Факультет туралы

Орталық басшысы

Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы

тарих ғылымдарының докторы

Мекен - жайы: Қ. Рысқұлбеков көшесі №1, № 13 ғимарат

Байланыс телефоны: 21-33-47; Факс: 21-01-41

e-mail: fis.ukgu@mail.ru

WWW: htpp://www.ukgu.kz

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми кеңесінің шешімімен 2002 жылдың 14 қазанында жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын орталық құрылды. 2004 жылы қазан айында Орталыққа халықаралық қатынастар бөлімінің шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған  дайындық курстары мен күндізгі бөлімде оқитын шетелдік студенттер контингенті қосылып, шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультет ретінде қайта ұйымдастырылды.

2012 жылы 1 қазаннан факультет атауы «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті» болып өзгертілді.

Орталық пен факультетті әр жылдары Ш.Нартбаев, А.Бәйдібекова, А.Демеуов, П.Омарқұлов басқарды.  Бүгінгі таңда 2009 жылдың қыркүйегінен бұл қызметті тарих ғылымдарының докторы, профессор Сейдехан Әлібек атқарып келеді.

2018 жылдың тамыз айынан осында оқып жүрген шетел студенттері университеттің халықаралық қатынастар бөлімінің қарамағына берілді. Ал жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі жоғары оқу орнына дейінгі дербес Орталық болып қайта құрылды.

Орталық үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:

  • шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған дайындық курстары;
  • шетел азаматтарына арналған ақылы негіздегі дайындық курстары;
  • облыс пен мектеп бітірушілеріне арналған дайындық курстары.

 Орталық ұжымы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен, көршілес елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен, оралмандарды бейімдеу орталықтарымен, ішкі істер басқармасының көші-қон бөлімімен тығыз байланыс орната отырып, кең көлемдегі кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп келеді.

Осының нәтижесінде орталықта оқитын тыңдаушылар жылдан жылға артып отырды. Егер 2005-2006 оқу жылында не бары 100 тыңдаушы болған болса, 2017-2018 оқу жылында олардың саны 250-ге жетті. Орталықта дайындықтан өткен тыңдаушылардың 80 пайыздан астамы мемлекеттік грантқа ие болып, жоғары оқу орындарына түсіп келді.

Орталықта даярлықтан өтіп, жоғары оқу орындарына түсіп, оны бітірген шетелдік қазақ жастарының басым көпшілігі тарихи отанында қалып, Қазақстанның өсіп өркендеуіне өздерінің үлесін қосып келеді.