Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті

Факультет деканы - Байжанова Сұлушаш Болабиқызы, Техника ғылымдарының кандидаты, доцент   
Факультет кафедралары
"Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы"
"Техникалық мамандықтарға арналған  дене тәрбиесі"
"Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы"
"Тамақ өндірісінің технологиясы "
"Физика"
"Практикалық қазақ тілі"
 
Мекен-жайы:16000, Шымкент, Тауке-хан даңғылы 5, «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультеті
Телефон: 8(7252) 21-02-09,  факс: 8(7252) 21-02-09
Жалпы мәліметтер
          М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультеті тамақ өнеркәсіптерінің барлық мекемелеріне, жобалау және ғылыми зерттеу ұйымдарына, кіші және орта бизнес, орта және жоғары оку орындарына аса қажетті мамандарды даярлайды.
Міндеті
          Шығармашылық потенциалды, инициативі мен жаңалық табушылықты дамыту үшін, студенттерге өз білімін жоғары кәсіптік білімді алудың келесі сатысында білім алуды жалғастыруға мүмкіндіктер жасау болып табылады. Дамудың жоғарғы жағы интеллектуалды деңгейін алу үшін салауатты және тіл байлығын жетілдіру, ойлау мәденитін және еңбекті ғылыми ұйымдастырудың дағдыларын меңгеру үшін жағдай жасау болып табылады.
Бағыты
          «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультеті өз студенттерін үш бағыт бойынша білім береді. Олар: бакалавр, магистратура және докторантура. Білім қызметі сапасын көтеру және оқытудың қазіргі заманғы білім технологияларын енгізу негізінде оқу саласын құру, оқытушылардың ғылыми-пеадгогикалық квалификацияларын жоғарылату, тұтынушыларды әлемдік стандартқа сай біліммен қамтамасыз ету.
          «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультеті Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің өндіріс орындарымен, мекемелерімен байланысын ғылыми-зерттеу саласында кеңейту және деңгейін жоғарылату.
Профессор-оқытушылар құрамы
          Факультетте 152 мұғалім, оның 6-ы профессор, 62–і ғылым кандидаттары және 16 магистр бар.
Студенттік өмір
          Факультет студенттерінің өмірінде оқуға, демалуға, шығармашылық жұмыстар мен ғылыми жұмыс жасауларына жағдай толық жасалған. Дәлірек айтсақ Тоқыма өндірісі және құрал жабдықтары жағынан бүкіл әлемде бірінші орында тұрған Швейцариядағы «Riеter» фирмасы  ұйымдастырып отырған Халықаралық студенттік «Riеter Award 2009» атты ғылыми конкурста «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультетінің «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының 3-курс студенті Б.Тұрақұлов бас жүлдені ұтып алды.
Біздің түлектер
          Біздің түлектер өрңдеу өндірістерінің барлық түрлерінде жұмыс істейді. Сонымен қатар тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдар мен тауарлар технологиясы, жобалау және сапа бағалау ауқымында өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалау-конструкторлық орталықтарда да бар.
Талапкерге
Мамандығы: 5В072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы.
Біліктілігі: технология - бакалавры
Оқу мерзімі-4 жыл
          Жұмыс орны: Тамақ өнімдерін қайта өндеу өндірістерінде; өсімдік шикізатын, арақ-шарап өнімдерін, сыра және алкогольсіз сусындар, квас,шырын және минералды сусындарын өндіретін ендірістерінде өсімдік шикізатын дәнді дақылдар майда және ірі дақылдар (жүгері, бидай) және олардан алынатын өнімдері- ұн, нан өнімдері, макарон, кондитерлік тағамдар. Құрамында қанты бар шикізаттардан алынатын дайын өнімдер-қант, конфеттер, шоколадтар, вафли, печенье, пряниктер өндіру өндірістерінде. Бидай элеваторында қайта өңдеу және сақтау өндірістерінде, нан зауыттарында, конднтерлік фабрикаларында және т.б. Қайта өңдеу өнеркәсіптерінің барлық салалары, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі формадағы кіші және ірі бизнестік жекеменшік кәсіпорындарында, орта және жоғары оқу орындарда жұмыс істейді.
Мамандығы: 5В072700-Азык-түлік өнімдерінің технологиясы
Біліктілігі: технология - бакалавры
Оқу мерзімі-4 жыл
          Жұмыс орны:Азык-түлік өнімдерінің барлык өнімдерін шығаратын өндірістер, дайын тамақ өнімдеріндегі ет, сүт өнімдері, каймақ және ірімшік сары май шығару өндірісі, балық және шұжық өндірісі.
          Консервілеу және тамақ концентраттарының өндірісі май және өсімдік майының өндірісі. Қоғамдық тамақтандыру өндірістері ресторан, кафе, бар, асхана, қоғамдық тамақтандыру өндірісіндегі сервис, тамақ өндірісінің барлық кәсіпорындары, жобалау, ғылыми-зерттеу орталықтары. Кіші және орта бизнес, орта және жоғары оку орындары.Тамақ өнеркәсіптерінің барлық мекемелері, жобалау және ғылыми зерттеу ұйымдары, әр түрлі формадағы кіші және ірі бизнестік жекеменшік кәсіпорындарында жұмыс істейді.
Мамандығы: 5В072600-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
Оқу мерзімі-4 жыл
          Тігін бұйымдарының технологиясы, Тігін бұйымдарының конструкциялануы, Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын модельдеу және көркем безендіру, Тері және былғары бұйымдар технологиясы, Тері және былғары бұйымдарының конструкциялануы. Жеңіл өнеркәсібінің, орташа және кіші бизнес кәсіпорындарының инженер-технологі, мастері; өндіріс зертханасының инженер-лаборант, тоқыма және жеңіл өнрекәсіп, орташа және кіші бизнестің кәсіпорындарының сәнгері.
 
Мамандығы: 5В073300-Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
Оқу мерзімі-4 жыл
Табиғи және химиялық талшықтар өндірісінің технолгиясы; өңдеу өндірісінің технологиясы және құрал жабдықтары; иірім жіп өндірісінің технологиясы; трикотаж өндірісінің технологиясы; мата технологиясы. Жеңіл өнеркәсібінің, орташа және кіші бизнес кәсіпорындарының инженер-технологі, мастері; өндіріс зертханасының инженер-лаборант, тоқыма және жеңіл өнрекәсіп, орташа және кіші бизнестің кәсіпорындарының сәнгері.
ВложениеРазмер
jospar_oku_kommis.doc51 КБ
jospar_oku_seminar.doc33.5 КБ
slayd.ppt764.5 КБ