Білім беру бағдарламаларын жетілдіру: жаңа мүмкіндіктер мен даму келешегі

2018 жылдың 16 қаңтары күні Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Оқу үрдісін ұйымдастыру орталығы мен Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық мамандықтардың оқытушы-профессорлық құрамына арналған «Орта білімнің жаңарған мазмұны» тақырыбындағы ақпараттық семинар  ұйымдастырылды. Аталған семинарды ұйымдастырудағы  басты мақсат Қазақстан Республикасындағы орта білімнің жаңарған мазмұны аясында  университет оқытушы-профессорлық құрамының әдістемелік және тәжірибелік біліктілігін арттыру.

Жас мамандар - болашақ жетістіктер көзі

2017 жылғы  желтоқсан айының 20-29 жұлдызы аралығында Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің жұмыс өтілі 1 жыл мен 3 жыл аралығындағы жас оқытушыларға арналған дәстүрлі Жас оқытушылар мектебі курсы болып өтті.

Педагогикалық шеберлік мектебі

2018 жылдың қаңтар айының 9-шы жұлдызында  университеттің оқытушы-профессорлық құрамының 2017-2018 оқу жылындағы  біліктілікті арттыру жоспарын жүзеге асыру  және үш тілді білім беру жағдайындағы пәндерді шет тілінде оқытуды жақсарту мақсатында жоспарлы «ЖОО оқу үдерісін ұйымдастыру» және пәндерді ағылшын тілінде өтетін оқытушыларға арналған  «Жоғары оқу орындарында пән мен тілді кіріктіріп (CLIL) оқытудың тиімділігі»  тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары  басталды.  

Жолдау

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан Халқына Жолдауы.
2018 Жылғы 10 Қаңтар
Толығырақ

Оңтүстік Кореядан келген делегация іс сапары

2018 жылдың 10 қаңтарында Сангмёнг университетінің (Оңтүстік Корея)  Президенті Пэк Унг Ги басқарған делегация құрамындағы  Халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Квон Хесук, Халықаралық алмасу және топтық ынтымақтастық координаторы Джен Хюнджунг  мүшелері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне ресми  іс сапармен келді. Іс сапар барысында, делегация ОҚМУ ректоры Ж.Ү.

Құрметті әріптестер, құрметті оқытушылар!

Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Сіздерге, келе жатқан жаңа 2018 жылы көтеріңкі көңіл күй, табыс, сәттілік тілейміз! Әріптестер арасында сенімділік, татулық қарым-қатынас орнасын, адал достар жандарыңызда болсын, қоғамда тұрақтылық өз жалғасын тапсын, келе жатқан жаңа жыл күш қуат болашаққа сенімділік ала келсін, ойлаған жоспарларыңыз сәтті жүзеге ассын!

М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамына зор денсаулық, сәттілік, жаңа кәсіби биіктерді бағындыруды тілейміз!

ҚЫТАЙДА ТЕГІН ОҚУ!!!

Халықаралық ынтымақтастық аясында China Scholarship Council бағдарламасы бойынша ҚХР-ның келесі ЖОО-ы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері мен оқытушыларына 2018-2019 оқу жылына магистратурада және докторантурада оқу үшін білім гранттарын бөледі:

1.      Харбин политехникалық институты

2.      Пекин технологиялық институты

3.      Сиян университеті Цзяо Тун

TECHWOMEN бағдарламасы

Халықаралық білім институты (АҚШ) жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерлік-техникалық ғылымдар және математика (STEM) саласындағы мамандар үшін «TechWomen» бағдарламасына қатысу үшін конкурс ашылғандығын хабарлайды. Бағдарлама қатысушылардың барлық шығындарын өтейді.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу шарттары

Тәуелсіздік – тұғырым

7.12.2017ж облыстық Ардагерлер үйінде Шетел студеттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті тыңдаушыларының ұйымдастырылуымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тірегім» атты мерекелік концерт өтті.
Өнерлі жастарды бастап барған факультет ағатәлімгер: А.Жанбай ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, тәуелсіздігіміздің тарихы мен бүгінгі жетістіктерімізге тоқталды.

Мұражай – ұлтымыздың рухани ордасы

13.12.2017ж  Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – шетелден келген қазақ жастарын өңіріміздің тамаша табиғатынан бастап, кешегісімен бүгінгі тарихынан сыр шертетін мұражайдағы бағалы жәдігерлерін насихаттау болатын.

Беттер