Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультет жаңалықтары

Ұлт тірегі – Елбасы

30.11.17ж күні №6 жатақханада Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті тыңдаушыларының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлт тірегі – Елбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік кешті факультет аға тәлімгері А.Жанбай ашып берді.

Достық пен ынтымақтастықтың символы

Жуырда Түрікменстан Республикасының еліміздегі елшілігінің бірінші хатшысы Н.Таганов, осы елшіліктің консулдық бөлімінің өкілі Н.Худайназаров жұмыс сапарымен қаламызда болып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да түрікменстандық студенттермен кездесті. Біздің Шетел студенттері факультетінде білім алатын олар халқымыздың тарихына, салт-дәстүріне құрметпен қарап, ана тілімізді де игеруге күш салуда.

«Жас талант» - 2017

23.11.2017ж  күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да дәстүрлі факультетаралық «Жас талант» -2017 байқауы өз мәресіне жетті. Талантты студент жастардың өнер әлеміне барар жолдағы алғашқы баспалдағы іспетті бұл байқаудың берері мол. Өйткені мұндай сайыстарда топ жарған жас таланттар университетіміздің намысын облыстық, республикалық деңгейлердегі өнер сайыстарында қорғауға мүмкіндік алады.
Жалпы 4 кезеңнен тұратын осынау байқауға белсене қатысқан біздің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің өнерлі өрендері де жүлдесіз қалған жоқ.

Облыстық айтыстан олжалы оралды

Айтыс – халқымыздың төл өнері. Қазақтың қара домбырасын жанына серік етіп, жыр додаларында жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болып жүрген болашағынан зор үміт күттіретін жас айтыскер ақындар біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде де аз емес.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің 2017-2018 оқу жылындағы І-курс студенттерімен кездесуі

Жуырда Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті 2017-2018 оқу жылында І-курсқа қабылданған факультет студенттерімен арнайы кездесу өткізілді. Кездесуге факультет деканы тарих ғылымдарының докторы Сейдахан Әлібек Нұрмаханұлы, университеттің халықаралық бөлімінің меңгерушісі Тұрымшаева Арида, тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Айтимбаев Мақсат және тіркеу офис бөлімі басшысының орынбасары Бағлан Үсенұлы, тіркеу офисі бөлімінің маманы Базарбеков Бақберген, бас маман Н. Абилхайыров, факультет аға тәлімгері А.

«Студенттік алғашқы белес» - 2017

Таяуда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студенттік алғашқы белес -  2017» атты арнау концерті жоғары деңгейде өтті.

Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым

Жуырда біздің  Шетел студенттермен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде  «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» атты патриоттық ән кеші өтті. Кешке факультетіміздің бас маманы Н.Абилхайыров пен аға тәлімгер А.Жанбай, университеттің тәрбие ісі жөнінен және жастар саясаты департаментінің маманы  Г.Орынбекова, студенттер мен тыңдаушылар қатысты.

Алаш идеясы – «Мәңгілік Елдің» ұйытқысы

Күні кеше Абай атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қаламыздағы Қуғын-сүргін құрбандары мұражайында Алаш идеясы- «Мәңгілік Елдің ұйытқысы» атты тағылымды кеш өтті. Осынау кешке біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары мен оқытушылары да белсене қатысты.

Рухани достықтың дәнекері

Күні кеше Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен оқу орнымыздың 7-корпусында «Қазақстан мен Түрікменстан: бейбітшілік пен даму жолындағы ынтымақтастық» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тағылымды іс-шара өтті. Түркіменбашының елімізге ресми сапарына тұспа-тұс келген бұл шараның ашылу салтанатында сөз алған университетіміздің проректоры Сембиев пен факультетіміздің деканы, тарих ғылымдарының докторы С. Әлібек футбол турнирі мен түркімен күресі сайысының жеңімпаздарын марапаттады.

Тарихымызды қастерлеу – ұрпақ парызы

Таяуда факультетіміздің 6-география және 8-шығармашылық тобының тыңдаушылары өңіріміздегі Саяси –қуғын құрбандарына арналған мұражайға барып қайтты. Атажұртқа алыстан білім қуып келген қандастарымыз шара барысында зұлматты жылдар зобалаңы хақында мәліметтер алып, сталиндік  қуғын – сүргіннің құрбандары туралы толыққанды мәліметтер алды. Мұражайдың ғылыми қызметкері Ғ.Қасымбек жастарды мұражайдың тыныс-тіршілігімен таныстырып, оңтүстіктің, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Үсенов секілді белгілі қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы тағылымды әңгімелер айтты.

Беттер