М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

 

  •  
    Журнал жайлы
    2001 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері, Научные труды ЮКГУ им. М.Ауэзова» ғылыми журналы  шығарылады. Журнал Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінде  №2226-ж (13.08.2001 ж.)  және ISSN 2522-4026 нөмірі ISSN Халықаралық орталығында (Париж, Франция)  тіркелген.

    «М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері, Научные труды ЮКГУ им. М.Ауэзова» техникалық ғылымдар;  информатика, ІТ – технологиясы; педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар; жаратылыстану ғылымдары, тіршілік туралы ғылым;  жер туралы ғылымдар, агроөнеркәсіп кешені;  экономикалық ғылымдар;  заң ғылымдары бағыттары бойынша ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар және өндіріс өкілдерінің ғылыми-практикалық немесе артықшылық сипаттағы ғылыми зерттеулерінің жетістіктері мен нәтижелері жарияланады. Онда ғылыми мақаланың төменде көрсетілген тақырыптық бағыттарға қолданбалы және іргелі зерттеудің өзекті мәселелері бойынша аналитикалық, шолулық, талқылаулар мен мәселелер бойынша ғылыми мақалалар жарияланады.
    Журнал ғылыми қызметкерлердің барлық тобына, жоғары және орта оқу орындары мен мектеп оқытушыларына, өндіріс өкілдеріне, мамандар мен магистранттар, РhD докторанттар, инвестициялық және коммерциялық құрылымдарға арналған.
    Журналда мақаланың жариялану мүмкіндігі туралы шешім М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми кеңесі бекіткен эксперттердің ( эксперттер шешімі) шешімі негізінде ұсынылады.
    Жариялау тілі – қазақша, орысша және ағылшынша;
    Шығару мерзімі- жылына 4 нөмір.

  •  
    Редакторлар

    Бас  редактор – Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы ,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры,  т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі
    Редактор – Назарбек Ұлжалгас Бакытқызы , Ғылыми –зерттеу басқармасының директоры
    Техникалық  редактор – Усебаева Гульнара Лесовна, ҒЗБ  техникалық ғылымдар бөлімінің
    бас маманы

  •  
    Редколлегия 

    Сатаев М.И. – төрағаның орынбасары, ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор, ҰҒА корреспондент мүшесі; Горяинов К.К. – з.ғ.д., профессор, Рессей Федералды қызметінің жазасын орындау  ҒЗИ, Ресей; Дырка Стефан – э.ғ.д., профессор, экономика ғылымдарының докторы, Верхнесилез экономикалық университеті, Польша; Меор Мохаммед Фаред – ассоциациялық профессор, Путра университеті, Малайзия; Олден Антонй - академик, Лондон Батыс университетінің есептеуші техника және технология мектебі, Ұлыбритания; Кемал Окуян М.Д. - профессор, Балыкесир университеті, Түркия; Мохд Хасан Бен Селамат - PhD докторы, профессор, Малайзия университеті, Малайзия; Ивахненко Алехандр- PhD докторы, директор, Мұнай зерттеу орталығы, Heriot-Watt университеті, Шотландия; Елизавета Фаслер - PhD докторы, профессор, Басел университеті, Австрия; Петров В. - доктор, профессор, Левон Католик университеті, Бельгия; Радюк Светлана - PhD докторы,  ассоцияциялық профессор, Оңтүстік әдістемелік университеті, АҚШ; Славинская Н.А. - бас ғылыми қызметкері, неміс аэрокосмостық агенттігі, Германия; Жонго Ок - PhD докторы, профессор, Сеул ұлттық техникалық университеті, Корея, Беккерман М. - профессор, Ньюрски университеті, АҚШ; Крючкова О.Ю. -  ф.ғ.д., профессор, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, Ресей; Марфенин Н.Н. - б.ғ.д., профессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей; Бишімбаев У.Қ. - т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан; Жұрынов М.Ж -  х.ғ.д., профессор,  ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан; Айменов Ж.Т. – т.ғ.д., профессор; ҚР ҰЖҒА академигі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  Қазақстан; Молдабеков Ш.М. – т.ғ.д., профессор, ҚР ҰИА, Қазақстан; Надиров Н.К. – х.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан;  М.Әуезов атындағы ОҚМУ; Жекеев М.К. - т.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ; Кулымбетова А.Е. – п.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ; Қалыбекова А.А. - п.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ; Мұсаева Н.Р. - филос.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ; Мырзахметов М. - ф.ғ.д., профессор, Қазақстан; Назарбекова С.П. – х.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ; Ташимов Л.Т. – т.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ;  Таймасов Б.Т. - т.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ; ОҚМУ; Волненко А.А. - т.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ; Тлеулов Э.М. – п.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Маймаков Ғ.Қ. – т.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ..

  •  
    Авторларға

    Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:
    1. Баяндама мәтіні Microsoft Word редакторының мәтініндеTimes New Roman қарпімен терілуі қажет, қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, жаңа жол бойынша шегініс – 1,25 см,
    2. Беттің параметрі: А4 форматында, беттің жақтауы – 2 см, сол жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы – 2 см.
    3. Баяндаманың жалпы көлемі, таблица, суреттер мен әдебиеттер тізімін қосқанда – 5 беттен аспауы керек.
    4. Баяндама тақырыбы қысқаша және мазмұнымен сәйкес болуы керек.
    5. Қазақ тіліндегі баяндама үшін резюме және summary, орыс тіліндегі баяндама үшін түйін және summary, ағылшын тіліндегі баяндама үшін түйін және резюме міндетті түрде.
    6. «М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері, Научные труды ЮКГУ им. М.Ауэзова»   ғылыми журналының редакциясы баяндама мәтінінің  көлемін өз бетінше қысқартуға құқылы.
    7. Баяндамада міндетті түрде автор туралы мәлімет көрсетіледі: А.Ж.Т., ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, поштаның толық мекен жайы, телефон нөмірі(үй, жұмыс, ұялы сымтетік), факс, e-mail адресі.
    8. Баяндама төлем ақысы – 3500 тенгені құрайды.

    Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады
    1.Сол жақ шетіне - ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу)көрсетіледі,
    2.Автордың (лар) А.Ж.Т.,
    3.Қызметі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, мекеме атауы, қала.
    4.Баяндама тақырыбы. (баяндама тілі бойынша).
    5.Баяндама аңдатпасы (баяндама тілі бойынша).
    6.Кілттік сөздер (10- сөзге дейін).
    7.Баяндама мәтіні, Әдебиеттер тізімі.
    8.Түйін (түйіннің көлемі 5-7 сөйлемнен аспауы керек). Жарияланатын баяндама қазақ тілінде болса - орыс және ағылшын тілінде, баяндама орын тілінде болса – қазақ және ағылшын тілінде, баяндама ағылшын тілінда болса – қазақ және орыс тілдерінде болады.
    9.Автор (лар) туралы мәлімет: аты- жөні тегі, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі; қызметі немесе мамандығы; жұмыс орны (мекеменің немесе оқу орнының атауы); телефон нөмірі (үй, жұмыс, ұялы сымтетік), факс, e-mail адресі.

  •  
    Жариялым этикасы

    Редакторлардың міндеттері
    Редакторлар журнал сапасын арттыруда белсенді жұмыс істеуі қажет. Олар ұсынылған мақалалардың қайсысы жариялануға жіберілетіні туралы шешім қабылдауға жауапты. Редакторлар журналдың халықаралық редакциялық коллегиясы саясатына сәйкес қызмет етеді және  сәйкес заңдарға бағынады.
    Редакторлар және редакция ұсынылған мақалалар мен қолжазбалар туралы мәліметтерді автор, рецензент, редакциялық алқаның өзге мүшелері мен баспагерден басқа ешкімге жарияламауы тиіс.
    Авторлардың міндеттері
    Тәртіпке сәйкес, авторларға бір мақаланы бірнеше журналға жариялауға болмайды және олар ұсынып отырған зерттеу жұмыстарының айрықша екендігін растап, жұмысында өзге авторлар еңбегін қолданған жағдайда бұл мәліметтерді тырнақша алуы немесе ерекшелеп көрсетуі қажет.
    Зерттеуге үлес қосқан барлық тұлғалар авторлар тізіміне енуі тиіс.
    Автор ұсынған жұмысында қателер немесе сәйкессіздіктерді байқаған жағдайда тез арада редакторға немесе баспагерге хабарлағаны жөн.

  •  
    Соңғы басылым
    № 1 (40) 2017
    №2 (41) 2017
  •  
    Мұрағат
    2014
    2015
    2016
  •  
    Байланыс
    Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 203 каб.
    Телефон: +7 (7252) 21-06-48,   Факс: +7 (7252) 21-19-89 E-mail: srd-sksu@ mail.ru