Департамент жаңалықтары

Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде

 Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне, оның проблемалары мен перспективаларына арналған «Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде» тақырыбындағы семинар-кеңес 2016 жылдың 5 сәуір күні университеттің  мәжілістер залында болып өтті.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

05.04.2016ж. күні сағат 9.30-13.30 аралығында университеттің мәжілістер залында бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудағы шараларды түсіндіру мақсатында Қазақстан Ұлттық Экономика Министрлігі, «Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі және М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастыруымен  «БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ» тақырыбында семинар-мәжіліс өтеді.
Семинар-мәжіліс қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.

Сілтеме

Жас оқытушыларға арналған оқыту әдістемелік семинары

14.03.2016  - 17.03.2016 ж  аралығында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, әдістемелік бөлімі университеттің жас оқытушыларына арналған әдістемелік семинар өткізді. Семинар бағдарламасында: оқытудың белсенді және инновациялық әдістерін қолдану, соның ішінде: практикалық (семинарлық), зертханалық сабақтарда кейс-әдістерін, іскерлік ойындарын, топтық жобаларды, «миға шабуыл» және т.б. әдістерді қолдану.   
Семинарға 8 факультеттер мен 4 жоғары мектептерден 116 жас оқытушылар қатысты.

«British council»

2016 жылы ақпан айынының 29 жұлдызы күні Ұлыбритания елшілігі жанындағы «British council» Халықаралық ұйымы, «Өрлеу БАҰО» АҚ және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің бірлесе ұйымдастыруымен  жоғары оқу орындарының,  жалпы орта мектептердің оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларға арналған  «Оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көзқарастар: пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» тақырыбындағы конференция болып өтті.

ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

23 ақпан 2016ж күні Жаратылыстану-педагогикалық, 24 ақпан 2016ж күні Филология факультеттерінде және 02 наурыз 2016ж күні Дене тәрбиесі және спорт факультетінің «Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен  әдістемесі» кафедрасында студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибелерінің қорытынды конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Конференцияға академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры С.П. Назарбекова, директордың орынбасары М.М. Нарманов және іс-тәжірибе және ОҒӨК бөлімінің жетекшісі С.Р. Ермеков, іс-тәжірибе база басшылары, факультет декандары, оқытушылары мен студенттер қатысты.

Беттер