Педагогика және мәдениет факультеті

Факультет деканы

 

Нурлыбекова Алима Балтабайқызы

 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

ҚР оқытушылары мен ғалымдарының қоғамдық бірлестігінің академигі

Халықаралық білім академиясының корреспондент мүшесі

 

►МАРАПАТТАУЛАР

 

Мекен-жайы: Т.Тажібаев көшесі 2.

Тел: деканның қабылдауы: 22-19-39

Тел: деканның орынбасары: 22-19-39 Орынбаев Қурманай Өтеұлы

 

►Факультет жаңалықтары

 

Факультет кафедралары

"Музыкалық білім және хор"
"Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі"
"Мәдени тынығу жұмысы"
"Өнер"
"Кескіндеме және дизайн"
"Жалпы тарих, археология және география"
"Хореография"
"Режиссура және актерлік өнер"
"Қазақстан тарихы"
"Жалпы педагогика және этнопедагогика"
"Бейнелеу өнері және сызу"

 

 

Педагогика және мәдениет факультет деканының сәлемдесуі

Қымбатты достар, әріптестер!

Педагогика және мәдениет факультеті 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ірі мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамына кіреді.

Факультетте мына бағыттар бойынша бакалаврлар, магистрлар, дайындалады; педагогика және психология, кітапханаісі және библиография, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, әлеуметтік және мәдени тынығу жұмысы, музыкалық білім беру, аспапта орындау, хореография, режиссура, кескіндеме және дизайн, бейнелеу өнері және сызу, тарих, археология және этнология.

Кредиттік технология жүйесі бойынша білім беру заманау активті және интерактивті оқыту әдісі, инновациялық білім беру технологиясы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда факультеттің студенттер саны - 644.

Педагогика және мәдениет факультетінің ғылыми кадрлар әлеуеті өте жоғары. Факультетте магистрліқ, диссертацияны қорғау тұрақты және жоғары дәрежеде. Археологияның ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеуде.

Педагогика және мәдениет факультетінің базасында «Қазына» фальклорлық ансамблі, «Думан » студенттік театры, «Қисық айна» студенттік әзіл-сықақ театры, «Қаракөз» студенттік би ансамблі жасақталған. Сонымен бірге «Шуылдақтар» КВН командасы үш жыл бойы Қазақстан Республикасының лига кубогының чемпионы болды. Ал, «Барыс» командасы қазіргі таңда республикалық және аймақтық КВН конкурстарында белсенділік көрсетуде.

Педагогика және мәдениет факультетінің Оңтүстік Қазақстан облысында, бүкіл Қазахстан Республикасында педагогика саласындағы жоғары білімді мамандар дайындауға,  ЖОО кейінгі жоғарғы ғылыми педагогикалық кадрларды дайындауда өзіндік үлесі маңызды.

Педагогика және мәдениет факультетінің профессор-оқытушылар құрамы өз бітірушілерін әрқашан әлемді тануда, оның заңдылықтарын білуде, өнертанудағы ғылыми-педагогикалық жаңалықтарды базалық қалыптастыруын игеруіне.

Біздің факультетке қош келдіңіздер

 

Жалпы мәлімет

Педагогика және мәдениет факультеті 1967 жылы, 43 жыл бұрын құрылған. Бұл ҚР білім беру, мәдениет және өнер саласы бойынша мамандар дайындайтын ірі орталықтардың бірі. «Педагогика және мәдениет» факультеті республикалық, халықаралық, ғылыми конференциялармен ірі ауқымдық концерттік-сценалық қойылымдар ұйымдастыруда белсенді. Факультеттің студенттері жыл сайын өткізілетін республикалық пәндік олимпадаларға белсенді қатысады. Біздің факультетті бітірушілер ҚР барлық аймақтарында үлкен сұранысқа ие.

 

Міндеті

Педагогика және кейінгі ғылыми-педагогикалық кадрларды мәдениет факультеті білім және өнер саласында жоғары білікті мамандар дайындаумен қатар ЖОО дайындау және қайта дайындауда өзіндік үлес қосуда. Факультет бітіруші студентер әлемді тануды, шынайы өмірде өнердің заңдылықтары мен бейнесін түсінуді, өнер шығармашылығын құруда жаңа ғылыми базаны игеруді міндет етеміз. Өнер мен білім қоғамның рухани дамуында адамдардың бүтіндей бірігуіне қызмет етеді.  «Педагогика және мәдениет» факультетінің негізгі мақсатына айналған.

 

Бағдарлама

Білім беру мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: білім беру, гуманитарлық ғылым және өнер. Сонымен бірге 17 бағдарлама бойынша бакалавр, 8 бағдарлама бойынша магистранттарға білім беру қызметін атқарады. «Педагогика және мәдениет» факультетінде болашаққа білікті мамандар дайындау негізгі мақсаты болып табылады, сонымен бірге оқу тәрбие үдірісінде инновациялық білім беру енгізіледі.

Сонымен бірге өткізілетін пәндер бойынша оқу дәрістерінде және бақылау қорытындысында кейс технологиясы қолданылады.

Студенттерді оқыту, жеке оқыту барысында және шығармашылық мамандықтар бойынша білім беруде интерактивті тақта, музыкалық шығармашылықтарда әуенді таспа студиялары қолданылады.

Факультет студенттері іс-тәжірибелерін оқу, ғылыми-өндірістік кешенінде өтеді. Оқу, ғылыми-өндірістік кешенінің базасымен екі жақтама келісім жасалып, белгіленген кесте бойынша оқу сабақтары да өтіледі.

 

Профессор-оқытушылар құрамы

Факультеттің құрамында жоғары білікті мамандар қызмет ететін 11 кафедра бар. Факультетте 221 оқытушының 2-академик, 11-ғылым докторы, 12-профессор, 61-ғылым кандидаттары мен доценттер, 15 магистрлар, 4 - халық әртістері, 10 - ҚР үздік қызметкерлері, 25- халықаралық және республикалық конкурстардың лауераттары, 9 - ҚР білім беру ісінін үздігі.

Факультетте магистрлік, ғылым кандидаты және докторлық диссертацияларды қорғау жоғарғы дәрежеде. Археологиялық ғылыми-зерттеу институты қызмет етуде.

 

«Педагогика және мәдениет» факультетінің 2011 жылдың қыркүйек-қазан айларының ғылыми жетістіктері.

 

  1. Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы бақылау Комитетінің шешімімен «Кескіндеме және дизайн» кафедрасының  меңгерушісі С.Қ.Бейсенбаев, «Бейнелеу өнері және сызу»  кафедрасының доценті М.Ж.Тәңірбергенов педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды.
  2. Мәдени туризм бойынша 12 Халықаралық конференция еңбектерінде (7-9 қазан 2011ж., Стамбул, Турция) педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Нұрлыбекованың мақаласы жарияланды.
  3.  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жастар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Инновациялық Қазақстан» идеялары республикалық конкурсына факультет кафедраларының магистранттары және студенттерінің 23 ғылыми жұмыстары ұсынылды.
  4. ҒЗЖ және СҒЗЖ жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша кафедралық, кафедрааралық, факультеттік ғылыми семинарлар өткізілді.
  5. Кафедраның ПОҚ және факультет студенттері «Исламның рухани құндылықтары: Батыс және Шығыс» атты халықаралық ғылыми конференцияда, «Жаңартылған Қазақстан әлемдік кеңістікте» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда белсенділік танытты.

 

     Біздің факультетіміздің ғалымдарының зерттеулерін елімізде және ТМД мемлекеттерінде ғана емес, сонымен қатар шетел ғалымдары да мойындайды. Оның айғағы ретінде Германия Жаратылыстану ғылымдарының Еуропалық Президиум Академиясы және Ғылыми кеңесінің шешімімен ерекше жетістіктері үшін факультет деканы, п.ғ.д., профессор Нұрлыбекова А.Б. Александр фон Гумбольд атындағы диплом және медальдарымен марапатталды.

     «Нұр Отан» ҰДП төрағасы Н.Назарбаевтың стратегиялық жобасын іске асыруына, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттеріне, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін факультет деканы, п.ғ.д., профессор Нұрлыбекова А.Б. «Нұр Отан» ҰДП «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

     Жас ұрпақты толерантылыққа тәрбиелеуде және ұлтралаық бірлікті, достықты нығайтуда қосқан үлесі үшін «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының профессоры Қалыбекова А.А. және доцент Алметов Н.Ш. «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейлі медалімен және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының алғыс хатымен марапатталды.

     ҚР білім және ғылым бақылау комитетінің шешімімен «Кескіндеме және Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Бейсенбаев С.К. «ЖОО-ң үздік оқытушысы» грантын жеңіп алды. Ал кафедра меңгерушілері Сапарбаев Б.К., Бейсенбаев С.К. және доценттер Тәңірбергенов М.Ж., Досбенбетова А.Ш. ғылым докторы атағын алды.

 

Студенттік өмір

Факультетте білім беру заманауи кредиттік жүйе бойынша активтік және интерактивтік оқу әдісімен, инновациялық білім беру технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі. Факультеттің контингенті 655- студент. Факультетте 575- студент ғылыми жұмыспен айналысады. 2009 жылғы мамыр айында ҚР бірінші президентінің қоры Республикалық конкурстың нәтижесі бойынша «Кітапхана ісі және библиография», «Мұражай ісі жене ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша білім алатын Үлкенбаева Айгүл және Партаев Нұрсұлтан ғылыми жұмыстар үздік орындағаны үшін дипломмен, төсбелгімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Факультетте жыл сайын өткізілетін Республикалық пәндік олимпиадаларға студенттер белсенді қатысады. 2009 жылы «Кітапхана ісі және библиография», «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша алғаш рет факультеттің базасында Республикалық студенттік олимпиада өткізілді.

Факультетте 11 - студенттік ғылыми үйірмелер ұйымдастырылып, ондағы мүше студенттер факультеттің ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Өткен оқу жылында 336-студент конференцияларға белсенді қатысып, ондағы 124 студенттің баяндамалары марапатталды.

Факультеттің кафедралары алыс және жақын шетелдермен жақсы қарым-қатынаста екендігі екі жақтама жасалынған 8-келісім шарт соны айғақтайды.

Шетелдік білім алушылардың іс-тәжірибелік бағдарламасына қатысты келісім шарттар бойынша біздің магистранттар ғылыми-іс-тәжірибесін жетістіктермен өтуде. Факультеттің ПОҚ кафедра студенттері шығармашылық жұмыста үлкен табыстарға жетуде.

 

Біздің бітірушілер

Біздің факультетті бітірушілер рейтингі өте жоғары. Олардың арасында – ҚР халық әртістері Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Марат Омаров, еңбек сіңірген әртіс Ринат Гайсин, мәдениет қайраткері Эдуард Мальбеков, еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Манап Кокенов, еңбегі сіңген өнер қайраткері Лұқпан Есенов, мәдениет қайраткерлері: Замира Кастеева, Райхан Каланова, Феруза Жолынбетова және т.б. Біздің факультеттің түлектері ҚР барлық аймағында сұранысқа ие.

 

Біздің мақтанышымыз

 

Айдосов Ануарбек - суретші

 

Факультеттің «Қазына» фольклорлық ансамблі Туркия, Германия, ТМД және т.б. елдерінде өткен конкурстарда бірнеше дүркін республикалық және халықаралық лауреат атағына ие болды.

2008 жылы Мәдениет министрлігінің шешімімен ҚР студенттік театрының ақпаратымен «Думан» «Халықтық» деген атаққа болды. Соңғы жылдары театр әртістері мен 7 қойылым көрсетілді.

2006 жылы «Қисық айна» атты студенттік әзіл-сықақ театры «Күлкі керуені» атты республикалық конкурстың бірнеше дүркін лауреаты атанды. Ал, 2008 жылы «Тазша бала» атты республикалық конкурсында бас жүлдесін иеленді.

Республикалық Жиенкулова атындағы қазақ би конкурсында, «Шабыт», «Жұлдызды бал» конкурстарында «Қаракөз» студенттік би ансамблі бірнеше дүркін лауреат атағын иеленді.

«Шуылдақтар» КВН командасы үш жыл қатарынан ҚР кубогын иеленді. Қазіргі таңда «Барыс» командасы аймақтық және республикалық КВН конкурстарына белсенді қатысуда. Шығармашылық жұмыстар конкурсы мен көрме өткізу факультет жанынан құрылған «Жетіасар» көркемсурет галереясымен ұйымдастырылады.

Факультет студенттері Халықаралық, республикалық және облыстық конкурстардың лауреаттары және дипломант иегерлері.

 

Талапкерлерге

Факультетте мына бағыттар бойынша бакалаврлар, магистрлар дайындалады: Кітапхана ісі және библиография, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, әлеуметтік жұмыс, мәдени тынығу жұмысы, музыкалық білім беру, аспапта орындау, хореография, режиссура, актерлық өнер, эстрада өнері, кескіндеме және дизайн, декоративті өнер, бейнелеу өнері және сызу, тарих, тарих- гуманитарлық, археология.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің педагогика және мәдениет факультетінің құрамында 11 кафедра бар. Факультет 16 мамандық бойынша білікті мамандар даярлайды. Факультетті педагогикалық және ғылыми тәжірибесі мол педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Нурлыбекова басқарады.

Ақпараттық білім беру орталығы (кітапхана) кең жарық, көп мөлшердегі кітап қорымен ерекшелінеді, арнайы ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдеби-көркем газет журналдармен барлық білім салалары бойынша тұрақты жаздырып алады. Жатахқана оқу ғимаратына жақын жерге орналасқан. Облыстық әкімшілік өткізген конкурста «Үздік студенттік жатахқана» дипломмен марапатталған. 50 орындық кітапхана (оқу залы) 900 -2400 аралығында жұмыс істейді. Компьютер класы ғаламтор жүйесіне қосылған. Жатахқана жылы, таза, жеке душ бөлмелері бар. Бөлмелер соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталған .

Құрметті бітіруші түлектер, сапалы білім алу үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогика және мәдениет факульеттіне оқуға келіңіздер.

 

Анықтама сымтетіктері:

Факультет деканы: А.Б.Нұрлыбекова 22-19-39

Мәдени - тынығу жұмыстары: Ю.А.Сапарова 22-10-33

Музыкалық білім және хор: А.Ж.Нұралиева 22-10-39

Жалпы педагогика және этнопедагогика: К.М.Арымбаева 22-10-37

Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі: А.А.Жиенбекова 31-44-62

Хореография: Б.С.Тілеубаева 21-34-22

Өнер: Ү.М.Джезмурзин 22-10-40

Дизайн және кескіндеме: С.Бейсенбаев 22-10-30

Бейнелау өнері және сызу: Д.А.Кемешев 22-10-30

Жалпы тарих, археология және: Г.У.Жанысбекова 31-44-62

Қазақстан тарихы: Б.Сапарбаев 22-10-37

Режиссура және актерлық өнер: М.Мұхамедин 22-10-40

 

►Факультетте оқытылатын мамандықтар тізімі

 

ВложениеРазмер
plan_umr_fak_2012.doc58.5 КБ
plan_umr_kaz_2012.doc68.5 КБ
plan_seminarov_2012.doc35 КБ
grafik_otkr._zan_na_kaz..doc157 КБ
grafik_otkr_zan_na_ang.doc133.5 КБ
grafik_lekcii_2012.doc58.5 КБ