Университет жаңалықтары

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 75 жылдығы

29 қараша күні сағат 9:30-да  М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-нің 75 жылдығында, Білім ордамыз  есімін иеленіп отырған аяулы Ұлы тұлға- Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ескерткішін жаңаша жандандырып, университеттің Бас ғимараты алдында   ашылу салтанаты  өтті.

Академик Сұлтан Тәшірбайұлы Сүлейменовтің ескерткіші жанданды

28 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойында "САУТС-ОЙЛ" ЖШС президенті,т.ғ.д., профессор,Түркістан облысы мәслихатының депутаты Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлының демеушілік етуімен, академик  Сұлтан Тәшірбайұлы Сүлейменовтің ескерткіші жанданды. Сонымен қатар, академик С.Т.Сүлейменов атындағы Мәжіліс залының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

«Өндірістік технологиялар және инжиниринг»

2018 жыл 28-ші қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығына және академик Сұлтан Тәшірбайұлы Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған , Төртінші өндірістік революция аясындағы «Өндірістік технологиялар және инжиниринг» атты V-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда ғылым, технология, техника, компьютерлік және ақпараттық технология, экология, табиғатты пайдалану, нано және биотехнологиялар, сонымен қатар зияткерлік әлеует жетістіктері мен жаңалықтарын жасайтын 7 секция жұмыс істеді.

«Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: тұжырымдамалық мәселелер мен стратегиялар»

2018 жылы 27-ші қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтой аясында «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: тұжырымдамалық мәселелер мен стратегиялар» тақырыбындағы Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің Кезекті көшпелі мәжілісі өтті. Бұл мәжіліске Шымкент қаласының ректорлары және Орталық Азияның 11 жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Шымкентте алғашқы "Адал дүкен" ашылды

Адал дүкенін ашу бастамасын, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы барлық жоғарғы оқу орындары мен колледждерге ұсынған. Бірінші болып,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қолдау білдірген.

Ұлы даланың жеті қыры

21 қараша күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың  жеті қыры" мақаласын насихаттау мақсатында Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызының студенттермен ашық форматта кездесуі өтті. Кездесу барысында, Зауытбек Қауысбекұлы жастарға тарих төңірегінен сыр  шертіп, өз көзімен көрген тарих тағылымдарын саралап берді. Бүгінгі сұхбатты  ешқандай жерде айтылмаған, ерекше лекция деп есептеуге де болады. 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Қазфосфат» жаңа зертхананың тұсауы кесілді

Отты жылдарда бой көтерген оқу орнымыз химиялық-технологиялық мамандықтардан басталса, бүгінгі  күнге дейін бұл үрдіс жалғасын тауып, елімізге көптеген технология иесі мамандарды дайындап ұсынуда. Осындай мамандардың негізгі білімі теориямен бірге зертханаларда алынатыны мәлім. Осыған орай, «Қазфосфат» ЖШС  бас директоры, «Қазақстанның Еңбек Ері» Искандеров Мұкаш Зұлқарнайұлының демеушілік етуімен,  2018 жылдың 27-ші қарашасында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Қазфосфат» жаңа зертхананың тұсауы кесілді.

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

2018 жылғы 23 қарашада Білім беру бағдарламасын әдістемелік қамтамасыз ету орталығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойы аясында  TEDx Talks форматындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында  конференция өткізді.

Оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті

2018 жылғы 23-24 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кәсіптік білім, бастапқы әскери дайындық бойынша мұғалімдерді даярлау, химиялық инженерия мен процестер және мәдени-тынығу жұмысы бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

«Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурс

«Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде өткізіледі.

Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған.

Конкурсты ұйымдастырушы: ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.

Беттер