«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік »

Қазақстанның тәуелсіздігіне 26 жыл толуына байланысты желтоқсанның 8-і күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

 Кеш Қазақстанның әнұранымен ашылған соң, факультетіміздің бас маманы Н.Абилхайыров жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады.

Кеш барысында тыңдаушылардың әндері мен күйлері, туған жерге деген ыстық ықылас өлеңдері тыңдармандарды тәнті етті. Әсіресе,  9-шығармашылық тобының Метербай Бағашар мен Сламғазы Елестің өлеңдері, Нұржанат пен Қайсардың орындауындағы «Туған жерге тағзым» тақырыбы бойынша айтыс өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөледі. Сонымен қатар, тыңдаушыларға ұсынылған желтоқсан шежіресі туралы бейне-жазба тарихтан сыр шертіп, жастардың болашаққа нық сеніммен қарауына ықпалын тигізді.