Департамент жаңалықтары

International Education Fair — 2018

2018 жылы 22, 23қаңтарда Риксос Хадиша Отель (Шымкент қ.)  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің  және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы орталағының - Халықаралық білім беру көрмелерін өткізу аясында  «International Education Fair — 2018»  халықаралық білім көрмесі өткізілді, онда шамамен 100 шетелдік ЖОО, білім беру агенттіктері және Қазақстанның отандық жоғары оқу орындары қатысты.

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Үстіміздегі жылдың 12.06-28.08.2017.

«Дуальді білім беру жүйесі – кадрларды тәжірибеге бағдарлап дайындау»

2017 жылдың 24 мамырында сағат 11-00де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында жұмыс берушілер өкілдері мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ОҚО өкілдерінің қатысуымен «Дуальді білім беру жүйесі – кадрларды тәжірибеге бағдарлап дайындау»  атты дөңгелек үстел өтеді.

«Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру»

27-28 сәуірде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де жаңашыл педагогтардың Халықаралық форумы өтті. Білім беру кеңістігінде бәсекелестікті арттыруды ескере отырып, халықаралық трендке сәйкес, оқытудың алдыңғы қатарлы әдістері мен технологияларын жасау қажеттілігі көзқарасы тұрғысынан «Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты форумының тақырыбы өзекті.

Кәсіби практиканы ұйымдастыру және жүргізу

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті, Іс-тәжірибе және ОҒӨК бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 29.04.2016ж. сағат 1100 және 1500 факультет, жоғары мектеп және кафедралар бойынша іс-тәжірибеге жауапты тұлғаларға “Кәсіби практиканы ұйымдастыру және жүргізу” тақырыбында семинар өткізілді.

Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен кәсіби әріптестік

Университетімізде ел өндірісіне орта буын мамандарын даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру  мекемелерінің  инеженер-педагог кадрларының біліктілігін арттыру, олардың әдістемелік және тәжірибелік білімдерін байыту бойынша әріптестік қолдау көрсету  бағытында көптеген игі шаралар атқарылауда.

Назарбаев универсиеті Білім беру жоғары мектебінің ассистент-профессоры Нетти Бойвиннің (Nettie Boivin) қатысуымен семинар-тренинг өткізілді

2016 жылы наурыздың 17-ші жұлдызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі Департаментінде Назарбаев универсиеті Білім беру жоғары мектебінің ассистент-профессоры Нетти Бойвиннің (Nettie Boivin) қатысуымен ағылшын тілінде сабақ жүргізетін оқытушылар үшін «CLIL - Issue and application in a trilingual context» «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту - үш тілді білім беру мәнмәтініндегі мәні және мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг  өткізілді.

Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде

 Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне, оның проблемалары мен перспективаларына арналған «Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде» тақырыбындағы семинар-кеңес 2016 жылдың 5 сәуір күні университеттің  мәжілістер залында болып өтті.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

05.04.2016ж. күні сағат 9.30-13.30 аралығында университеттің мәжілістер залында бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудағы шараларды түсіндіру мақсатында Қазақстан Ұлттық Экономика Министрлігі, «Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі және М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастыруымен  «БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ» тақырыбында семинар-мәжіліс өтеді.
Семинар-мәжіліс қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.

Сілтеме

Жас оқытушыларға арналған оқыту әдістемелік семинары

14.03.2016  - 17.03.2016 ж  аралығында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, әдістемелік бөлімі университеттің жас оқытушыларына арналған әдістемелік семинар өткізді. Семинар бағдарламасында: оқытудың белсенді және инновациялық әдістерін қолдану, соның ішінде: практикалық (семинарлық), зертханалық сабақтарда кейс-әдістерін, іскерлік ойындарын, топтық жобаларды, «миға шабуыл» және т.б. әдістерді қолдану.   
Семинарға 8 факультеттер мен 4 жоғары мектептерден 116 жас оқытушылар қатысты.

Беттер