Агроөнеркәсіп факультеті

Факультет деканы

 

Жылқыбаев Әсет Кеңесбекұлы

 

биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

Мекен-жайы:ОҚО, Шымкент қаласы, М.Х. Дулати көшесі 198,  9-шы ғимарат

Телефон: 8(7252) 32-35-87

e- mail: ukgu_ap@mail.ru

  

 

►Факультет жаңалықтары

 

Факультет кафедралары

"Агротехнология"
►"Ветеринарлық медицина"
►"Су ресурстары және суды пайдалану"
►"Жерге орналастыру және кадастр"
►"Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы"

 

 

Жалпы мәліметтер
          Агроөнеркәсіп факультеті 2006 жылы құрылды. факультетінің құрамында келесідей кафедралар жұмыс жасайды: «Агротехнология», «Ветеринарлық медицина», «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы», «Су ресурстары және суды пайдалану», «Жерге орналастыру және кадастр».
          Факультетімізде мамандар дайындау үшін студенттерге 142 профессорлар мен оқытушылар, оның ішінде ҚР ҰҒА 1 академигі, 12 ғылым докторы, профессорлар, 3 ҚР мемлекеттік сыйлығының иегерлері, 50 ғылым кандидаттары мен доценттер дәріс береді.

 

 

Факультет 8 мамандық бойынша мамандар даярлайды:
5В080100- Агрономия,
5В080200- Мал өнімдерін өндіру технологиясы,
5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану,
5В080600 - Аграрлық техника және технология,
5В080800 - Топырақтану және агрохимия,
5В090300 -Жерге орналастыру,
5В090700 - Кадастр,
5В120100 - Ветеринарлық медицина.
          Агроөнеркәсіп факультеті ғылыми ұйымдармен, мекемелермен агроөнеркәсіптік фирмалармен және өндірістік кооперативтермен тығыз ғылыми- өндірістік байланыстар қалыптастырған. Кафедралардың 3 филиалы және ҚР ауылшаруашылығы министірлігінің Оңтүстік- Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы негізінде Оқу – ғылыми- өндірістік кешені(орталығы) (ОҒӨК(О)) жұмыс істейді. Студенттер саны жыл өткен сайын артуда. Қазіргі кезде факультетте 1715 студент білім алып жатыр, олардың 75% мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқиды.
Оқу процесі
          Оқу процесі дәстүрлі және алдыңғы қатарлы (кредиттік ) технология негізінде атқарылады. Оқу мерзімі мамандығына байланысты 4-5 жыл. Студенттерге дәріс беретін оқытушы профессорлар қатарында ҚР ҰҒА 1 академигі, 12 Ғылым докторы, профессорлар, 3 ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, 50 ғылым кандидаттары мен доценттері дәріс береді. Факультетте студенттердің заман талабына сай сапалы білім алуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.
          Факультет арнайы компьютер кластары, заманауи үлгіде жасақталған зертханалар, ветеринарлық клиника жұмыс істейді. Факультеттің ғимаратында асхана, кітапхана, оқу залдары, компьютер кластары студенттерге қызмет көрсетеді.Барлық компьютерлер интернетке қосылған. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген оқу озаттарына арнайы шәкіртақы тағайындалады. Факултетте барлық мамандықтар аттестациядан өткізілген. Сонымен қатар Ветеринарлық медицина кафедрасында магистратура және ветеринарлық санитария мамандығы ашылу үстінде. Студенттердің оқу-өндірістік іс –тәжірибелері алдыңғы қатарлы өндіріс орындары мен мекемелерде атқарылды. Сонымен қатар кәсіптік пәндер бойынша дәрігер мен зертханалық сабақтар ғылыми зерттеу институттары (ОБМЖӨШИ, ОҚВҒЗБ) облыстық вет.бак лабаратория, мекемелері зертханаларында өткізіледі.
Қоғамдық өмір
          Оқу процесінің барысында студенттердің кәсіби мамандық алу мен қатар «қоғамдық кәсіптер факультеті» арқылы қосымша мамандықтар алып шығады. Факультетте студенттер арасында спорт, өнер (КВН), студенттік ғылыми жұмыстарымен айналысу жақсы жолға қойылған. Агроөнеркәсіп факультеті студенттер арасында өткізілетін спартакиадаларда үздік нәтиже көрсетуде. Біздің факультетте Азия, Қазақстан және студенттер спартакиадасы жеңімпаздарының оқитынына мақтан тұтамыз.
Студенттік ғылым
          2008 жылы 4 наурызда Ішкі Істер саясат Департаменті ОҚО және М.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті (Шымкент институты) бірігіп Астана қаласының 10-жылдығына орай «Әлем таныған Астана» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, оған біздің ОҚМУ-дан 25 студент баяндама жасады. Секциялық комиссия құрамына ОҚМУ-дың ПОҚ-дан 5 оқытушы кірді. Конференция нәтижесі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дан 8 студент дипломмен марапатталды. Орын алған студенттер арасында Агроөнеркәсіп факультетінің студенттері де бар.
Талапкерге
Бакалавриат:
5В080100 - Агрономия (биология)
Оқу мерзімі: 4 жыл Біліктілігі: Агрономия бакалавры
5В080200 Мал өнімдерін өндіру технологиясы (биология)
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Зоотехния бакалавры
5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану (география)
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Су ресурстары және суды пайдалану бакалавры
5В080600 Аграрлық техника және технология (физика)
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Агроинженерия бакалавры
5В080800 Топырақтану және агрохимия(биология)
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Топырақтану және агрохимия бакалавры
5В090300 Жерге орналастыру(география)
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Жерге орналастыру бакалавры
5В090700 Кадастр(герография)
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Кадастр бакалавры
5В120100 Ветеринарлық медицина(биология)
Оқу мерзімі: 5 жыл
Біліктілігі: Ветеринарлық дәрігер

 

Факультеттің оқу-әдістемелік комиссия жұмысының жоспары
Факультеттің өткізілетін әдістемелік семинарларының жоспары
Факультеттің ашық сабақ өткізу жоспары
ВложениеРазмер
jospar_oku_kommis.doc50 КБ
jospar_oku_seminar.doc37 КБ
ashyk_sabak.doc38 КБ