Университет жаңалықтары

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 598817-EPP-1-2018-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPEEIHSR «Жылдам темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым» жобасы аясындағы бірінші мониторингте қатысуы.

2019 жылдың 24 мамыр айында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы базасында (Алматы қ.) 598817-EPP-1-2018-1de-EPPKA2-CBHE-JP Экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR) жобасы аясында Эрасмус+ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің директоры     Ш.У.Тасболатова және темір жол көлігі саласындағы жергілікті жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен алғашқы консультативтік мониторинг болып өтті. Мониторингтің  басты мақсаты  қазіргі уақыттағы жобаны іске асыру процесін бағалау, сондай-ақ нәтижелер және қойылған мақсаттарға қол жеткізу туралы ақпарат алу.

2018-2019 оқу жылының БСҚТА білім беру бағдарламаларының рейтингі қорытындысы

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) рейтингтің мәліметі бойынша ОҚМУ-дың 84 мамандығы үздік үштікке кірді.

Жүлделі 1-орынға бакалавриаттың 25  мамандығы, магистратураның 9 мамандығы ие болды:

Шифр

"Қазіргі заманғы мультимәдени ортадағы қоғамдық дипломатияны дамытудағы жас ұрпақ өкілдерінің жауапкершілігі мен рөлі"

2019 жылдың 19-23 маусымында "Аѕаа "Шымкент қаласының ACCESS түлектері" жастар қоғамдық бірлестігі А. М. Горчаков атындағы жария дипломатияны қолдау қорының қаржылай қолдауымен "Қазіргі заманғы мультимәдени ортадағы қоғамдық дипломатияны дамытудағы жас ұрпақ өкілдерінің жауапкершілігі мен рөлі" тақырыбында ТМД елдерінің қоғамдық дипломатиясы бойынша халықаралық жастар слет-мектебі өткізеді.

“Ең үздік шығарма”

Тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 22.05.2019 күні сағат 11:00-де “10 жылдан кейінгі Қазақстандағы білім беру жүйесітақырыбында “Ең үздік шығарма” сайысы өтті. Байқауды ұйымдастырудағы  негізгі мақсат – қатысушылардың  ҚР білім жүйесіне деген көзқарасын және ағылшын тілін қаншалықты дәрежеде меңгергенін бақылау (яғни лексика, грамматика бағыттары бойынша) болып табылады. Қатысушылар шығарма жазу барысында аталған келесі жағдайларға тоқталды:

1.     Қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі.

Конституциялық өндіріс бойынша республикалық пәндік олимпиада

20.05.2019жылы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық өндіріс бойынша республикалық пәндік олимпиада өткізді. Олимпиадаға 12 ЖОО қатысты. Ғылыми жетекшілердің үйлестіруімен әр команда өз презентациясын ұсынды. Студенттер Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, құқық қорғау органдары мен сараптамалық қауымдастық өкілдері рөлінде сөз сөйледі. Олимпиаданың алғашқы кезеңі ақпан-наурыз айларында өткізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2019 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) - рейтингісінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ еліміздегі ЖОО-ның ішінде 3-ші орынды иеленді.

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар»

2019 жылдың 17 мамыры күні университетіміздің педагогикалық мамандықтар бойынша 25 оқытушысы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы-Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар»  (260 сағ.) курсы бойынша сертификаттарды иемденді.

Курстың оқу мерзімі 7 аптаны құрады, оның 2 аптасы онлайн, 5 аптасы күндізгі оқыту түрінде өтті.

«Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы»

М. Әуезов атындағы «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің, ММГ-16-8к тобының студенті Жұмабек Жәнібек Талғатұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттік Қорының сайысына қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттік Қорының – Елбасымен ұйымдастырылған,  жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша «Болашақтың ғалымдары» атты студенттердің ең үздік ғылыми жұмысының Республикалық сайысында екі жыл қатарынан жеңімпаз (Алматы қаласы, диплом және медаль) атанды.

"Британ Кеңесі"

2019 жылы 13 мамырда Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Джон Гиффорд мырза мен саяси және жобалық мәселелер жөніндегі офицер Лариса Волкова ханым М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің бірінші проректоры, з.ғ.к.., доцент Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлымен кездесті. Елші "Британ Кеңесі" халықаралық ұйымымен бірлесіп құрылған ғылыми-зерттеу басқармасы жанындағы Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығының жұмысымен танысты.

Бүгінде, Британ Кеңесінің бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облысы БАҚ өкілдеріне ағылшын тілін оқыту курстары жүргізіліп жатыр.

Ұлы Отан соғысының ардагерін құрметтейік

2019 жылдың 8 мамырында М.Әуезов атындағы ОҚМУ  әскери кафедрасының оқытушы-профессорлық  құрамы  Ұлы Отан соғысының ардагері Қазыбаев Абылай ақсақалды Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Беттер