Кәсіби біліктілікті арттыру уақыт талабы

Қазіргі таңда университетімізде оқытушы-профессорлық құрамының кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді механизмдерін ұсыну іс-шараларын белсендіру аясында бірқатар жұмыстар атқарылып отыр. 29.10-9.11.2018ж. мерзімі аралығында Ғылымыи педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі мен «Ауылшаруашылық ғылымдары» Жоғары мектебінің «Жануарлар патологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлық құрамына арналған «Ветеринарлық санитария» және «Ветеринарлық экология: кешендердегі малдардың техногендік аурулары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы болып өтті.

Кафедра базасында ұйымдастырылған курстың жұмыс оқу бағдарламасы ауылшаруашылығы саласының  ветеринарлық сантария, ветеринарлық экология бағыттары бойынша көкейтесті мәселелерді қамтыған. Бұл өз кезегінде курс тыңдаушыларының кәсіби біліктіліктерін арттырып, білімдерін толықтыруға септігін тигізеді.

Курстың лекторлары: «Erasmus mundus Action 2» бағдарламасының стипендианты, в.ғ.д., профессор, Н.В.Парахин атындағы Орлов мемлекеттік аграрлық университеті «Эпизоотология және терапия» кафедрасының меңгерушісі Сахно Николай Владимирович және «Болашақ» Халықаралық бағдарламасының стипендианты, в.ғ.к., «Жануарлар патологиясы» кафедрасының доценті Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы.