Департамент жаңалықтары

Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі

Әлемдік тәжірибелерді саралап қарар  болсақ, педагог кадрлардың кәсіби даярлығы сапалы білім беру ісінің басты кепілі ретінде қаралады. Оқытудың заманауи технологияларын шебер меңгеріп, оны кәсібилікпен ұштастыра алатын оқытушының жаңа тұлғасын қалыптастыру қазіргі күннің көкейктесті мәселесі.

Заманауи оқыту технологиялары

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздегі білім беру жүйесіне де тың серпін берді. Жахандану дәуірінде Қазақстандық білімнің әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасуы  сөзсіз құбылыс. Әрине бұл орайда, жоғары мектеп өз саласына тиесілі бірқатар міндеттерді шешуге қабілетті  болуы тиіс. Оның ішінде оқытушы-профессорлық құрамның үздіксіз біліктілігін арттырып отыру да  өте маңызды.

Кәсіби біліктілікті арттыру уақыт талабы

Қазіргі таңда университетімізде оқытушы-профессорлық құрамының кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді механизмдерін ұсыну іс-шараларын белсендіру аясында бірқатар жұмыстар атқарылып отыр. 29.10-9.11.2018ж.

Жолдауға қолдау көрсетеміз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айқындалған «Назарбаев университетінің» тәжірбесін насихаттауды жүзеге асыру мақсатында және университетіміздің 75 жылдық мерейтойы құрметіне 12.10.2018ж. «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті «Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының әкімшілік қызметкерлері мен оқытушы-профессорлық құрамына арналған «Академиялық бағдарламаларды даярлау» тақырыбындағы тәжірибелік семинары болып өтті.

Кәсіби әрптестік аясында

Университетіміздің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында, 2018 жылдың 12 қазаны күні «Назарбаев университеті» Дербес білім беру ұйымы мен Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті «Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының әкімшілік қызметкерлері мен оқытушы-профессорлық құрамына арналған «Академиялық бағдарламаларды даярлау» тақырыбындағы тәжірибелік семинары өтеді.

    Семинардың басталу уақыты: сағат 10-00, Бас ғимарат, мәжілістер залы.

Эпиграф

2018 жылдың 25 қыркүйегінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттінің  Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығы мен «Эпиграф» баспа үйі бірлесіп оқу процесіне мультимедиялық электронды басылымдарды практикалық қолдану бойынша семинар-тренинг өткізді. Семинарға кафедра меңгерушілері мен пән мұғалімдерін қосқанда 16 адам қатысты. «Эпиграф» баспа үйінің директоры Павел Гриценко сөз  сөйледі.

ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ДАМЫТУ

Үстіміздегі жылдың 18.06-31.08.2018ж. мерзімі аралығында университеттің 15 оқытушысы 2016-2019жж.

Бос орындар жәрменкесі

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да  2018 жылғы 18 мамырда «Жас маман-2018» бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Биылғы оқу жылында университетімізді 86 мамандық бойынша 4256, күндізгі бөлімді – 2918; сырттай - 1191, кешкі – 147 түлек бітіргелі отыр.

Жәрмеңкенің мақсаты университеттің бітіруші түлектеріне жұмысқа орналасуына көмек көрсетіп,  түлектерді жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру.

Пән мен тілді кіріктіре оқыту

2018 жылдың 4 мамыр күні 10-00 уақытта М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті мен Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы бірлесіп университеттің мәжіліс залында «Пән мен тілді кіріктіре оқыту» атты  ақпараттық семинар өткізді.  Семинарда 180-нен астам қатысушылар болды.

HILL Corporation

27 наурыз 2018 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы кафедрасын бітіруші түлектері және магистранттарын жұмысқа орналастыру мақсатында Қазақстандағы бір ғана мотор майын өндіруші HILL Corporation зауытының технологы Д. Эгамбердиева және HR қызметінің басшысы Г Сыздықовамен кездесу өткізілді.

Беттер