Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультет жаңалықтары

«Студенттік алғашқы белес» - 2017

Таяуда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студенттік алғашқы белес -  2017» атты арнау концерті жоғары деңгейде өтті.

Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым

Жуырда біздің  Шетел студенттермен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде  «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» атты патриоттық ән кеші өтті. Кешке факультетіміздің бас маманы Н.Абилхайыров пен аға тәлімгер А.Жанбай, университеттің тәрбие ісі жөнінен және жастар саясаты департаментінің маманы  Г.Орынбекова, студенттер мен тыңдаушылар қатысты.

Алаш идеясы – «Мәңгілік Елдің» ұйытқысы

Күні кеше Абай атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қаламыздағы Қуғын-сүргін құрбандары мұражайында Алаш идеясы- «Мәңгілік Елдің ұйытқысы» атты тағылымды кеш өтті. Осынау кешке біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары мен оқытушылары да белсене қатысты.

Рухани достықтың дәнекері

Күні кеше Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен оқу орнымыздың 7-корпусында «Қазақстан мен Түрікменстан: бейбітшілік пен даму жолындағы ынтымақтастық» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тағылымды іс-шара өтті. Түркіменбашының елімізге ресми сапарына тұспа-тұс келген бұл шараның ашылу салтанатында сөз алған университетіміздің проректоры Сембиев пен факультетіміздің деканы, тарих ғылымдарының докторы С. Әлібек футбол турнирі мен түркімен күресі сайысының жеңімпаздарын марапаттады.

Тарихымызды қастерлеу – ұрпақ парызы

Таяуда факультетіміздің 6-география және 8-шығармашылық тобының тыңдаушылары өңіріміздегі Саяси –қуғын құрбандарына арналған мұражайға барып қайтты. Атажұртқа алыстан білім қуып келген қандастарымыз шара барысында зұлматты жылдар зобалаңы хақында мәліметтер алып, сталиндік  қуғын – сүргіннің құрбандары туралы толыққанды мәліметтер алды. Мұражайдың ғылыми қызметкері Ғ.Қасымбек жастарды мұражайдың тыныс-тіршілігімен таныстырып, оңтүстіктің, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Үсенов секілді белгілі қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы тағылымды әңгімелер айтты.

«Ана – сен бақыттысың!»

6-наурыз күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде өнерлі жастардың ұйымдастыруымен «Ана – сен бақыттысың!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Көктемнің көрікті мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған бұл кешке факультетіміздің студенттері мен тыңдаушылары, оқытушылары мен оқу орнымыздың тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің бас маманы Гүлжан Орынбекова қатысты.

«Арай-2017» байқауының жеңімпазы – Серікхан Арай

Шымкент қаласында облыстық опера және балет театрында «Арай - 2017» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілер байқауы болып өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкері Қуанышбек Мұқанғалиев төрағалық еткен байқауда, қазылар алқасының құрамында әнші Шаһизада Байпатшанова, эстрада жұлдызы Бағлан Жолдасов сынды мәдениет қайраткерлері болды.
Бұл жолғы байқаудың ерекшелігі, республикалық, халықаралық деңгейдегі өнер байқауларының лауреаттары мен мәдениет майталмандары облыстың аудан-қалаларында болып,  үміткерлерді іріктеуден өткізді.

Мұқағали поэзиясына арналған әдеби-музыкалық кеш

Жуырда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына  дейінгі дайындық факультетінде ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – поэзия мұзбалағы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешке Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ақын Ә.Әліп, Абай атындағы орталық кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Р.Сұлтанбек, оқу орнымыздың тәрбие бөлімінің бас маманы Г.Орынбаева, оқытушылар мен тыңдаушылар қатысты.

Жаңарудың жарқын жолы

Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Елбасымыздың биылғы жылғы халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау өтті.

Үміт сыйлаған Үндеу

Жуырда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде оқытушылар арасында Елбасымыз Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылау өтті.

Беттер