"Физика оқытудың теориясы мен әдістемесі"

Кафедра меңгерушісі
 
Пулат Аблатыұлы Саидахметов
 
физикалық-математикалық ғылымдар кандидаты
Мекен-жайы: А.Байтұрсынов н-3, №7 оқу ғимараты 228
Телефоны: 21-34-22
 
Жалпы мәліметтер
        1958 жылдан бастап физика кафедрасы ҚазТИ, ҚазХТИ құрамында болған. 2006 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрамында «Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып өзгертілді. 
        2004 жылдан бастап кафедрада 050110 – Физика (педагогикалық бағыт); 050604 – Физика (ғылыми бағыт) мамандығы бойынша бакалаврлар дайындау жұмысы жүргізілуде.
        Күндізгі бөлімде оқитын студенттер контингенті 147 адам болса,  сырттай-қашықтықтан оқыту бойынша 12 студент оқиды.
        Кафедрада жалпы физика, физика мен техниканы мектепте эксперимент ретінде оқытудың әдістемесі және т.б. зертханалар бар. Барлығы 9 зертхана және 1 компьютерлік сынып жұмыс істейді. Зертхана заманауи физикалық құралдармен, жаңа әдістемелік құралдармен жабдықталған.
        Оқу процесі үшін жаңа компьютерлер мен интербелсенді тақталар алынған.   
Ғылыми жұмыстар
        Тәжірибелі доценттер басқаратын кафедра келесі ғылыми бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
        1. Физикадан оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді жетілдіру.
        2. Фазалық мартенсит айналуларын зерттеу.
Fe-Mn-Si. Mn-Cu. Mn-Cu-Al. Mn- Cu-Ni  ерітінділерінің құрылымдық айналуларын, фазалық магниттік ауысуларын зерттеу.
        3. Физиканы оқыту процесінің өзікті мәселелері.

Біздің жетістіктеріміз
        Кафедра 2006-2007 оқу жылынан магистратура (6N0110, 6N0604 мамандықтары) бойынша  дайындық жұмысын бастады. Қазіргі уақытта кафедрада 12 магистрант оқиды.
        Кафедра магистранттары ОҚМУ жанындағы «Сапа» физикалық-химиялық зерттеу әдістері зертханаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ физиканы оқыту әдістемесімен айналысады, ғылыми жетекшілер басшылығымен ғылыми мақалалар жариялайды.      
        Оқытушылар әсіресе «Физаканы оқытудың компьютерлік әдістері», «Физиканы оқыту процесіндегі жаңа технологиялар сараптамасы», сондай-ақ жалпы физика сияқты пәндер бойынша педагогиканың дәстүрлі әдістемелік тәсілдерін, оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін және өзіндік жұмыс элементтерін тиімді пайдалана біледі.
        Компьютер сыныбы бар. Компьютер техникасы негізінен студенттердің білімін тексеру мақсатында аралық және қорытынды бақылау процесінде, көрнекілік құралдарын және үлестірме материалдарын дайындау үшін, сонымен қатар курстық және диплом жұмыстарын жазу кезінде қолданылады.  Кафедрада кванттық механика бойынша 2 электрондық оқулық, механика және молекулярлық физика, виртуалды зертханалық жұмыс орындау бойынша әдiстемелiк нұсқау, «Магнетизм» тақырыбы бойынша кейстер бар.

 

 Іс-тәжірибе базалары

    5В060400 – физика  мамандығы  бойынша

- өндірістік іс тәжірибе базалары:  - М.Әуезов атындағы ОҚМУ Инженерлік бейінді «Конструктциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық  зертханасы; М.Әуезов атындағы ОҚМУ САПА зерттеі орталығы.

- педагогикалық іс тәжірибе базалары: №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясы; №7 Қ.Спатаев атындағы техникалық лицей №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық-эстетикалық мектеп; №1 Дарынды балалар мектеп-интернаты №80 жалпы орта мектебі;  

  5В011000 – биология  мамандығы  бойынша

-педагогикалық іс тәжірибе базалары: №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясы; №7 Қ.Спатаев атындағы техникалық лицей №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық-эстетикалық мектеп; №1 Дарынды балалар мектеп-интернаты №80 жалпы орта мектебі;  

Инновациялық қызмет

►Инновациялық инфрақұрылым
►Инновациялық жобалар
►Жобаларды коммерциализациялау
►Жүзеге асырылған инновациялық жобалардың мысалдары
►ОҚО инновациялық дамыту үшiн ОҚМУ
►Қазақстандағы инновациялар