Факультет деканы - Сарыкулов Құрманғалы Рахманбердіұлы - заң ғылымдарының кандидаты |
|
Факультет кафедралары
Мекен жайы: 486018, Шымкент қаласы. Тәуке Хан даңғылы-5, ОҚМУ, бас ғимарат
Факультет тарихы
Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-ғылыми және әкімшілік құрылымы болып табылады. Факультет шеңберінде «Халықаралық қатынастар», «Заңтану», «Кеден ісі» мамандықтары бойынша негізгі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Құқықтану және халықаралық қатынастар» факультетінің негізінде құрылған.
Факультет құрамына заң және гуманитарлық сипаттағы 8 кафедралар кіреді:
«Халықаралық қатынастар» кафедрасы - кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты Камалдинов Р.А
«Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасы – кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты Ким Э.П.
«Азаматтық және еңбек құқығы» кафедрасы - кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты Елібай М.
«Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасы - кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, доцент Нуртазин Е.К.
«Құқық негіздері» кафедрасы - кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, доцент Исмаилов А.А.
«Философия» кафедрасы- кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының докторы, профессор Мусаева Н.Р.
«Саясаттану» кафедрасы - кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алтаев Б.А.
«Конституциялық және кеден құқығы» кафедрасы - кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты Құсаинова А.О.
Миссия
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «...осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген.
Қазақстан республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.
Осы орайда «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті өз тарапынан еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптарға сай мамандарды дайындауда және әлемдік білім кеңістігіне енуіне жол ашуда.
Факультеттің мақсаттары:
- жоғары кәсіби білім беруде сапалы және тұрақты дамуға қол жеткізу;
- факультет қызметін еңбек нарығында жоғары және кәсіби қажетті мамандар даярлаудағы алдыңғы қатарлы рөлін бекітуге және сақтауға бағыттау;
- шетелдік ғылыми және оқу орталықтарымен қарым-қатынасты дамыту және қолдау;
- ғылыми зерттеулер және оқытудың әдістерін жетілдіру жолымен негізгі білім қорының тұрақты дамуы және сақталуы;
- оқу-тәрбие процесінде ғылым және білім беру саласының жалпы адами және ұлттық құндылықтарына сүйену;
Бағдарламалар
Қазіргі таңда факультетте дүниежүзінде қалыптасқан көп денгейлі білім беру жүйесіне өту жүзеге асырылып отыр.
«Заңтану» баклавриаты бойынша білім беру бағдарламасы заң саласы бойынша пәндерді тереңдетіп оқуға, негізгі құқықтық түсініктерді меңгеруге, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар заңдылығын түсінуге, құқықтық ілім тарихын меңгеруге, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару негіздерін меңгеруге, азаматтық және қылмыстық, азаматтық-іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу бойынша негізгі түсініктер мен санаттарды игеруге, заңтанудың түрлі салаларындағы құқық қолдану қызметінің дағдыларын мен шеберліктерін игеруге негізделген.
«Халықаралық қатынастар» бакалавриатының оқу бағдарламасы төмендегідей мақсаттарды көздейді:
- Студенттерде әлемдік тәртіптің даму механизмдері туралы негізгі түсініктерге және халықаралық институционалдық құрылымдар қызметінің тәжірибесіне негізделген, халықаралық қатынастар тарихы және халықаралық қатынастар теориясы бойынша жүйелі білім қалыптастыру;
- студенттердің белгілі бір теориялық білімді иемденуін, оны тәжірибеде қолдана білуін, әлемдік аренадағы процестерді талдай алуын, оларға баға бере алуы және болжай алуын жетілдіру;
- қазіргі кезеңнің ғаламдық мәселелерінің талдауын, саяси жағдайларды болжап және үйлестіре алатын, теориялық және қолданбалы зерттеулер дағдысын игерген халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайына бейімделуге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.
- Халықаралық қатынастар бакалаврының кәсіптік қызмет объектілері болып әлемдік экономика, мемлекеттің тарихы, әлемдік қауымдастықтың ішкі жүйесі, халықаралық қатынастар, халықаралық ұйымдардың қызметіндегі тәжірибелік және теориялық қырлары, халықаралық жағдайға маңызды ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар, қазіргі кезеңдегі әлемнің ғаламдық мәселелері саналады.
Ғылыми-педагогикалық құрамы
Заңтану, халықаралық қатынастар, саясаттану салаларында ғылыми-педагогикалық қызметпен жүзден астам кәсіби деңгейі жоғары оқытушылар айналысады, оның ішінде 10 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаттары және доценттер бар.
Ғылыми – педагогикалық мамандардың жоғарғы кәсіби деңгейі халықаралық деңгейдегі мамандар дайындауға мүмкіндік беріп отыр. Пәндерді оқытудың сапасын көтеруге Мәскеу, Ташкент қалаларының танымал орталықтарының оқытушыларын тарту дәстүрі қалыптасқан. Ресей Федерациясы азаматы, РФ СІМ жанындағы Дипломатиялық академия профессоры саяси ғылымдар докторы Рудов Г.А. қызмет атқарады.
Оқу үрдісін ұйымдастыруды жақсарту мақсатында факультет төмендегідей шараларды жүргізіп отыр:
- Кәсіби деңгейі жоғары, танымал мамандарды оқу үрдісіне тарту;
- басқарудың әдістері мен түрлерін білім беру сапасымен жетілдіру;
- сапа саласында қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру және жұмыс сапасын көтеруге мотивациялау (ынталандыру);
- заманауи білім беру технологияларының трансферті, шет елдік және отандық инвестициялар (салынымдар) үшін мамандықтың тартымдылық деңгейін көтеру;
- білім беру процесінің барлық кезеңінде тұрақты бақылау жасау;
- Кафедралар шет ел жетекші оқу мекемелерімен бірлесіп ғылыми жобаларды атқаруды жолға қойған. Факультет Ультрех университетімен (Голландия), Ресей Федерациясы СІМ Дипломатиялық Академиясымен, ӨР ҒА Шығыстану институтымен, М.Ломоносов атындағы ММУ, Г. Сковород атындағы БелМУ (Минск), ӨР ҒА Философия институтымен тығыз байланыс орнатқан.
Студенттік өмір
Факультет қазіргі таңда құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ірі ғылыми - әдістемелік орталық болып табылады.
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінде оқытудың білім беру, тәрбиелеу мен дамыту қызметтерінің бірлігі, оқытудағы дәйектілік пен жүйелілігі, білім беру қорларының қолайлылығы, гуманистік сипат және оқыту мен білім беру процесінің жеке тұлғаға бағытталуы, білім алушылардың жекеленген шығармашылығын көрсетуі және дамытуы, білімді меңгеріп алуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауы принциптеріне негізделген.
Профессорлық-оқытушылар құрамы дайындаған оқу-әдістемелік материалдар және оқу құралдары, аудио-видео және мультимедиялық курстар оқытудың ерекшеліктеріне негізделген. Мамандықтар бойынша студенттерге университет кітапханаларында, компьтерлік сыныптарда жұмыс жүргізуге жағдай жасалынған. Интернет, қазіргі таңдағы оқыту технологиясы, тілдік аудио және видео курстар оқу процесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Факультетте студенттердің көп тілді меңгеруіне жағдай жасалынып, университеттің Лингвистикалық орталығымен тығыз байланыста оқу сапасын жақсарту мақсатында, ағылшын, араб, корей, неміс, француз, қытай тілдері оқытылады. Кредиттік оқыту технологияларына байланысты студенттерді оқыту барысында интерактивті әдістер және инновациялық озық ойлар қолданылады.
Біздің түлектер
Факультет түлектері шет тілдерін меңгерген, жоғары білімді мамандар. Халықаралық қатынастар бойынша аталған маман иелері мемлекетіміздің түрлі халықаралық байланыс орындарында, атап айтқанда Сыртқы Істер Министрліктерінде, дипломатиялық корпустарда, елшіліктерде, халықаралық кәсіпорындар мен транс ұлттық корпорацияларда, әкімшіктерде, түрлі фирмалардың сыртқы байланыс бөлімдерінде қызмет етуде.. Ал “Заңтану» мамандығы бойынша 1000 астам түлектер ҚР аймақтарында, ОҚО құқық қорғау органдарында қызмет атқаруда. 20 дан астам түлекетр ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуда.
Бірқатар студенттер Түркия, АҚШ, Англия елдерінде магистратурада оқуын жалғастыруда. Біздің түлектердің ішінде халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері де жетерлік.
Студенттердің тәжірибесі



Студенттердің тәжірибесі алдын-ала жасалған келісім негізінде келесі мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі
Оңтүстік Қазақстан Облыстық прокуратурасы
ОҚО ІІД Шымкент қалалық Еңбекші полиция бөлімі
ОҚО ІІД Шымкент қалалық Абай полиция бөлімі
ОҚО ІІД Шымкент қалалық Әл-Фараби полиция бөлімі
ОҚО Еңбекші аудандық соты
ОҚО Әлфараби аудандық соты
ОҚО Абай аудандық соты
ОҚО Әділет Департаменті
ОҚО Шымкент қалалық арнайы мамандандырылған әкімшілік соты
Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеден Департаменті
ҚР Сыртқы Істер Министрлігі
ОҚО Ішкі саясат басқармасы
Факультет бітірушілері өз білімін магистратурада жетілдіруге мүмкіндіктері бар
Үздік тәлімгер бейнесі!

«Заңтану және Халықаралық қатынастар» факультетінің үздік тәлімгерлерінің бірі Джумадилов Бақыт Джорабекұлының факультеттің тәрбиелік өмірінде, студенттердің тыныс-тіршілігінде алатын орны ерекше деп айтсақ біз қателеспейміз. Өйткені біздің әрбір студентіміздің тұлға ретінде тәрбиелі өнеге болып қалыптасуына байланысты кез-келген мәселе бұл кісіні ешқашан қызықтырмай қойған кез болған емес. Факультет студенттерінің тәрбиелік болмысына шексіз қамқорлық жасап, студенттер үшін оқу орнындағы екінші әкедей боп көрінетін Бақыт аға еш уақытта факультеттің тәрбиелік тынысынан шет қалмай, барлық тәрбие бастамасынан шыққан іс-шараларға бірінші серпін беріп жүреді. Жастарға тәлім-тәрбие бере отыра, жастардын патриоттық-рухани жан-дүниесін байытып, оларды тұлғалық және өз мамандығының үздігі болу үшін талпындыруды Бақыт аға өзі үшін жеке парызындай санайды. Тәртіп, білім және өз бетінше білім алуды жастар үшін қайталанбас қағидаға айналдырған осы тәлімгеріміздің өмірбаяны туралы студенттерге жекелей қысқаша шолу жасау біз үшін өте орынды іс деп ойлаймын.
Джумадилов Бақыт Джорабекұлы 1964 жылы 18 қыркүйекте Оңтүстік Казақстан облысы Байдібек ауданында, мемлекеттік қызметкерлердің отбасында дүниеге келген.
1981жылы ОҚО Шымкент қаласындағы Қ.Спатаев атындағы №7 орта мектебін бітірді.
1984-1986 жылдар аралығында Кеңес одағының қарулы күштер қатарында болды.
1986 жылы Мемлекеттік медициналық институтының Шымкент қаласындағы филиалының «Фармация» мамандығына оқуға түсіп, оны 1991 жылы бітірген.
1992-1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының эксперттік-криминалистикалық бөлімшесінде, эксперт-криминалист болып қызмет атқарған.
1999-2007 жылдар аралығында Казақ гуманитарлық заңтану университетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.
2000-2002 жылдар аралығында осы университеттің сыртай оқыту факультетінде «Заңтану» мамандығында оқып білім алды.
2007 жылдан бастап қазіргі таңға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінде, декан орынбасарының қызметін атқарып келеді. «Заңтану» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге «Криминалистика» және «Жедел-іздестіру қызметінің теориясы» пәндерінен білім береді. Қазіргі уақытта 3 курс, ЮМ 09-1к1 тобының тәлімгері болып табылады.