Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультет жаңалықтары

«Тербет елді тәуелсіздік ұраны»

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында факультетіміздің өнерлі өрендері Абай атындағы кітапхана ұжымымен бірлесе отырып, «Тербет елді тәуелсіздік ұраны» атты әдеби-музыкалық кешін өткізді. Кешті мерзімді басылымдар залының кітапханашысы  Назира Сейтжанова жүргізіп, кеш қонақтарын таныстырды. Өз кезегінде кеш қонағы Абай ауданы  әкімі аппаратының  мәдениет бөлімінің бастығы Арынғазиев Бауыржан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен  кеш қонақтарын, оқырмандарды құттықтап, Қазақстан Республикасының әлем қауымдастығы алдында мерейі әрдайым осылай үстем болуын тіледі.

Қарттарым, аман-саумысың?

«Қариясы бар елдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан «үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» көрсетудің маңызы аса зор деп білеміз. Күні кеше, 30-қарашада біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дацындық факультетінің өнерлі өрендері қалалық қарттар үйіндегі қамкөңіл қариялардың тыныс-тіршілігімен танысып, қайырымдылық концертін қойып қайтты.

«Білім берудің тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі» атты онлайн бейнеконференцияның өткізілуі туралы

Қазақстанның XXІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет –  білімді, тәрбиелі, ақыл-парасаты мол ұрпақты жетілдіру.

«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» әдеби- музыкалық кеш

Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, қарашаның 29-ы күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде әдеби-музыкалық кеш болып өтті.
25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келгенімізді, осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін әрқашан дәріптейміз.

Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңының негізгі ережелерін студенттер арасында түсіндіру

2016 жылы 9 қараша күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық фаультетінде ОҚО Көші-Қон басқармасының полиция майоры Т.Оспанов, университетіміздің аға тәлімгері С.Дайрабайұлы және жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі бас маман Б.Ермековтің қатысуымен "Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңының негізгі ережелерін студентер арасында түсіндіру" тақырыбында кездесу өткізді.

Студенттік алғашқы белес-2016

2016 жылдың 31 қазанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студенттік алғашқы белес -  2016» атты арнау концерті жоғары деңгейде өтті. Кешті факультетіміздің деканы тарих ғылымдарының докторы Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы және университеттің аға тәлімгері Бейсенов Сембай Дайрабайұлы ашып берді.

Беттер