Құрметті жас талапкер!

Қазақстан азаматы болып табылмайтын диаспора өкілдерін КЕШЕНДІ тестілеуге дайындық курсы

Құрметті жас талапкер!

Сен жоғары оқу орнына түскің келсе, Қазақстанда білім алғың келсе, дайындық курсына кел!

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шет елдегі қазақ азаматтарын 2017-2018 оқу жылына арналған ЖАҢА ФОРМАТТА дайындық курсына шақырады!

Дайындық курсына қабылданған азаматтар 17 807 теңге көлемінде шәкіртақымен (стипендия) қамтамасыз етіледі. Оқу мерзімі 9 ай.

Дайындық курсында оқу ТЕГІН жүргізіледі.

Дайындық курсына қабылдануға

қажетті құжаттар:

1)    Төлқұжат көшірмесі

2) Орта мектепті (11-сынып) және     колледжді бітіргені жөніндегі білім туралы құжаттың түп нұсқасы;

3)    3х4 көлемдегі фотосурет 4 дана;

4)    Тұрғылықты жерінен анықтама;

5)    086/У формадағы медициналық      анықтама;

6)    Өтініш.

Барлық сұрақтар мен анықтамаларды төмендегі мекен-жайдан алуға   болады: Шымкент қ. Қ.Рысқұлбеков к.  №1 үй.     М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 13-ғимараты

   Облыс пен қала мектеп бітірушілеріне арналған ҰБТ-ға ақылы дайындық курсы

Дұрыс таңдау, Сапалы білім мен баянды болашақ бізбен бірге!!!!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті  2017-2018 оқу жылына екі тілде (қазақ және орыс тілі) ҰБТ-ға және кешенді тестілеуге ЖАҢА ФОРМАТТА төмендегі пәндер бойынша дайындық курсына оқушыларды шақырады.

ҰБТ-ға және кешенді тестілеуге кіретін  пәндер:

  • Қазақ тілі                                             Математика
  • Қазақстан тарихы                              Орыс тілі    

Таңдау пәндері :

Физика                             Биология                    Жалпы тарих  

Химия                               География

Мемлекеттік оқу орнының  оқу ғимаратының, заман талабына сай жабдықталған оқу кабинеттерінде, сабақты ҰБТ-ға дайындаудан тәжірибесі мол жоғарғы санатты мектеп мұғалімдері мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқытушылары жүргізеді.

Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Қ.Рысқұлбеков көш.1А.

3- қабат

Байланыс телефондары:8-(7252)-21-33-47.

8-701-771-01-59  Асхат        8-747-188-68-71 Индира

Шетел азаматтарына арналған ақылы негіздегі дайындық курсы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсы 2017-2018 оқу жылына Шетел азаматтарына арналған ақылы негізде оқытатын дайындық курсы талапкерлер шақырады.

Ақылы дайындық курсының басты мақсаты:

  • шетел азаматтарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге дайындау;
  • шетел азаматтарына визалық көмек көрсету.

 Оқу мерзімі – 6 ай.

Оқу ақысы – 173 000 теңге                   

Ақылы дайындық курсында оқуға тілек білдерген шетел азаматтарына  орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, жалпы тарих пәндерінен сабақтар жүргізіледі. Қазіргі таңда мұнда  Сирия, Түркия, Түрікменстан, ҚХР, Тәжікстан, Ираннан келген шетел азаматтары білім алуда.

Қабылдау бөлімі тел: 8 /7252/ 21-33-47. Электронды почта: fis.ukgu@mail.ru немесе www.ukgu.kz сайтынан біле аласыздар.