Магистратура

  •  
    1. Жалпы ережелер

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары

    1. Жалпы ережелер

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
    Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

    Магистратураға және докторантураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    Мынадай емтихандар бойынша: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFLITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-basedTest (TOEFLIBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); неміс тілі: Deutsche Sprachprьfungfur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefrancaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

    Магистратураға және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 03 шілдеден 25 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандары 08 тамыздан 16 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.

  •  
    2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

    2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

    Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
    Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.

    Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
    1) ұйым басшысының атына өтініш;
    2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
    3) шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
    4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
    5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
    6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
    7) жеке куәлігінің көшірмесі;
    8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

    Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

    Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
    1) ұйым басшысының атына өтініш;
    2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
    3) жеке куәлігінің көшірмесі;
    4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
    5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
    6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
    7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
    8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
    9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

  •  
    3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

    3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

    Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

    1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

    2) мамандықбойыншатапсырады.

    Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

    1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);

    2) мамандық бойынша тапсырады.

    Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.

    Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

    Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

    Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

    Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

    Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

    Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

  •  
    4. Магистратураға және докторантураға қабылдау

    4. Магистратураға және докторантураға қабылдау

    Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

    Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

    Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

    Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар

    95-100

    Өте жақсы (5)

    90-94

    85-89

    Жақсы (4)

    80-84

    75-79

    70-74

    Қанағаттанарлық (3)

    65-69

    60-64

    55-59

    50-54

    0-49

    Қанағаттанарлықсыз (2)

  •  
    5. Мамандықтар тізімі

    5. Мамандықтар тізімі

    Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы 54 магистратура мамандығы және 19 докторантура мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары бар.

    Докторантура мамандықтарының тізімі

    Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 3 ғимарат, 204 кабинет, Телефон: 8-7252-30-01-69



    Магистратура білім беру бағдарламасының атауы
    1 7M01110 Педагогика және психология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    2 7M01111 Педагогика және психология (бейіндік 1,5 жыл)
    3 7M01112 Педагогика және психология (бейіндік 1 год)
    4 7M01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    5 7M01211 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (бейіндік 1,5 жыл)
    6 7M01212 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (бейіндік 1 год)
    7 7M01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    8 7M01311 Бастауш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (бейіндік 1,5 жыл)
    9 7M01312 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (бейіндік 1 год)
    10 7M01430 Бейнелеу өнері және сызу (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    11 7M01450 Кәсіптік оқыту (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    12 7M01451 Кәсіптік оқыту (бейіндік 1,5 жыл)
    13 7M01452 Кәсіптік оқыту (бейіндік 1 год)
    14 7M01510 Математика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    15 7M01520 Физика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    16 7M01521 Физика (бейінді 1,5оқыту тілі ағылшын тілінде)
    17 7M01531 Информатика(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    18 7M01532 Информатика (бейінді 1,5оқыту тілі ағылшын тілінде)
    19 7M01533 Информатика (бейіндік 1 год)
    20 7M01540 Химия (бейінді 1,5оқыту тілі ағылшын тілінде)
    21 7M01541 Химия (Научно-педагогическое) 2 год
    22 7M01560 География (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    23 7M01561 География (бейінді 1,5)
    24 7M02140 Кескіндеме (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    25 7M02170 Дизайн (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    26 7M02220 Тарих (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    27 7M02222 Тарих (бейіндік 1 год)
    28 7M02230 Археология және этнология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    29 7M02310 Филология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    30 7M03120 Саясаттану (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    31 7M03122 Саясаттану (бейіндік 1,5 жыл)
    32 7M03130 Психология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    33 7M03210 Кітапхана ісі  (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    34 7M03211 Кітапхана ісі  (бейіндік 1,5 жыл)
    35 7M03212 Кітапхана ісі  (бейіндік 1 год)
    36 7M04110 Экономика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    37 7M04112 Экономика (бейіндік 1 жыл)
    38 7M04120 Менеджмент (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    39 7M04122 Менеджмент (бейіндік 1 жыл)
    40 7M04130 Есеп және аудит  (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    41 7M04132 Есеп және аудит (бейіндік 1 жыл)
    42 7M04140 Қаржы. (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    43 7M04142 Қаржы (бейіндік 1 жыл)
    44 7M04160 Маркетинг (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    45 7M04162 Маркетинг (бейіндік 1 жыл)
    46 7M04170 Іскерлік әкімшілік ету (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    47 7M04172 Іскерлік әкімшілік жүргізу (бейіндік 1 жыл)
    48 7M04212 Құқықтану (бейіндік 1 жыл)
    49 7M04213 Қылмыстық-процестік қызметі (бейіндік 1 год)
    50 7M04214 Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    51 7M04215 Кәсіби азаматтық-құқықтық қызмет (бейіндік 1 год)
    52 7M04216 Ғылыми азаматтық-құқықтық қызмет (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    53 7M04217 Қылмыстық құқық және криминология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    54 7M04218 Қылмыстық құқық бейіндік (бейіндік 1 год)
    55 7M05110 Биология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    56 7M05120 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    57 7M05121 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік(бейіндік 1,5 жыл)
    58 7M05122 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік(бейіндік 1 жыл)
    59 7M05123 Биотехнология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    60 7M05124 Биотехнология (бейіндік 1,5 жыл)
    61 7M05125 Биотехнология (бейіндік 1 жыл)
    62 7M05210 Экология(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    63 7M05211 Экология (бейіндік 1,5 жыл)
    64 7M05212 Экология (бейіндік 1 жыл)
    65 7M05220 География (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    66 7M05222 География (бейіндік 1 жыл)
    67 7M05310 Физика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    68 7M05410 Математика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    69 7M06110 Информатика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    70 7M06120 Ақпараттық жүйелер (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    71 7M06130 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    72 7M06140 Математикалық және компьютерлік модельдеу (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    73 7M07112 Өндірістегі автоматтандыру және басқару (бейіндік 1 жыл)
    74 7M07120 Машинажасау (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    75 7M07122 Машинажасау (бейіндік 1 жыл)
    76 7M07130 Көлік, көліктік техника және технологиялар (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    77 7M07132 Көлік техникасын техникалық пайдалану(бейіндік 1 жыл)
    78 7M07150 Электроэнергетика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    79 7M07152 Электрэнергетика(бейіндік 1 жыл)
    80 7M07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    81 7M07161 Бейорганикалық қышқылдар, тұздар және тыңайтқыштардың инновациялық технологиялары(бейіндік 1,5 жыл)
    82 7M07162 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    83 7M07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы  (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    84 7M07171 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (бейіндік 1,5 жыл)
    85 7M07172 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (бейіндік 1 жыл)
    86 7M07173 Мұнайхимия (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    87 7M07174 Мұнайхимия (бейіндік 1,5 жыл)
    88 7M07175 Мұнайхимия (бейіндік 1 жыл)
    89 7M07182 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) (бейіндік 1 жыл)
    90 7M07183 Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының технологиялық машиналары мен жабдықтары(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    91 7M07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    92 7M07192 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы(бейіндік 1 жыл)
    93 7M07212 Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кезінде басқару(бейіндік 1 жыл)
    94 7M07213 Ұңғымаларды күрделі жағдайда бұрғылау(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    95 7M07214 Мұнайгаз ұңғымаларын тұрғызу (бейіндік 1,5 жыл)
    96 7M07215 Мұнай және газ кен орындарын игерудің заманауи әдістері (бейіндік 1 жыл)
    97 7M07220 Металлургия ғылыми-педагогикалық (бейіндік 1,5 жыл)
    98 7M07221 Металлургия оқу нысаны (бейіндік 1,5 жыл)
    99 7M07222 Металлургия(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    100 7M07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    101 7M07231 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы(1,5)
    102 7M07232 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (1 год)
    103 7M07240 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы (ғылыми педагогикалық)(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    104 7M07241 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы ( 1,5 год)
    105 7M07243 Азық түлік өнімдерінің технологиясы(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    106 7M07244 Азық -түлік өнімдерінің технологиясы (1,5 год)
    107 7M07245 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (1 год)
    108 7M07252 Тамақ инженериясы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі (бейіндік 1,5 жыл)
    109 7M07253 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиялары(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    110 7M07255 Жануарлардан алынатын өнімдердің технологиясы (бейіндік 1 жыл)
    111 7M07260 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    112 7M07310 Сәулет (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    113 7M07320 Құрылыс (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    114 7M07322 Құрылыс (бейіндік 1 жыл)
    115 7M07340 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    116 7M07342 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі (бейіндік 1 жыл)
    117 7M07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    118 7M07511 Стандартттау және сертификаттау (салалар бойынша)  (бейіндік 1,5 жыл)
    119 7M07512 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) (бейіндік 1 жыл)
    120 7M07513 Метрология(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    121 7M07514 Метрология (бейіндік 1,5 жыл)
    122 7M07515 Метрология (бейіндік 1 жыл)
    123 7M10210 Әлеуметтік жұмыс (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    124 7M11112 Туризм  (бейіндік 1 жыл)
    125 7M11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    126 7M11212 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (бейіндік 1 жыл)