Университет жаңалықтары

«Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурс

Конкурстың интернеттегі арнайы сайты: Конкурс шарттары, оның қатысушылары туралы, сондай-ақ конкурстық материалдарды жинақтауды, Конкурсты жариялауды және нәтижелерін айтуды жүзеге асыру туралы арнайы ақпарат орналастырылатын «100 үздік идея».

Ауылшаруашылығы ғылымдар Жоғары мектебі М.Әуезов ат. ОҚМУ-ң Халықаралық байланысы.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытын жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ауылшаруашылығы ғылымдар Жоғары мектебі «Жануарлар патологиясы», «Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедраларына Арнайы шақыртылған Шетел ғалымы 22.10.-16.11.2018ж. аралығында «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша түрлі дәрістерді видеороликпен презентациялап көрсетуде.

ОҚМУ ректоры ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Дария Пернешқызы Қожамжарова, Туркиялық профессор Энвер Капаган мырзамен кездесті

1-ші қарашада, 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Дария  Пернешқызы Қожамжарова, Карабюк университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Энвер Капаган мырзамен кездесті. Кездесу аясында, екі-жақты ынтымақтастық сұрақтарын талқылады. 

ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕСКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҒЫЛЫМ

25 қазанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламасының  Білімге табынушылық бағытында іске асыру мақсатында облыстағы зияткерлік қозғалысын қолдау және дамыту» атты облыстық студенттік ғылыми конференциясы өткізілді.

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ТАЛАНТТАРЫ

26-27 қазанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын жүзеге асыру және университеттің 75 жылдық мерейтойын өткізу аясында серіктестер Ақтөбе қ., «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен дамыун қолдау қоры» қоғамдық қоры, студенттердің ғылыми-педагогикалық қызметін дамыту саласында «ХХІ ғасырдың таланттары» атты IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

АСЫЛ-ҰСТАЗ 2018

26 қазанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде университетінің 75 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған түрлі іс-шаралар аясында серіктестер Ақтөбе қ., «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қорымен - «ХХІ ғасыр таланттары» атты IV Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы ашылды.

М.Әуезов атыедағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін әскери кафедра студенттері 75 жылдық мерей тойымен құттықтайды!

М.Әуезов атыедағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін әскери кафедра студенттері 75 жылдық мерей тойымен құттықтайды!

«Педагог мамандарды жаңартылған орта білім беру мазмұны бойынша даярлау мәселелері»

2018 жылдың 23 қазан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ –дың 75 жылдығы қарсаңында Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Педагог мамандарды жаңартылған орта білім беру мазмұны бойынша даярлау мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға  білім  бағытында мамандар даярлайтын педагогикалық факультеттер мен жоғары мектептердің  декандары, профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар қала мектептері мен Назарбаев зияткерлік мектептерінен мұғалімдер қатысты.

«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі»

Елімізде жыл сайын 18 қазанда дәстүрлі түрде Рухани келісім күні аталып өтіледі. 17-қазан 2018 жылы сағат 11:00 де   Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында  форум өткізілді. Форумды  Түркістан облыстық және Шымкент қалалық  Қазақстан халқы Ассамблеялары, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы бірлесіп  ұйымдастырды. Форумның мақсаты діні төзімділікті нығайту, халық арасында бейбітшілік пен татулық, рухани келісімді насихаттау.

«13 регион» жалпықалалық марафон

2018 жылдың 14 қазанында Шымкент қаласында жаңа мегаполистің ашылуына арналған «13 регион» жалпықалалық марафон өтті.

Марафонға Шымкент қаласының жеңіл атлетика құрама командасының мүшесі М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының оқу шебері Сағатова Әсем қатысты. Марафон нәтижесі бойынша Әсем ең үздік
10 спортшының қатарына еніп, жүлделі және естелік медальдармен марапатталды.

Беттер