Хабарландыру!

Сипаттама

«Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» Бағдарламасы үлгісінде жүзеге асырылатын, 2018 жылы жоғары оқу орнын бітіретін дарынды түлектерді іздеу, іріктеу және оқыту бастамасы туралы хабарлайды.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттерін «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуға шақырамыз.

Ең дарынды 20 студенттен тұратын команданы құру үшін, Қазақстанның барлық аймағындағы түлектерді тартуға мүдделіміз. Хас шебер болып, қызмет жолын Қазақстан Республикасының ең үздік ұлттық компанияларынан бастауды қалайтын 2018 жыл түлектері (бакалавриат, магистратура) бағдарламаға қатыса алады.

«Жас Өркен» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің негізінде оқыту іс-шарасы өтеді. Бағдарламаның міндетті компоненті – 2 жыл бойы компания топ-менеджерлерінің жетекшілігімен Қор компанияларының бөлімшелерінде бес айдан тағылымдама өту. Байқау жеңімпаздарына ай сайын шәкіртақы, тағылымдамадан өтетін жеріне жететін жолақы және күнкөріс қаражаты төленеді.

Байқау шарттары мен қатысушыға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат www.skcu.kz/zhasorken сайтында.

Қызығушылық танытқан 2018 жыл түлектерін 24 қараша сағат 15:00-де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің акт залында «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің өкілдері өткізетін таныстыру шарасына келесі сілтеме арқылы (https://goo.gl/forms/UAr5yYNqlPAETx162 ) тіркелуге шақырамыз

Ақпараттық үнпарақтар осы хатқа тіркелген.

Құрметпен,

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті

Start Date - End Date

Nov 23rd, 2017 - Nov 23rd, 2017

Start Time - End Time

12:30 pm - 12:30 pm

Event Location

Cost

Категория

Тэгтар

Organizer

Phone

Email

Share This