Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша «Менің елім» тарихи өлкетанымдық жоба.

17.11.2017 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтік және даму департаментінің белсенді студенттерінің қатысуымен университет студенттерімен кездесу іс-шарасы өтті. Кездесу іс-шарасын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры Қ.С.Байболов ашты. Өз сөзінде, келген қонақтарды құттықтап «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша «Менің елім» тарихи өлкетанымдық жобасын жүзеге асыру мақсатында еліміздің тарихи өлкелеріне саяхаттап, белсенді азаматтық ұстаным көрсетіп жүрген Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің белсенділеріне алғыс білдіре отырып, алғыс хаттарымен марапаттады. Келесі сөз кезегін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Жастар саясаты» бөлімінің басшысына Е.Қ.Ордабаевқа берілді. Е.Қ.Ордабаев өз сөзінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ұжымына алғыс білдіріп, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ұжымы атынан сыйлық тапсырды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.