Факультет деканы - Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы, п.ғ.к., доцент |
|
Факультет кафедралары
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз, 212 аудитория
Телефон: 8 (7252) 41-33-39, е-mail: lider.indi@mail.ru
Жалпы мәліметтер
Жаратылыстану-педагогикалық факультеті - М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамындағы педагог кадрларды дайындайтын бірден бір алдыңғы қатардағы факультет болып есептелінеді. Факультет дәстүрлі түрде XXI ғасырдың талаптарына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беретін болашақ мұғалімдерді тәрбиелеп шығаруда.
Оқытушы-профессорлардың құрамы
Факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен 129 оқытушы айналысады, олардың ішінде: 8 ғылым докторлары, профессорлар; 64 ғылым кандидаттары, доценттер; 55 аға оқытушылар мен оқытушылар бар.
Студенттік өмір
Қазіргі күнде факультетте 9 мамандық бойынша 1442 студент оқып білім алуда.
Факультетте мемлекеттік олимпиадалар мен ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпаздары тәрбиеленуде. Олардың арасында президент стипендиясын және Усанович атындағы стипендия алатын студенттер бар.
Факультетте би, ән, киім тігу үйірмелері мен түрлі спорт секциялары жумыс істейді. Студенттердің өнерін дамытатын мерекелік іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады.
Біздің түлектер
Біздің түлектер мынадай жұмыс орындарында қызмет етуде:
орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, колледждерде және жоғары оқу орындарында;
ғылыми-зерттеу институттарында;
зертханаларда жұмыс iстей алады;
биохимиялық, гигиена-санитарлық лабораторияларда;
химия өнеркәсiбiнде;
кеден ісінде;
табиғат қорғау басқармаларында;
Талапкерлерге
Біздің факультет келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындап шығарады:
Мамандығы: 5В010900-Математика
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
Бұл мамандықтың иесi орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, колледждерде және жоғары оқу орындарында математика, алгебра, геометрия бойынша дәрiс беретiн оқытушы қызметiн атқара алады.
Мамандығы: 5В011000-Физика
Мамандығы: 5В060400-Физика
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
физика пәнiнен лицейлерде, гимназияларда мұғалiм;
ғылыми-зерттеу институттарында;
завод зертханаларында жұмыс iстей алады.
Мамандығы: 5В060200 - Информатика
Мамандығы: 5В011100-Информатика
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
Бұл мамандықтың иесi орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, колледждерде және жоғары оқу орындарында информатика және есептеу техникасы пәнi бойынша дәрiс беретiн оқытушы қызметiн атқара алады.
Мамандығы: 5В11200-Химия
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
химия пәнiнiң мұғалiмi;
биохимиялық, гигиена-санитарлық лабораторияларда;
химия өнеркәсiбiнде, химия заводтарында;
Мамандығы: 5В11300-Биология
Мамандығы: 5В60700-Биология
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Бұл мамандық иесінің қызмет ету саласы:
биология пәнiнiң мұғалiмi;
биохимиялық, гигиена-санитарлық лабораторияларда;
кеден; табиғат қорғау басқармаларында.
Мамандығы: 5В012000- Кәсiпке оқыту (профиль бойынша)
Оқу мерзiмi: 4 жыл
Мамандандыру:
Тiгiн бұйымдарын конструкциялау және модельдеу – оқытушы.
Мектептегi авто iсi және ауылшаруашылық техникасы – оқытушы.
Еңбек технологиясы және кәсiпкерлiк.
Бiтiрушi түлектердiң қызмет саласы:
Бұл мамандық бойынша оқуды бiтiргендер орта мектептерде, лицейлерде, колледждерде автомобиль iсi пәнi бойынша дәрiс беретiн оқытушы қызметiн атқарады.
Факультеттің оқу-әдістемелік комиссия жұмысының жоспары
Факультеттің өткізілетін әдістемелік семинарларының жоспары
Факультеттің ашық сабақ өткізу жоспары
| Вложение | Размер |
|---|---|
| plan_raboty_mk_epf2011-12.doc | 107 КБ |
| grafik_otkr.lekcii_na_2011-12.doc | 58.5 КБ |
| plan_nauchno-metodicheskogo_seminara.doc | 58.5 КБ |