Факультет туралы

Факультет деканы

Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы

тарих ғылымдарының докторы

Мекен - жайы: Қ. Рысқұлбеков көшесі №1,

№ 13 ғимарат

Байланыс телефоны: 21-33-47; Факс: 21-01-41

e-mail: fis.ukgu@mail.ru

WWW: htpp://www.ukgu.kz

Жалпы мәлімет

Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде 29.12.2004 жылы құрылды.

2012 жылдың 1 қазан айынан факультеттің атауы «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті» болып өзгертілді. Қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының арасында атажұрттан алыс шалғайда жүрген қазақ диаспора өкілдері, оралман қандастарымыз бен шетел азаматтарын оқытатын бірден-бір факультетке айналды.

ФАКУЛЬТЕТТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – заман талабына сай және тиімділігі дәлелденген жоғары оқу орнына дейінгі дайындықтың біртұтас жүйесін құру.

Факультет 11 пән бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және кешендік тестілеуге дайындық жұмыстарын жүргізеді. Факультетте мектеп (лицей, гимназия және колледж)  бітірушілеріне арналған  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,  математика, Қазақстан тарихы, жалпы тарих, география, қазақ әдебиеті, физика, химия, биология, және т.б. таңдаған мамандыққа сәйкес арнайы пәндерді оқытатын дайындық курстары жұмыс істейді.

Факультет төрт бағытта жұмыс атқарады:

  1. Шетелдегі қазақ диаспора өкілдеріне арналған дайындық бөлімі;
  2. Күндізгі бөлімде оқитын шетелдік студенттермен жұмыс жүргізу;
  3. Шетел азаматтарына арналған ақылы негіздегі дайындық курстар;
  4. Облыс пен қала мектеп бітірушілеріне арналған дайындық курсы.

Кәсіби бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу мақсатында Дүниежүзі қазақтар  қауымдастығымен, көрші елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен, оралмандарды бейімдеу орталығы және көші-қон басқармасымен тығыз байланыс орнатылған. Факультетте Ресей, Қытай, Түркия, Сирия, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Түрікменстан, Германия елдерінің азаматтары білім алуда.

Әр пән бойынша оқыту және ағымдағы тестілеу мемлекеттік стандарттың ұлттық орталығы дайындаған тест материалдары негізінде жүргізіледі. Факультет ерекшеліктерінің бірі - шетел азаматтары мен шет елде тұратын қазақ ұлтының өкілдеріне жеңілдіктер қарастырылған.

Шет елден келген қазақ диаспорасы мен тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан 1400 орын бөлініп, оның 200-300-і дайындық бөлімде білім алуда. Осыған байланысты тыңдаушылар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылдары оқуға түскен тыңдаушылардың үлестік көрсеткіші 85-90 пайызды құрайды.

Шет елдегі қазақ диаспора өкілдеріне арналған дайындық курстарының жұмысы қазан айынан басталады. Дәрістер ұлттық бірыңғай тестілеуге

кіретін 11 пән бойынша жүргізіледі. Тыңдаушыларға ай сайын мемлекет тарапынан шәкіртақы беріледі, сонымен бірге тегін оқулықтармен, жатақханамен қамтамасыз етіліп, университеттің спорт залдарында және ғаламтор желісінде жұмыс жасауға мүмкіндік берілген.

Оқу-тәрбие жұмысы университеттің 11 факультетінде күндізгі бөлімде оқитын студенттер арасында жүргізіледі. Шетелдік азаматтарға визалық көмек көрсету және тіркеу факультет тарапынан Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі уақытта факультетте 13 елден келген 700 ден астам студент білім алуда.

Факультетте шетел азаматтарына арналған ақылы негізде оқытатын дайындық курсы бар. Оқу мерзімі – 6 ай. Ақылы дайындық курсында оқуға тілек білдерген шетел азаматтарына  орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, жалпы тарих сабақтары оқытылады. Мұнда  Сирия, Түркия, Түрікменстан, ҚХР, Тәжікстан, Ираннан келген шетел азаматтары білім алуда.

Облыс, қала мектептерін бітіруші түлектері мен оқушылар арасында да бұл дайындық бөлімдер кеңінен танымал. Қала мектептерінен тәжірибелі де білікті ұстаздар шақырылып, оқу сапасын көтеруге септігін тигізіп отыр. Дайындық бөлімінде мектеп оқушыларын қазақ тілі, Қазақстан тарихы математика,  география,  химия, биология, физика, әдебиет, жалпы тарих, шет тілі пәндері оқытылып, ҰБТ-ға және кешенді  тестілеуге дайындайды. Дайындық курсынан дәріс алған тыңдаушылардың басым бөлігі жоғары оқу орындарының грант иегері атанып жүр.

Ақылы дайындық курсының басты мақсаты:

  • шетел азаматтарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге дайындау;
  • шетел азаматтарына визалық көмек көрсету.

Негізгі функциялар мен міндеттері

  • Қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосуға қабілетті студент жастардың
  • жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
  • Факультеттің мақсаттарын орындау келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
  • факультет студенттерінің қоғамдық-белсенді ортасының бірлігі мен тұтастығын сақтау;
  • шетел студенттерімен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу, оларды әртүрлі халықтардың мәдениеті, әдет-ғұрыптары, өмір сүру салтымен, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілерімен, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру;
  • тыңдаушыларды дайындауда университет кафедрасымен бірлескен жұмыстар жүргізу;
  • ОҚМУ-дың тыңдаушылары мен студенттер құрамын жинақтау үрдісіне қатысу, оқушылар мен тұрғындар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

Профессор-оқытушылар құрамы

Факультеттің дайындық бөлімінде ғылым кандидаттары, магистрлер мен тәжірибелі оқытушылар қызмет етеді. Тыңдаушылардың білім дәрежесін арттыру үшін барлық пәндер бойынша модульді технология, оқытудың интербелсенді әдісі, виртуалды жұмыстар және ашық сабақтар өткізіледі.

Студенттік өмір

Шетелдік студенттер факультетіміздің шығармашылық іс-шараларына да белсене қатысады. Олар өздерінің өнері мен төл туындылары арқылы ерекше қабілеттерін танытуда. Олардың өнері  БАҚ-тарда, телеарналарда көрсетіледі.

Шетел студенттерін университетіміздің қоғамдық өміріне тартуға үлкен көңіл бөлінеді. Факультет студенттері республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Факультет талантты жастарды тәрбиелеп, университеттің жетістіктерін толықтыруда.

Мәселен, ИФК-13-к1 тобының студенті өзбекстандық Әміралиев

Атабек күрес спортының түрі дзюдо бойынша халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Әмәлият Арқалық, Нұрлыбек Есімбек, Тұрсын Шынарбек  (ҚХР) сынды тыңдаушыларымыз бірнеше рет түрлі мүшәйраларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Шет елде өмір сүріп жатқан қандастарымыз ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тілін және мәдениетін сақтап келе жатқанын осында білім алып жатқан ұрпақтары да дәлелдеп жүр. Мәселен, Қытайдан келген жастар қазақтың «Қара жорға» биін, халық ән-күйлерін шебер орындайды. Қазақ тілінің қаймағын бұзбай сақтаған осы жастар әдебиетке бір табан жақын екендіктерін де байқатуда. Ал моңғолиялық ағайындар ұлтымыздың ою-өрнегінің байырғы нұсқаларын әкеліп, қолөнер жәдігерлеріміздің еселенуіне үлес қосып келеді.

Факультетте студенттік деканат ұйымдастырған белсенді студенттерден құралған студенттік кеңес жұмыс істейді. Онда жатақхана тынысы, шығармашылық өмір, студенттердің маңызды мәселелері, денсаулығы жайлы мәселелер талқыланып отырады.