"Менеджмент" кафедрасы

Сатымбекова Қатира Батырхановна экономика ғылымының кандидаты

Мекен жайы: 160050, Шымкент. Тауке-хан-5 бас ғимарат, 409,410

Тел /факс: 87252 21-23-67

►Профессор-оқытушылар құрамы

Тарихы

          «Менеджмент» кафедрасы,  «Экономика,  өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасы негізінде 1996 ж. қалыптасқан. 2000 жылы кафедра «Экономика» кафедрасының құрамына ендірілген. Біріккен кафедраның штат құрамы көбейгеніне және оқытудың кридиттік техналогиясына өтумен байланысты университеттің Ғылыми кеңесі «Менеджмент» кафедрасын белсенді бөлім ретінде қызмет етуі туралы шешім қабылдады.

Ғылыми зерттеу жұмысы

          Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) «Оңтүстік Қазақстан аймағының әлеуметтік экономикалық дамуы» тақырыбында жүргізіледі. (ғылыми жетекші э.ғ.д., профессор, Құралбаева А.Ш. )

          ҒЗЖ келесі бағыттарда орындалады:

  • ОҚО АӨК дамуының экологиялық –экономикалық тиімділігін арттыру  (Куралбаева А.Ш. - э.ғ.д.,профессор, Айдаров Т.А. - э.ғ.к., доцент,  Иманбаев А.А,  Ибраимова С.С,  Нурсейтов Б.Е, Даурбаева М.У. - э.ғ.к.,  аға оқытушы)
  • Аймақтың экономикалық жүйелерін модернизациялау (Куралбаева А.Ш. - э.ғ.д., профессор,  Нурашева К.К., - э.ғ.д., доцент,  Назарбекова Д.Б., Зиямухамедова С.Х. - э.ғ.к., доцент, Сатыбекова Э.Г., Стамкулова М.У.  - э.ғ.к.,  аға оқытушы, Есенова А.Е. - ә.ғ.к., аға оқытушы, Тулепова Б.Ш. - т.ғ.к., аға оқытушы)
  • Кафедраның ҒЗЖ талдауы баспадан шыққан ғылыми жұмыстар санының 24% өскенін көрсетті. Сондай-ақ шетел баспаларында шыққан жұмыстардың саны көбейген.

          ҒЗЖ нәтижелері оқу процесінде кең ауқымда ендіріледі.

Кафедра профессор оқытушылары түрлі аймақтық, республикалық және халықаралық конференциялар жұмысында қатысады. Студенттер орындайтын ғылыми зертеулерге жетекшілік жасайды.

          Зерттеулер нәтижелері фундаменталдық зертеулер бағдарламаларын орындау үшін ҚР ҰҒА ғылыми қорлары гранттарын алуға жобаларды жасауға, әлеуметтік –экономикалық үрдістерді болжамының экономика -математикалық моделін, ресурстарды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жасауға мүмкіндік береді.

Студенттер және ғылым

          Студенттік ғылымға үлкен көңіл бөлінеді. Студенттер әр –түрлі ғылыми дебаттарда, дискуссияларда, дөңгелек үстелдерде, студенттердің ғылыми конференцияларында  т.с.с. қатысады.

          Кафедрада «Менеджер» атты ғылыми студенттік үйірме жұмыс істейді. Жыл сайынғы студенттік ғылыми конференйияларды студенттер елдің және аумақтың әлеуметтік –экономикалық дамудың түрлі бағыттары бойынша баяндамалар жасайды.

          Біздің студенттер қазақстандық республикалық «Интеллектуалды олимпиада» жобаларында, «Ғасырлар тағылымы» жастар бағдарламасында қатысып 3-ші жүлделі орынды алған.           «Ақиқат» дебат клубының студенттері БҰҰ мен бірге Қазақстан-Британиялық техникалық университеті ұйымдастырған «Білім барлығына» тақырыптағы республикалық дебаттық турнирде қатысып 2-ші орынды алды.

Біздің жетістіктеріміз

          Кафедраның жас ғалымдары Дауырбаева М.У. Иманбаев А.А., Нурсейтов Б.Е., Стамкулова М.У. - э.ғ.к., Есенова А.Е. - ә.ғ.к., гуманитарлық ғылымдар саласында М.Әуезов атындағы премиясы және ғылым мен техника саласында ең жақсы зерттеулер бойынша бірінші Президенттің қоры премиясы таңдауларында қатысты.

Абитуриентке

Менеджмент 5В050700

Оқу мерзімі: 4жыл

Маманның біліктілігі: Менеджент бакалавры

Кәсіптік қызметтің мазмұнымен салалары:

          Кәсіби қызметтің функциялары болып және коммерциялық емес ұйымдары қызметін жоспарлау ұйымдастыру, ынталандыру, реттеу бақылау саналады.

          Бакалавр бітірушінің кәсіби қызметтің типтік міндеттері болып нарықтық экономикамен қатаң бәсекелестік күрес жағдайындағы коммержциялық және коммерциялық емес  ұйымдардың жағдайы мен даму болашағын талдау мен бағалау, басқару аппаратындағы көлденең және тік байланыстары және осның негізінде тиімді қызмет пен дамуды қамтамасыз ететін оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау саналады.

          Кәсіби қызметтің бағыттары кәсіпорының экономикалық қызметтері мен басқаруды ұйымдастыру сұрақтарын шешу, шаруашылық субъектісі дамуының тиімділік баламаларын таңдау персонал қызметінің ынталандыру, иннвациялық қызметі жетілдіру, кәсіпорынды басқарудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру саналады. 

          Кәсіби қызметтің мазмұны болып өндірісті оперативті және ағымдағы басқаруын іске асыру, кәсіборын дамуында стратжегиялық, ағымдағы және оперативті жоспарларды әзіржлеу мен жүзеге асыру, кәсіпорын мен ұйымның тиімді қызмет етуіне бағытталған басқарушылық шешімдерін әзірлеу.

          Жұмыс орындары: кәсіпорындар менеджері, өндірістік кәсіпорындарда және экономиканың барлық салларындағы  ұйымдарының сату, сауда жарнама менеджері, басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары (гимназия, колледж) және ғылыми зерттеу институттары.

Мемлекеттік және жергілікті басқару 5В051000

Оқу мерзімі: 4жыл

Маманның біліктілігі: Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры

Кәсіптік қызметтің мазмұнымен салалары

          Кәсіби қызметінің өрісі: халық шаруашылығын, әкімшілік – аумақтық таксондарды басқару, ұлтттық компанияларда, елдің әртүрлі кәсіпорындарында менеджер мен экономистері.

Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі; ҚР парламенті аппараты; ҚР үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика және қаржының басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудан, қала, обылыс әкімияаттары) және атқарушы органдар аппараты; Ұлттық мемлекеттік  және компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар бола алады.

Магистратура

          Кафедрада 6М050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша профильді және ғылыми – педагогикалық  дайындау бағыттары бойынша магистранттар оқиды.

          Кафедра 6N0507«Менеджмент» мамандығы бойынша «Халықаралық менеджмент» және «Халықаралық жобаларды басқару», ТМД сеттік университет шеңберінде қосалқы дипломдар магистрлік бағдарламалар бойынша мамандар дайындалады. Біздің партнерларымыз: П. Лумумба атындағы Халықтар достығы Рессей Университеті (Москва қаласы), Новосибирск мемлекеттік университеті (Новосибирск қаласы).

ВложениеРазмер
katalog_elektivnyh__disciplin_gmu._menedzhment_2011.doc336.5 КБ

Инновациялық қызмет

►Инновациялық инфрақұрылым
►Инновациялық жобалар
►Жобаларды коммерциализациялау
►Жүзеге асырылған инновациялық жобалардың мысалдары
►ОҚО инновациялық дамыту үшiн ОҚМУ
►Қазақстандағы инновациялар