібектің бастамасымен №13 оқу ғимаратының ауласына қарағай ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Жастарды табиғатты қорғауға, және оған жанашырлық танытуға арналған бұл іс-шара, алдағы уақытта өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

«Қарттарымызды қадірлейік, жас буын!»

Еліміздің ертеңін, болашағын терең ойлаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев былтырғы жолдауында «2019 жыл–жастар жылы» деп жариялады. Бұл игі бастамалар мемлекетіміздің өркендеуіне ерекше ықпалын тигізіп отыр.

«Ана – тіршіліктің тірегі»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «8 – наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Ана – тіршіліктің тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік         іс-шараны 6-биология тобының тәлімгері С.Арапбаева мен топ тыңдаушылары ұйымдастырды.

«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы»

Еліміздің ертеңін, болашағын терең ойлаған Елбасымыз өткен жылғы жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Осы игі бастаманы қолдаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы   14 ақпан күні №6 жатақханада тыңдаушылар мен студенттер арасында кеш ұйымдастырды. Кеш қонақтары болып тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директоры С.Мәжінбеков, университет аға тәлімгері С.Бейсенов және колледж директоры С.Әлібек қатысты.

М. Мақатаев және табиғат лирикасы

2019 жылдың 8 ақпан күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу дейінгі дайындық орталығында шетелден келген тыңдаушылардың қатысуымен ақиық ақын, поэзия мұзбалағы – Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармашылық жолымен танысу мақсатында үлкен іс-шара өткізілді.

Іс-шараны 9-география тобының тәлімгері Г.Сейдахметова мен 1-физика тобының тәлімгері Ғ.Қасымхан ұйымдастырды. Іс-шарада ақынның қара өлеңдері мен өлең сөздеріне жазылған әндері шырқалды.

«Түркістан – өркениет пен мәдениет бесігі»

Жуырда ОҚМУ колледжі мен ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Түркістан – ұлы даланың рухани ордасы» атты кездесу кеші өтті. Кешке белгілі жазушы, тарихшы М. Әбдәкімұлы, облыстық өзбек этномәдени орталығының төрағасы И. Хашимжанов, университет аға тәлімгері С.Бейсенов, студенттер мен оқытушылар қатысты.

Беттер