Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультет жаңалықтары

Мұрағат – тарих айнасы

2018 жылы 10 сәуір күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты «Сырдария округіндегі тәркілеу науқанына қатысты құжаттар жинағы» және «Түркістан өлкесіндегі оқу-ағарту ісі» атты құжаттар мен материалдар жинақтарымен таныстыру кеші өтті.

БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің акт залында 2018 жылғы  13-наурызда факультет тыңдаушылары мен оқытушылары қатысуымен   Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  “ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС  ӘЛЕУМЕТТІК  БАСТАМАСЫ” атты халыққа үндеуін насихаттау іс-шарасы өтті.

Сен өзіңді ойлағаннан да мықтысың, оят өзіңді!

02.03.18ж факультетіміздің акт залында университет жанынан ашылған «Психологиялық көмек көрсету» орталығының мамандарымен «Сен өзіңді ойлағаннан да мықтысың, оят өзіңді!» тақырыбында мотивациялық семинар өтті. Семинарға психологиялық көмек көрсету орталығының жетекшісі Айтжанова Гүлнар, бас мамандары Дайырова Айзат және Стаева Айгерім қатысты. Семинарды Айтжанова Гүлнар ханым өз баяндамасымен ашып берді.

Қызым үйде - қылығы түзде

2018 жылдың  ақпан  айының 22 күні факультетіміздің «Қыз Жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен №6 жатақханада «Қызым үйде - қылығы түзде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  «Ақылды қыз білімге жүгінер, ақымақ қыз сөзге ілінер» дегендей, қазақ қызын абыройсыздықтан сақтаумен қатар, қыз тәрбиесіне баса мән берген. Қоғамымыздағы бұл түйткілді мәселе де осынау іс-шараның өтілуіне себеп болып отыр.     

Дамудың жаңа мүмкіндіктері

2018 жылдың ақпан айының 22-жұлдызында Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары тұратын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің №6 жатақанасының акт залында факультеттің оқытушылары мен тыңдаушылары қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысу  отырысы болды.

Дін мен дәстүр –тәрбие бастауы

Таяуда факультетімізде «Дін мен дәстүр –тәрбие бастауы» атты танымдық кеш өтті. Аталған іс-шараға өңіріміздегі «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің қызметкері, дінтанушы Халықов Медет Мұзапбарұлы, теолог маман Құралай Даниярқызы Жулшиева және «Қарабура» мешітінің найб имамы Серік Балтабаев, университетіміздің аға тәлімгері Сембай Бейсенбаев, студенттеріміз бен тыңдаушыларымыз, оқытушылар қауымы қатысты.

Жасампаздыққа бастайтын Жолдау

11.01.2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын талқылау өтті.

Тәуелсіздік – тұғырым

7.12.2017ж облыстық Ардагерлер үйінде Шетел студеттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті тыңдаушыларының ұйымдастырылуымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тірегім» атты мерекелік концерт өтті.
Өнерлі жастарды бастап барған факультет ағатәлімгер: А.Жанбай ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, тәуелсіздігіміздің тарихы мен бүгінгі жетістіктерімізге тоқталды.

Мұражай – ұлтымыздың рухани ордасы

13.12.2017ж  Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – шетелден келген қазақ жастарын өңіріміздің тамаша табиғатынан бастап, кешегісімен бүгінгі тарихынан сыр шертетін мұражайдағы бағалы жәдігерлерін насихаттау болатын.

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік »

Қазақстанның тәуелсіздігіне 26 жыл толуына байланысты желтоқсанның 8-і күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

 Кеш Қазақстанның әнұранымен ашылған соң, факультетіміздің бас маманы Н.Абилхайыров жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады.

Беттер