Заманауи оқыту технологиялары

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздегі білім беру жүйесіне де тың серпін берді. Жахандану дәуірінде Қазақстандық білімнің әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасуы  сөзсіз құбылыс. Әрине бұл орайда, жоғары мектеп өз саласына тиесілі бірқатар міндеттерді шешуге қабілетті  болуы тиіс. Оның ішінде оқытушы-профессорлық құрамның үздіксіз біліктілігін арттырып отыру да  өте маңызды.

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі 19.12-29.12.2018ж. мерзімі аралығында оқытушы-профессорлық құрамына арналған жоспарлы «Заманауи оқыту технологиялары» курсын ұйымдастырды.

Курстың жұмыс оқу бағдарламасы мынадай мақсаттарды қамтыды: оқытушылардың оқытудың заманауи технологияларын меңгеру дағдыларын арттыру, алған білімі мен біліктілігін сабақ беру процесінде шебер қолдана білуге ықпал ету және  өзара тәжірибе алмасуды белсендіру, жобалау мен модельдеу икемділігін жетілдіру, ақпараттар ағымын игеруге машықтандыру.  

Сабақтар барысы төмендегі оқу модельдері бойынша жүргізілді:

  • Заманауи білім беру жүйесі
  • ЖОО оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау.
  • ЖОО оқытушысының оқу-әдістемелік жұмыстары.
  • Жаппай ашық онлайн курстар: даярлау және пайдалану.
  • Әртүрлі технологияларды пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру.
  • ЖОО оқу үдерісінде «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының бірқатар әдістерін пайдалану.

Инклюзивті білім беру.