"Өндірістік, азаматтық және жол құрылысы"

Кафедра меңгерушісі
 
Үсенқұлов Жеңісбек Амантайұлы
 
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы:  160012. ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
Телефоны: 8(7252) 21-23-18, 
 
Жалпы мағлұматтар
           «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы осы аталуымен 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кафедра 050729 – «Құрылыс» (бакалавр) мамандығы бойынша мамандар дайындайды.
           Кафедра құрылыс, транспорт пен сәулет бакалаврларын дайындау барысында базалық және арнайы пәндерді оқытып, курстық және дипломдық жобаларға жетекшілік жасайды.
Атап айтсақ:
  • 050901-«Көлікті эксплуатациялау және қозғалысы тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы
  • 050420-«Архитектура» мамандығы
  • 050805- «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
  • 050703- «Жер құрылымы» мамандығы
  • 050730- «Құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру».
           1999 жылы кафедра 440240- «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығын дайындауға ҚР БжҒМ лицензиясын алды.
           2001/2002 оқу жылынан бастап кафедра 554330-Құрылыс (бакалавр) бойынша, ал 2004-2005 оқу жылынан бастап 050729-Құрылыс (бакалавр) мамандық бойынша студенттерді дайындайды.
 
           Бакалаврларды дайындау: 050729 – «Құрылыс» мамандығы бойынша соның ішінде:
  • «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы»;
  • «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау»;
  • «Жолдар және аэродромдар құрылысы»;
  • «Газмұнай құбырлары және газмұнай сақтағыштардың құрылысы»;
  • «Жылумен, газбен қамтамасыз ету және желдету»; 
  • «Сумен қамтамасыз ету және канализация» мамандандырулары бойынша жүргізіледі.
           Магистранттарды дайындау: 6N0729 – «Құрылыс» бағыты бойынша жүргізіледі.
PhD докторантура дайындау:
  • 052301 – Құрылыс құрылымдары, ғимараттар және үймереттер;
  • 052302 – Негіздер және іргетастар, жерасты ғимараттар;
  • 052308 – Құрылыс технологиясы және ұйымдастыру;
  • 052311 – «Жолдарды, метрополитендерді, аэродромдарды, көпірлер мен транспорттық тоннельдерді жобалау және құрылысы»;
  • 051513 – Газмұнай құбырларының, базалар мен қоймаларының құрылысы және пайдалануы.
Табыстары мен жетістіктері
           2009 жылдың соңында Алматы қаласында сәулет, инженерлік құрылыс және дизайнерлік мамандықтарды   бітірушілердің  дипломдық жобаларының республикалық конкурсы өтті. Осы конкурста Қазақстанның 26 ЖОО қатысты. Бұл конкурста біздің  кафедра «Құрылыс» мамандығы бойынша 4 дипломдық жоба ұсынды. Конкурс біз үшін жемісті болды. І дәрежелі дипломмен (1 орын) ТН 04-16р тобының шәкірті Енжанов Н. (жетекшісі доцент Үсенқұлов Ж.А.) марапатталды. Диплом жобаның тақырыбы: «Астана қаласының №1 бөліміндегі кіші айналма жолдың құрылысы».
           ІІ дәрежелі дипломмен ЗМС 04-9р тобының шәкірті Макакенко В.Д. (жетекшісі доцент Үсенқұлов Ж.А.) марапатталды. Диплом жобаның тақырыбы: «ОҚО Отырар ауданындағы Аль-Фараби тарихи – мәдени кешенінің музейі».
           ІІІ дәрежелі дипломмен ЗТН 07-9ку тобының шәкірті Билисбеков Е. (жетекшісі т.ғ.к. Алдияров Ж.А.) марапатталды. Диплом жобаның тақырыбы: ««Көпіршектіполистрол алынбайтын қалыппен дайындалған тұтастемірбетон қабырғалы 3 қабатты емдеу орталығы. Шымкент қаласы».
           ТН 05-6р1 тобының шәкірті С.Ю. Мальцевтің дипломдық жұмысы ерекше деп есептелініп марапатталды  (жетекшісі доцент Оразбаев Ж.). Дипломдық жобаның тақырыбы «Шымкент қаласындағы 400 орынға арналған мейрамхана залы».
           Ал қараша айында Стамбул қаласында Евразия сәулет құрылыс жоғарғы оқу орнын    бітірішілердің дипломдық жобалары бойынша халықаралық фестивальі өтті.
           ЗМС 04-9р тобының шәкірті В.Д. Макакенконың жұмысы ІІІ-орын алды  – жетекшісі доцент Үсенқұлов Ж.А.
           ЗМС 07-9ку тобының шәкірті Е. Билисбеков жұмысы ІІІ-орын алды  – жетекшісі доцент Алдияров Ж.А.
 
Ғылыми жұмыс
           Ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) негізгі көрсеткіштерінің бірі ғылыми мақалалардың баспадан жарық көруі. Соңғы жылы мемлекеттік ҒЗЖ қорытындысы бойынша кафедра қызметкерлері 30-дан астам ғылыми мақалалар жариялады. Оның ішінде 10-ы республикалық журналдарда, 4-і шетел баспаларында, 9-ы халықаралық конференциялардың ғылыми еңбектерінің жинақтарында басылды.
           Кафедраның ғылыми жұмыстарына студенттер де кеңінен қатынасады. Олар түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, жоғарғы оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға ғылыми баяндамалар жасап,  нәтижелерін талқылайды.
 
Халықаралық қызмет
           Кафедра Ресей Федерациясының (Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті ЖШС В.И. Кучеренко атындағы құрылыс конструкцияларының орталық ғылыми-зерттеу институты, темірбетон ғылыми-зерттеу институты, М.С. Герсеванов атындағы жерасты негіздерін ғылыми-зерттеу институты, тұрғын-коммуналдық шаруашылық академиясы Москва қ., Санкт-питербургтік мемлекеттік архитектура-құрылыс университеті және басқалар), және Өзбек Республикасының (Ташкент архитектура құрылыс институты) жоғарғы оқу орындарымен және академиялық институттарымен ғылыми-педагогтік тығыз байланыста.
ВложениеРазмер
oku_kurstar_katalogi_050729.doc1.28 MB

Инновациялық қызмет

►Инновациялық инфрақұрылым
►Инновациялық жобалар
►Жобаларды коммерциализациялау
►Жүзеге асырылған инновациялық жобалардың мысалдары
►ОҚО инновациялық дамыту үшiн ОҚМУ
►Қазақстандағы инновациялар