Химия-технологиялық факультетінің тарихы 1943 жылдан Шымкент құрылыс материалдары институты ашылған кезден басталған және университеттің ең байырғы және ірі бөлімдерінің бірі болып саналады. Қазіргі заманда жоғары білім берудің басым бағыты ретінде отандық экономиканы жас мамандармен қамтамасыз ету мақсатымен техникалық білім беруді дамыту көзделген. Осыған орай қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан химия, металлургия, құрылыс, мұнай-газ және өнеркәсіптің басқа да салалары үшін жоғары білікті бакалавларды дайындауға аса маңызды көңіл бөлінуде.
Бүгінгі таңда факультетте ҚР ҰҒА 2 академигі, 29 ғылым докторлары және 83 ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс және силикат материалдарының технологиясы, металлургия, плазмохимия, электрохимия, қолданбалы экология, мұнай-химия салалары бойынша халықаралық дәрежеде танылған ғылыми орталықтарда жүргізіледі.
Факультетте магистратура, аспирантура және рhD докторантура бар. Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау бойынша арнайы диссертациялық Кеңес жұмыс істейді.
Факультеттің материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. 2008 жылы ASIIN агенттігінде факультеттің жекеленген білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтті. Олар: Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; Қиын балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы; Химия; Экология; Органикалық заттардың химиялық технологиясы.
Факультет құрамында 8 кафеда жұмыс істейді:
«Химия»;
«Геоэкология және табиғатты пайдалану»;
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»;
«Мұнай, газ және полимерлер технологиясы»;
«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»;
«Нанотехнология»;
«Силикаттар технологиясы және минералдар синтезі»;
«Технологиялық процестер және аппараттар».
Оқу үрдісі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырылған. Студенттерді кредиттік жүйе бойынша оқыту үшін факультетте кітап қорын оқу-әдістемелік әдебиеттермен толтыру, оқыту үрдістеріне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, оқу үрдісін ақпараттандыру және компьютерлендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық кафедраларда корпоративтік торап арқылы Интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар.
Миссия
Факультет 8 мамандық бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды:
5В060600-Химия
5В060800-Экология
5В070900-Металлургия
5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Бағдарлама
Бакалавр-мамандарды дайындау кредиттік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда үшдеңгейлі кадрларды дайындау іске аырылуда:
Бакалавриат
5В060600-Химия
5В060800-Экология
5В070900-Металлургия
5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Магистратура
6М060600-Химия
6М060800-Экология
6М070900-Металлургия
6М072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Докторантура PhD:
6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
6D072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Студенттік өмір
Химия-технологиялық факультет тек ғана КТК көшбасшыларының («ТехАС»; «Мульфильм»; «Шымкала» және т.б.), ұясы ғана емес, сонымен қатар дебаттық клубтарының да. «Жаңғырық» дебаттық клубының көшбасшылары Жунисов Д., Есеналиев Ж., Сейдазимова А. Бірнеше рет дебаттық сайыстардың жеңімпаздары атанған.
Факультет студенттер Ассамблеясымен, Қазақстан студенттерінің Альянсымен, «Жас Отан» жастар қанатымен, «Жасыл ел» облыстық экологиялық жасағымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Факультеттің 324 студенті факультеттің қоғамдық жұмыстарының түрлі секцияларымен айналысуда.
Химия-технологиялық факультетінің тәрбие жұмысы
Қазіргі таңда химия-технологиялық факультетінде 902 студент білім алуда, соның ішінде мемелекеттік грант бойынша 752 және 150 студент ақалы негізінде. Оқу жылы басында химия-технологиялық факультетінің деканы х.ғ.д., профессор С.П.Назарбекованың өкімімен әр академиялық топқа тәлімгер және топ басшылары тағайындалады. 2009/2010 оқу жылында ХТФ барлығы 97 академиялық топ бар. Сонымен қатар оқу жыл басында химия-технологиялық факультетінің деканының өкімімен факультет аға тәлімгері және кафедра аға тәлімгерлері тағайындалады. Химия-технологиялық факультетінің аға тәлімгері «Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасының аға оқытушысы Бекжігітова Күлаш Асқарбекқызы.
Химия-технологиялық факультетінің тәрбие жұмысы негізгі тоғыз бағыт бойынша жүргізілуде:
- Қоғамдық-саяси және құқықтық іс-шаралар;
- Интернационалдық және патриоттық тәрбие;
- Діни экстремизм мен халықаралық терроризмнің алдын алу іс-шаралары;
- Адамгершілік-мәдени және эстетикалық тәрбие;
- Ғылыми-зерттеу және шығармашылық іс-шаралар;
- Жатақханадағы іс-шаралар;
- Студенттерді спорттың бұқаралық түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары;
- Студенттерге кәсіби тәрбие беру іс-шаралары;
- Жетім, жартылай жетім, табысы аз және көпбалалы отбасы мүшелері студенттерге қайырымдылық көмегін көрсету іс-шаралары.
Біздің түлектер
Біздің факультеттің түлектері - ОҚО ірі өндірістік кәсіпорындарда, республикалық ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми зертханаларда жұмыс істейді.
Талапкерге
Факультет мамандықтары:
5В060600 - «ХИМИЯ»
Біліктілігі: Химия бакалавры
Мамандандырулары:
- химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптау
- өнеркәсіп және азық-түлік тауарларының сараптамасы
- сирек элементтер химиясы
- аналитикалық химия
Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:
Ішкi iстер орындары, кеден және салық полициясы, сараптау органдары, экология комитетi, қоршаған ортаны қорғау мекемелері, мұнай-химия, тамақ, тоқыма, химия, санитарлы-эпидемиологиялық және фармакология өндірісіндегі лабораториялар, жеңіл және тамақ, құрылыс материалдары және керамика өндірістері.
5В0060800-«ЭКОЛОГИЯ»
Біліктілігі: Экология бакалавры
Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:
Барлық деңгейдегі экологиялық мекемелер, қорықтар, жер комитеттері, су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау мекемелерi, ауа-райын болжау станциялары, су қорғау инспекциялары, ғылыми зерттеу институттары, халық шаруашылығының барлық өнеркәсіптік кәсіпорындары, экономикалық салалар, білім мекемелері.
5В070900 – «МЕТАЛЛУРГИЯ»
Біліктілігі: Металлургия бакалавры
Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:
Ачполиметал, Оңтүстiк полиметал, Талдықорған аккумулятор зауыты, Балқаш мыс, Жезқазған мыс, Қазақ мырыш, ферробалқымалар өнеркәсiптерi, металлургия және байыту институты, Теміртау – болат, ферробалқымалар өндірісі, Ақтөбе, Ақсу, Тараз – ферробалқымалар өндірісі, мырыш, қорғасын, ядролық отын, алтын, күміс, титан сирек жер элементтер өндірісі, уран алудың аралық материалдар өндірісі, Павлодар – алюминий өндірістері, жоғары оқу орындары.
5В072000 - «БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
Біліктілік: Химиялық технологияның бакалавры
Мамандандырулары:
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
- Плазмохимиялық және электротермиялық үрдістердің технологиясы
- Нанотехнология
- Ядролық-химиялық технология
- Мембраналық технология
- Қиын балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
- Электрохимиялық өндірістер технологиясы
Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:
Ғылыми-ізденушілік және жобалау институттары, оқу орындары, Оңтүстік жару өндірісі, Жаңатас жарылғыш материалдар зауыты, Химиялық өнеркәсiптердiң техникалық қауiпсiздiк бөлімдері, Ачполиметалл, Талдықорған аккумулятор зауыты, Жезқазған мыс, Қазақ мырыш, ферробалқымалар өнеркәсiптерi, электрокорундтар, кальций және т.б.
5В072100 –«ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
Біліктілігі: Органикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавры
Мамандандырулары:
- Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы;
- Мұнайхимия өндірісінің технологиясы;
- Көмірсутектерді, шикізаттарды дайындау, өндіру және тасымалдау процестерінің химиялық технологиясы
Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:
Қазақстан Республикасының мұнай мен газды өңдеу зауыттары, Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ, Павлодар МХЗ, Қазақ ГӨЗ, Жаңажол ГӨЗ, КазТрансОйл, КазТрансГаз, КазМұнайГаз), мұнай, газ және көмірді өндіру, тасымалдау және сақтайтын кәсіпорындары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары мен мекемелері; жоғары және орта кәсіптік оқу орындары; облыстық, қалалық және аудандық мұнай, газ және көмірмен қамтамасыз ету базалары.