Университет жаңалықтары

Баспасөз-релизі

2018 жылдың 5-ші сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдері Құжаттарды қабылдау басқармасының басшысы Ақпан Жұлдыз Қайырбекқызы және менеджері Токпаева Гульмира Ерболатовнаның қатысуымен брифинг өтті.  Брифинг өткізудің мақсаты  университеттің бітіруші курс студенттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу ережелері мен шарттарын түсіндіру.

«КӨРКЕМ СӨЙЛЕУ ШЕБЕРІ» - ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНДЕ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 27 наурызда Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығы «Тілдарын - 2018» қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты үш тілді  - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жас

тарды анықтау және қолдау, тілдік қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу болды. 18-22 жас аралығындығы жастар қатысқан бұл байқау төрт кезеңнен тұрды:

«Діни ағымсыз – Қазақстан» тақырыбындағы эстафеталық флешмоб.

10 сәуір күні 2018 жылы Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен, М.Әуезов атындағы ОҚМУ бас ғимараттың алаңында «Діни ағымсыз - Қазақстан» тақырыбында эстафеталық флешмоб өтті. Флешмобтың мақсаты жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезімді нығайту және кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері эстафены алып Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттеріне тапсырды.

«Әйел. Заман. Дәстүр» тақырыбындағы қалалық форумы

10 сәуір 2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ акт залында «Әйелдер Кеңесінің» ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Әйел. Заман. Дәстүр» тақырыбындағы қалалық форум өткізілді. Бірінші сөз кезегін университеттің Әйелдер кеңесінің төрайымы, т.ғ.к., доцент Сатаева Л.М. ашты.

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Жаратылыстану - математика пәндері, яғни математика, физика, биология пәндерінен 1-ші қалалық Ө.А.Жолдасбеков атындағы олимпиада ұйымдастырылып, жабылу салтанатында олимпиада жеңімпаздарына М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың білім гранты сертификаттары табысталды. Шымкент қаласының білім бөлімі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиеті және Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі бірігіп ұйымдастырған олимпиадаға барлық мектептердің 8, 9 және 10, 11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынады.

Жаратылыстану – математика пәндерінен (математика, физика, биология) І - ші қалалық Ө.А. Жолдасбеков атындағы олимпиада

31.03.2018ж. бірінші рет М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қалалық білім беру және Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 лицейдің ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы жаратылыстану-математикалық пәндер (математика, физика, биология) бойынша қалалық олимпиаданың салтанатты түрде ашылуы өтті.

Академиялық ұтқырлық бойынша ақпараттық күн

Академиялық ұтқырлық тұжырымдамасын және Болон процесінің параметрлерін іске асыру мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 4 сәуірінде сағат 11.00-де бас ғимараттың фойесінде өтетін академиялық ұтқырлық үшін ақпараттық күн өтеді.

СЛОВАКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2018 ж. ҰЛТТЫҚ СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы шетелдік студенттерге, аспиранттарға, университет оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге,өнер саласындағы қызметкерлерге Словакияның жоғарғы оқу орындарында және ғылыми ұйымдарындакелесі 2018-2019оқу жылы тәжірибеден өту бағдарламасын ұсынады.

ҰСБ шеңберінде стипендия үшін үміттене алады:

 

Тағылымдама мерзімі:

 

«Қош келдің, Наурыз-2018!»

20.03.2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қызғалдақ» субұрқағында «Қош келдің, Наурыз-2018» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шараны ректордың міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор Сатаев М.И. ашты. Өз сөзінде ол, университет ұжымын, студенттерін, оқытушы - профессорлар құрамын,  Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, біліммен-ғылымның биік шыңдарын бағындыруға шын жүректен құттықтады. Университет ұжымындағы факультеттер мен жоғары мектептер Наурыз мерекесіне арнап, қазақтың салт-дәстүрлеріне лайықты безендірілген төрт киіз үй тікті. Киіз үйдің іші ұлттық бұйымдармен безендірілген.

ЛАТВИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯСЫ

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы Білім және ғылым министрліктерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Латвия Республикасы 2018-2019 оқу жылы Латвия ЖОО-да және ғылыми-зерттеу институттарында оқу немесе зерттеу жүргізу үшін, сондай-ақ жазғы мектептерге қатысу үшін қызметкерлер мен студенттерге Қазақстан Республикасы ЖОО-ның академиялық және стипендиялар ұсынады.

 Стипендия ұсынылады:

Беттер