Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі

Бөлім жетекшісі

Рысдәулетов Райымберді Аманұлы

т.ғ.к., доцент

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

бас ғимарат, 212 каб.

Жұмыс телефоны: 30 12 35

Ұялы телефоны: 8702 454 24 20, 8707 554 24 20

эл.почта: raimberdi-67@mail.ru

Ақпараттық  хат

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің қызметі:

Академиялық мәселелер жөніндегі Департаменттің Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі университет профессор-оқытушыларының, әкімшілік басқару және оқу-қосалқы құрамының біліктілігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Аталған контингенттің кәсіби біліктілігін курстар, семинарлар, мастер-кластар және тағылымдамалар аясында жоғарылатуын шұғыл, әрі сапалы қанағаттандырады.

Мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының теориялық даярлық барысындағы алған білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін нығайту және қалыптастыру, білім беру саласына жаңашыл, озық әдістерді, тәжірибелерді ендіру, оқытушылардың ғылыми ізденушілігіне жағдайлар тудырып, оның қорытындыларын оқыту процесінде тиімді қолдануына қолдау көрсету болып табылады.

Біліктілікті жоғарылату курстары университет профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін, педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіруге арналған. Тыңдаушылар біліктілікті жоғарылату курстарында қазіргі заманғы білім берудің инновациялық технологияларын жете меңгеріп, алған білімдерін тәжірибелік қолданудың озық және тиімді әдістерімен танысады. Білім беру концепцияларына негізделген инновациялық технологияларды қолдана білуге дағдыланады және өзара әдістемелік тәжірибелерді кеңінен насихаттайды. Біліктілікті жоғарылату курстарының жұмыс оқу бағдарламалары заманауи фундаментальді психологиялық және педагогикалық ғылымдарға, инновациялық технологияларға және білім беру концепцияларына негізделген.

Бөлім қызметкерлері:

Мырзатаева Гульнар Сейдиновна

ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің

жоғары білікті маманы

Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ,

бас ғимарат, 212 бөлме.

Жұмыс телефоны: 301235

Ұялы телефоны: 8701 791 73 27

эл.почта: gulnarmir@mail.ru

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі  жоғары оқу орындарының, колледждердің  оқытушы-профессорлық құрамын   және өндіріс орындары мен мекемелердің қызметкерлерін төмендегі бағыттар бойынша   ұймыдастырылатын курстарда біліктілігін арттыруға шақырады:

  • мамандықтар бойынша;
  • арнайы тақырыптық курстар (1 қосымша);
  • Республикалық оқу-әдістемелік секциясының  Оқу-әдістемелік бірлестігінің 7 мамандығы бойынша ұйымдастырылатын курстар (2 қосымша).

Біліктілікті арттыру курстарының оқу процесінде заманауи оқыту әдістері,  жаңашыл педагогикалық технологиялар мен оқу-әдістемелік материалдар кеңінен пайдаланылады. Тыңдаушылардың теориялық және практикалық тұрғыдан білімдерін жетілдіруде университеттің әлеуетті мен материалдық-техникалық базасының мүмкіндігі мол.

Біліктілікті жоғарылату курстарының жұмыс оқу бағдарламасы 72 (36) сағатқа жоспарланған, сабақтар тыңдаушылардың жеке жұмыс бағдарламасына сай және топтар бойынша жүргізіледі

Біліктілікті жоғарылату курстарының тыңдаушыларына  бекітілген үлгідегі  сертификат  беріледі.

Оқу ақысы – 23 000 тенге  (72 сағ.); 12000 тенге  (36 сағ.)

Тыңдаушыларды  курсқа қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі: оқуға жіберуші мекеменің қатынас хаты; өтініш (арнайы үлгіде толтырылады); жеке куәлік (көшірмесі); оқу ақысын төлегені туралы түбіртек.

Реквизиттер: ҚР БжҒМ «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, РНН 582100003432, ИИК KZ81998STB0000109568,  БИК ТSESKZKA,  БИН 990240005557, «Цеснабанк» АҚ ОҚФ, КБЕ16.

Мекен жайымыз: Шымкент қ., Тәуке хан көшесі,5, Бас ғимарат, 207 каб.  Байланыс телефоны 8 (725)2 30-12-35.

 

«ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар

Әдістемелік семинар кезіндегі қызу пікір-талас

Тыңдаушыларға сертификаттар тапсыру