М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің 2017-2018 оқу жылындағы І-курс студенттерімен кездесуі

Жуырда Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті 2017-2018 оқу жылында І-курсқа қабылданған факультет студенттерімен арнайы кездесу өткізілді. Кездесуге факультет деканы тарих ғылымдарының докторы Сейдахан Әлібек Нұрмаханұлы, университеттің халықаралық бөлімінің меңгерушісі Тұрымшаева Арида, тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Айтимбаев Мақсат және тіркеу офис бөлімі басшысының орынбасары Бағлан Үсенұлы, тіркеу офисі бөлімінің маманы Базарбеков Бақберген, бас маман Н. Абилхайыров, факультет аға тәлімгері А. Жанбай және студенттік кеңес мүшелері мен барлық факультеттердегі  І-ІІІ курс шетел студенттері қатысты.
Жиында алғаш болып сөз алған факультет деканы С. Әлібек, жиналған студенттерді 2017-2018 жаңа оқу жылдарымен құттықтады. Сонымен қатар университетімізге алғаш қадам басып отырған І курс студенттеріне университетіміздің және факультетіміздің тарихымен кеңінен таныстырып өтті.
Факультеттің І-курс студенттерін университетіміздің ішкі тәртіп ережесімен және оқу процесімен, сонымен қатар шетел азаматтарының ҚР-на келіп-кету, ел аумағында жүріп-тұру, миграциялық ережелермен (виза ашу, тіркеу және т.б.) таныстыру үшін жиынға арнайы шақырылған мамандарға сөз кезегі ұсынылды.
Халықаралық бөлім меңгерушісі А. Тұрымшаева шетелден келген  студенттерге ҚР-ның аумағына келгенннен кейін міндетті түрде өз бөлімдерін ескертіп тіркеуге тұру міндеттілігін, визаның, тіркеудің мерзімдерін өткізіп алмауды, олай болған жағдайда ҚР-ның заңдарын бұзған болып табылатындығын сол үшін үнемі халықаралық бөліммен тығыз байланыста болу қажеттігін ескертіп өтті.
Университеттің тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Айтимбаев Мақсат студенттерді университеттің және жатақхананың ішкі тәртіп ережелерімен кеңінен таныстырып өтті.
Тіркеу бөлімінің маманы Б. Базарбаеков университетіміздің оқу процесі кредиттік технология жүйесінде екендігін және кредиттік жүйенің тиімді тұстары, мәні мен маңызы туралы  кеңінен студенттерге баяндап берді.