Факультет жаңалықтары

21.05.2012

«Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

 

 

     Филология факультетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.Оразбаев 18 мамыр 2012 жылы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәспорнында «Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясында «Б.Момышұлы шығармашылығы ХХІ ғасыр көгінде» атты баяндама жасады.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ректоры М.Туғанбаев Құрманғали Мархабатұлы Оразбаевты Алғыс хатпен марапаттады.

 

15.05.2012

4 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесі

 

 

     10.05.2012 күні 4 курс студенттерінің қатысуымен «Бүгінгі студент-ертеңгі маман» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Б.Тілеубердиев, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.Оразбаев, «Қазақ тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент С.Боранбаев, факультет студенттері мен әдіскер-оқытушылар аға оқытушылар С.Әбілқасова, С.Тұрмахановалар қатысты.

 

 

08.05.2012

Алғыс хат

 

 

     02.05.12 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәстүрлі «Абай әлемі» атты республикалық студент жастардың өнер фестивалі өтті. Оған Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасы ФИ-10-1к тобының студенті Жүсіпбекова Умида, ФИ-09-1к1 тобының студенті Өсербаев Жандос, ФИ-09-1к2 тобының студенті Мәуленова Жанеркелер қатысып, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, п.ғ.д., профессор С.Ж.Пірәлиевтің алғыс хатымен марапатталды.

 

02.05.2012

Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

 

             2012 оқу жылының 25 сәуір күні Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасында «Қазақ әдебиеті және оның өзекті мәселелері» секциясы Елбасының «Әлеуметік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына, жолдауына  арналған студенттердің 15-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция төрағасы болып сайланған және жүргізген кафедраның ф.ғ.к., доцент З.Жантасова. Конференцияға Филология факультеті студенттері, Алматы қаласынан Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогикалық университетінің 1,2 курс студенттері және Түлкібас ауданы Абай атындағы мектеп-лицейі, Үш тілде оқытылатын мамандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, «Құралай» жалпы орта мектептерінен оқушылары ғылыми жетекшілерімен бірге қатысып, баяндамалар оқып, тыңдаушылардың  жылы  ықыласына бөленіп, жүлделі орындарды жеңіп алды. 1-ші орынды иеленген              «Мұқағали Мақатаев шығармаларының экологиялық танымдық және тәрбиелік мәні» атты баяндамасымен Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен келген 5В011300-Биология мамандығының 2 курс студенті                 Кубаева Б. Ғылыми жетекшісі: Қазмемқызпудың профессоры Сәтімбеков Р.С.                   ІІ-ші орынды 2 студент иеленді. Ермаханова Шолпан - ФИ-09-5к тобының студенті               Баяндамасы: «Б.Күлеевтің махаббат лирикасы». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Н.Нұрпейісов. Сыпабек Ақтолқын - ФИ-11-1к2 тобының студенті. Баяндамасы: «Ж.Әскербекқызы лирикасындағы ой мен сезім үндестігі». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент З.Жантасова. ІІІ-орынды 5 студент иеленді. Төребай Айгерім –ФИ-11-1к2 тобының студенті. Баяндамасы: «Тәуелсіздік тұсындағы әдебиет (көркем идеялық ұстанымдар, жанрлық-тақырыптық ерекшеліктер)». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент А.Қалшабеков.

Оңғар Назира –ФИ-11-1к1 тобының студенті. Баяндамасы: «Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі салт-дәстүр көріністері».   Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қ.Оразбаев.

Махимова Шырын ФИ-09-1к2 тобының студенті. Баяндамасы: «Абай өлеңдеріндегі адамгершілік қағидаттары». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, ф.ғ.к. Р.Тұрдалиева.

Абдурахманова Шахло –ФИ-09-6к тобының студенті.Баяндамасы: «Миртемир ижодида лирик пейзаж» Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ж.Мадалиев.

Дүйсенбаева Гүлім ФИ-11-1к1 тобының студенті. Баяндамасы: «Әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойнау технологиясының тиімді жолдары». Ғылыми жетекшісі:                       аға оқытушы С.Әбілқасова.

 

 


 

 

     2012 жылдың сәуір айының 25 – шы жұлдызында ағылшын тіл білімі кафедрасында елбасының «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақсатн дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауына арналған жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік- гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 15- ші студенттік конференциясы өткізілді. Ағылшын тіл білімі секциясында 68 баяндама оқылды (оған қосымша бағдарламадан тыс 20 баяндама оқылды).

    Ағылшын тіл білімі секциясы бойынша:

    1-ші орын Фи-08-3р тобының студенті А.Мухитдиноваға берілді

    2-ші орынды алғандар: Фи-10-3р тобының студенті Хусаинова Г.

                                          Фи – 08-3р тобының студенті Костюкова О.

    3-ші орынды алғандар: Фи-08-3р тобының студенті  Машатова С.

                                         Фи – 09-3к тобының студенті Шойманова Ж.

                                         Фи – 10-3р тобының студенті Ахмедова Ш.

    Және де алғыс хаттармен келесі аталған студенттер марапатталды:

    4- ші курс студенттеріне Мартиросян С., Набиева З.

    3-ші курс студентіне: Байметова К.

    2-ші курс студентіне: Асанова З.

    1-ші курс студенттеріне: Мусабаева Д., Ажажа В., Избасарова А.

 

26.04.2012

«Сектадан сақ болайық» атты ашық тәлімгер сағаты

 

 

   25.04.12 күні Филология факультетінің «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының оқытушысы, ФИ-11-3к2 тобының тәлімгері Қалдыбекқызы Мәншүктің ұйымдастыруымен «Сектадан сақ болайық» атты тақырыпта ашық тәлімгер сағат өткізілді.

   Өткізілген ашық тәлімгер сағатының мақсаты: студенттерге секта туралы, дін туралы түсінік қалыптастыру, ХХI ғасырдың аса маңызды мәселелерінің бірі – экстремизм туралы мәлімет беру.

 


 

«Студенттердің рухани, адамгершілік байлығын қалыптастыру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел

 

 

    25.04.12 күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның №1 жатақханасында Филология факультеті «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының оқытушысы, ФИ-09-3к тобының тәлімгері Ф.Салыбекованың ұйымдастыруымен «Студенттердің рухани, адамгершілік байлығын қалыптастыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелге студенттер белсенді қатысып, адам бойындағы рухани, адамгершілік байлықты дамытудың жолдары туралы өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

    Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты елімізді дамыған елдер қатарына қосуда жастар тәрбиесін қолымызға алып, жастарға дұрыс бағыт көрсетіп, рухани құндылықтарымызбен сусындату.

 

25.04.2012

Үздік ашық сабақ

 

 

    20.04.2012 жылы өткізілген «Білім саласындағы инновациялық ақпараттық-педагогикалық технологиялар» жаңашыл-педагогтардың 3-ші форумында «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы А.Н. Жорабекова «Solon. Past Continuous.» атты тақырыпта ашық сабақ – ОБСӨЖ өткізді. Ал 21.04.2012 күні аяқталу конференциясында оқытушы «Үздік ашық сабақ » номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

 


 

«Махаббатым мәңгілік» атты дөңгелек үстел

 

 

    23.04.12 күні «Қазақ әдебиеті» кафедрасына қарасты ФИ-10-1к тобы студенттері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің №1 жатақханасында «Махаббатым мәңгілік» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталған мереке 15 сәуір Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге жатақхана студенттері қатысып, махаббат тақырыбында өз ойларын айтып, қазақ ақын, жазушыларының өлеңдерін оқыды.

 


 

Дипломмен марапаттау

 

 

    «Білім саласындағы инновациялық ақпараттық-педагогикалық технологиялар» тақырыбында жаңашыл-педагогтардың З-ші форумы өттi. Осы форумда Б. Елікбаев «Бастауыш. Бастауыштың тұлғалық мағыналық ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өтіп, үздік ашық сабақ номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

 


 

Филология студенттері облыстық кітапханада

 

 

    23.04.2012 оқу жылында Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасы жанынан құрылған «Жас қалам» әдеби шығармашылық үйірмесінің жетекшісі кафедраның аға оқытушысы, доцент З.Жантасова облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапхасында «Е.Қойбағаровтың жазушылық зертханасы» тақырыбында баяндама жасады. Аталған әдеби іс-шараға Оңтүстік өңірінің ақын-жазушылары, жазушы Тәкен Әлімқұлов және үйірме мүшелері қатысып, жазушының көркем шығармаларына талдау жасады, өз шығармаларынан өлеңдер оқыды.

    23-сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебеп-ғылыми кітапханасының ұйымдастырған мәдени, әдеби іс-шараларына үнемі қатысып, белсенділік танытқаны үшін ФИ-08-1к2 тобының студенті Абаева Шырын, Ерімбетова Алтынайлар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


 

«Табиғат және Адам» атты тәрбие сағаты

 

 

    2012 жылдың 23 сәуіріңде Фи-11-9к1 студенттерімен топ тәлімгері С.М.Сихымбаеваның жетекшілігімен «Табиғат және Адам» атты тәлімгер сағаты сайыс ретінде өткізілді. Топ студенттері толығымен қатысып, тақырыпты аша білді. Факультет деканы Б.М Тілеубердиев осы тақырыпта тәрбиелік мәні зор табиғат жайлы ұлағатты сөздер айтып, оны аялау керектігін атап өтті.

    Іс-шараның басты мақсаты: студенттерді қазіргі жағдайдағы экологиялық проблемаларды алдын алу, сонымен қатар табиғи ортаның сапасымен халықтың денсаулығын жақсарту өз қолымызда екендігін, қоршаған табиғи ортаға деген дұрыс қарым-қатынасты жақсарту.

 

 

24.04.2012

«Дені саудың - ойы сау» атты ашық тәлімгер сағаты

 

 

    20.04.2012 күні «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы ФИ-10-3к тобы тәлімгері М.Айменова мен топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Дені саудың - ойы сау» атты тақырыпта ашық тәлімгер сағаты өткізілді. Шымкент қаласындағы №2 жүйке аурулар интернатының мейірбикелері Байдилдаева Шарипа, Жусипбаева Роза, «Балапан» бөбек жайының тәрбиешісі Джарылкапова Қалампыр ұйымдастырылған ашық тәлімгер сағатының қонағы болып, студенттерге салауатты өмір салтын ұстану жолдары жайында өз ойларын айтып, оларды тазалыққа, спортпен айналысуға шақырды.

 


 

Пәндік олимпиада

 

 

    Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2012 жылы ақпанның 17-18 жұлдызында пәндік олимпиада өтті. Студенттер олимиадаға белсенді қатысты. 1 орынды Н.Исмаилова, ФИ09-8р тобы; 2 орынды – Ф.Гияги, ФИ09-8р тобы, 3 орын – К. Ажибаева, ФИ 09-2р тобы студенті иеленді.

 

21.04.2012

Шет тілінен дәстүрлі студенттік Олимпиадасы

 

 

    17.04.2012-20.04.2012 ж.ж аралағында «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен ОҚМУ студенттерінің арасында шет тілінен кезекті дәстүрлі студенттік пәндік Олимпиадасын өткізді. Олимпиада барысында студенттер өздерінің шет тілінен меңгерген жан жақты білімдерін сайысқа салып, жақсы нәтиже көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынға ЮМ11-3р тобының студенті Сариева Асел, екінші орынға ЕП11-1к3 студенті Байғалиқызы Асем, үшінші орынға ЕП11-4к2 тобының студенті Оразхан Улпан ие болды.

 


 

«ІІ Хакім Абай» атты дәстүрлі аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

 

    19.04.2012 ж. ОҚО Түлкібас ауданында Абай атындағы мектеп-лицейде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын мектепте оқыту мен зерттеу бағытындағы «Хакім Абай» атты ІІ дәстүрлі аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастыру алқасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. А.Б.Қалшабеков мүшелік етіп, «Абай және ислам», «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.М.Оразбаев «Абай мен Б.Момышұлы шығармаларындағы рухани сабақтастық» тақырыбында баяндама жасады.

 

19.04.2012

№64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясында педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші Фи-08-1к2 тобының студенттерінің сабақ өту барысы.

 

 

    17.04.2012ж Фи-08-1к2 тобының студенті Абаева Шырын 11 «б» сыныбына «Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығырмашылығы» тақырыбында ашық сабағын өту барысында

 

 

    Фи-08-1к2 тобының практикант-студенті Керімқұлова Жансая 10 «б» сыныбына «Шоқан Уәлихоновтың өмірі» тақырыбында сабақ түсіндіруде

 

 

    Фи-08-1к2 тобының студенті Баубекова Гүлнар 9 «ә» сыныбының оқушыларына «Ілияс Жансүгіровтің өмірі және шығармашылығы» тақырыбында сабақ өту үстінде

 


 

«Мемлекеттік тіл үздігі» атты байқау

 

    2012 жылдың 13 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина институтында «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен ЖОО арасында байқау өтті. Байқауға филология факультетінің І курс ФИ-11-3р Ажажа Вадим мен ІІ курс ФИ-10-1к студенті Жүсіпбекова Умида қатысып, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, 1-ші орынға ие болды. 16 сәуір күні факультет деканы Б.М.Тілеубердиев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі.

    Жүсіпбекова Умиданың сертификат пен жеңіс кубогын алған кезінен көрініс.

 

17.04.2012

«Мектеп пен дін» атты тәлімгер сағаты

 

 

    2012 жылдың 13 сәуірінде Фи-09-9к1 топ студенттері топ тәлімгері Г.О.Жетпісбаеваның жетекшілігімен «Мемлекет пен дін» атты ашық тәлімгер сағатын өткізді. Топ студенті Оралбек Айгерім баяндама оқып, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Кафедраның аға тәлімгері Г.Б.Жораева аталған тақырыптың тәрбиелік мәнінің зор екендігін және де осы тақырыпта өзге топтарда да ашық тәлімгер сағатын өткізу туралы ұсыныс жасады.

    Өткізілген іс-шараның басты мақсаты: студенттерді діни нормативті-құқықтық іс-қағаздарымен, діни экстримизмге байланысты өткізілген іс-шаралармен таныстыру, сабырлылыққа және де өзге ұлт өкілдерінің дініне деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

 


 

Дипломмен марапаттау

 

     Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, аға тәлімгер Ж.Мадалиев Ресей Федерациясының психологиялық ғылымдар халықаралық академиясының президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор В.В.Козловтың №7 хаттама, 17.03.2012 ж. бұйрығымен психологиялық ғылымдардың халықаралық академиясының «Құрметті мүшесі» болып сайланып, дипломмен марапатталды.

     Ж.Мадалиев Қазақстанда ай сайын шығатын республикалық «Жұлдыздар отбасы: Аңыз адам» журналына (№7 (43) сәуір, 2012ж.) «Дүниежүзіндегі Қожанасыр әңгімелерін жинақтап, зерттеу қажет» деген тақырыпта сұхбат беріп, Қожанасыр әңгімелерін зерттеген ғалымдар, оның әңгімелерінің мазмұны мен тақырыбы туралы баяндаған. 09.04.2012 ж. кафедра ұжымы Ж.Мадалиевті қызу құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.

 

12.04.2012

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

 

     ФИ 09-1к1 тобының студенттері 15-сәуір «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күніне арналған « Махаббат-таусылмайтын әңгіме» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасы

 

     09.04.2012 жылы «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Бимаханбетова Нурсауле Бухарбайқызы №1 жатақханада кезекті кезекшілік кезінде жатақхана студенттері арасында психолог Г. Т. Айтжановамен «Бес құндылық, психотерапиялық жаттығу» атты психологиялық треннинг ұйымдастырды. Треннингті өткізудің мақсаты студенттердің бойындағы мейрімділік қасиетін арттыру, ата-ананы құрметтеу, өзін- өзі сыйлау, білімге деген құштарлық және рухани-мәдени дамуын арттыру. Кештің қонақтары «Жастар ісі жөніндегі комитет» төрағасының орынбасары Г.Джолчубекова, «Филология» факультетінің аға тәлімгер Ұ. Д.Серікбаева кеш жайында өздерінің позитивті ой-пікірлерін айтып өтті.

 

07.04.2012

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

 

       03.04.2012 ж. Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен оқу-әдістемелік семинар өткізіліп, ф.ғ.к., доцент А.Қалшабековтың «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен дайындаған оқулығына талдау жасалды. Аталған оқулыққа ұсыныстар мен оң пікірлер айтылып, баспаға ұсынуға қаулы қабылданды.

 


 

«Ағылшын тіл білімі» кафедрасы

 

 

     04.04.12 күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің №7 ғимаратының акт залында «Филология», «Педагогика және мәдениет», «Агроөнеркәсіп», «Спорт және туризм», «Жаратылыстану-педагогикалық» факультеттерінің аға тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен тәлімгерлерге арналған «Жас тәлімгерлердің тәрбие берудегі іс-тәжірибесін инновациялық дамыту жолдары» атты тақырыпта семинар болып өтті. Семинарға «Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі» проректоры С.К.Бейсенбаев, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» бөлімінің бастығы А.С.Наукенова, «Жастар ісі жөніндегі комитеттің» төрағасы Б.Т.Дүйсебеков, факультет, кафедралардың аға тәлімгерлері мен оқытушылары қатысты. Күн тәртібі бойынша 7 баяндама оқылып, тәлімгерлер тарапынан сұрақтар беріліп, қойылған мәселелер талқыланды. Филология факультеті «Ағылшын тіл білімі» кафедрасынан М.Қалдыбекқызы «Жас тәлімгерлердің тәлімгер сағатын сапалы ұйымдастыруда жіберілетін кемшіліктері»  атты тақырыпта баяндама оқып, жас тәлімгерлердің бүгінгі күні тәрбие сағатын өткізу барысында кездесетін өзекті мәселелерге тоқталды. Семинар соңында қорытынды сөзді «Тәрбие ісі және жастар саясаты» бөлімінің бастығы А.С.Наукенова алып, семинар сұрақтарын қорытындылады.

 


 

Қазақ тіл білімі кафедрасы

     Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы А.Бектас тәлімгерлік жасайтын ФИ 10-5 к тобында 3.04.2012 ж «Қазіргі қоғамдағы Ислам дінінің орны» атты тақырыпта тәлімгерлік сағатын өткізді. Тәлімгер сағатының мақсаты: қоғамдағы діннің орны мен насихатталуын  студенттерге түсіндіру. Топ студенттері тақырыпқа байланысты баяндамаларын оқыды.

 

 


 

«Мектеке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістмесі» кафедрасы

 

 

     28 наурыз күні ФИ-10-10кс тобы студенттерімен «Наурыз - жыл басы» атты тақырыбында аға оқытушы,  ҚР білім беру ісінің үздігі К.С.Алиеваның басқаруымен тәлімгерлік іс-шара өткізілді. Бұл іс –шараның өткізілу мақсаты: студенттерге ұлттық тәрбие беру.

 

27.03.2012

 

     2012 – жылдың наурыз айының 26-шы жұлдызында ФИ 10-3р тобының тәлімгері А.Б. Баймаханованың жетекшілігімен «СПИД-ғасыр індеті» атты ашық тәлімгер сағаты өтті. Қазіргі таңда алкоголь, есірткі, токсинді заттардың қол жетімділігі ауру жұқтырудың ыңғайын туғызады.

     Тәлімгер сағатына филология факультетінің студенттері мен оқытушылары шақырылды. Сабақ барысында студенттер «СПИД-ВИЧ деген не? ВИЧ пен СПИД-тің айырмашылығы неде? ВИЧ пен СПИД-ке қалай душар болады? Ауру жұқтырудың жолдары мен олардың саны қанша? Аурудың шығу тарихы. Алдын алу шаралары.

 


 

 

     «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы. 26.03.2012 жылы «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Калибекова Л.А. «The political system of the USA» атты тақырыпта ФИ11-10к1 тобымен дөңгелек стөл өткізді.

 


 

 

     Наурыз мерекесі қарсаңында 25 наурыз күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ФИ-8-8р, ФИ08-2р студенттер арасында «Мейрімділік – ғажайып нәрсе» (мейрімділік, әсемдік пен ақылдылық сабағы) атты тәрбиелік іс-шарасын өткізді.

 

19.03.2012

 

     2012 жылдың 12 наурыз күні ФИ-10-9к2 тобында Уразбакова У.Т басқаруымен «Ана- өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты- студенттердің анаға деген құрметтеу сезімін нығайту.

 


 

 

     15.03.2012 жылы ФИ-09-5к тобында «Еңбек етсең-емерсің» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатына факультететтің аға тәлімгері Серікбаева Ұ. және кафедра оқытушылары қатысты.

 


 

 

     15.03.2012 жылы «Гуманитарлық мамандыықтар бойынша шет тілдер»кафедрасының оқытушысы Г.С.Ормаханова СТ 11-2к1 тобымен бірге «Менің туған қалам» тақырыбында әңгіме өткізді. СТ 11-2к1 тобының студенті Каймова Алия аталған тақырыпта баяндама оқыды.

 

12.03.2012

 

     2012 жылдың наурыз айының 10 – шы жұлдызында Фи – 11-3р тобында тәлімгер Г.Б. Избасарованың жетекшілігімен халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Мама - алғашқы сөз» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат өткізілді. Қонаққа студенттердің аналары мен апалары шақырылды. Сабақ барысында видео роликтер, студенттер аналары мен апаларына арналған алғыс хаттарын оқып, келген қонақтармен ойындар ойналып, қызықты өткізілді.

 


 

 

     27.02.2012 жылы «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Ш.К. Арапова СТ 11-3к1 тобымен бірге «Places to visit in London» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. СТ 11-3к1 тобының студенті Мырзаханова Ләззат аталған тақырыпта баяндама оқыды.

 

20.02.2012

 

 

    «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»

    «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы 15.02.12 күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Филология факультетінде, сонымен қатар тәлімгерлік сағаттарда және студенттер жатақханаларында  жан-жақты талқыланды

    Елбасы Жолдауының маңыздылығын түсіндіру мақсатында   «Саясаттану және қазіргі Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы А.Кенжеев факультет оқытушылары, тәлімгерлері және студенттеріне арнап баяндама оқып, талқылады.

    Студенттер Елбасының Жолдауын талқылауға белсене қатысты

    Факультет оқытушылары Жолдауды белсене талқылады

 

18.02.2012

 

«Ағылшын тіл білімі» кафедрасы

 

Филология факультеті «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы бойынша өтіліп жатқан педагогикалық және өндірістік іс-тәжірибелер туралы мәлімет

 

№7 Сыпатаев атындағы мектеп-лицейі, №20 Титов атындағы мектеп-гимназиясы, №23 З.Космодемьянская атындағы мектеп-лицейі, №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясы кафедра студенттерінің іс-тәжірибе және ОҒБК (УНОК) өтетін базалары болып табылады.

 

 

050119 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс ФИ-09-3к тобы (28 студент), 2 курс (күндізгі қысқар. оқу түрі) ФИ-10-3кс тобы (6 студент) №7 Сыпатаев атындағы мектеп-гимназиясында, 3 курс ФИ-09-3р тобы (15 студент) №23 З.Космодемьянская атындағы мектеп-лицейінде педагогикалық іс-тәжірибені 16.01.12-04.02.12 аралығында өтіп келді.

 

 

050119 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс ФИ-08-3к2 тобы студенті Маханова А. интерактивтік әдістерді қолдана отырып 11 «е» сыныбында «Inventions» атты тақырыпта интерактивтік тақта, ноутбуктардың көмегімен материалдарды ұтымды пысықтай отырып, ашық сабақ өтті.

 

 

Жоғарыда аталған мектеп ұжымы студент-практиканттардың тілдік даярлығының жақсы деңгейде және ағылшын тілінің қазіргі әдістемесін жетік меңгергендігін атап өтіп, жаңа оқу жылында жоғарыда аталған мамандық студенттерін өндірістік іс-тәжірибеден өз мектептерінде өтуін сұранады.

 

 

050119- «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы, 4 курс студенттері жоғарыда аталған мектептерде педагогикалық іс-тәжірибе өтіп жатыр.

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасы

 

 

     2012 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңгырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» (27 қантар 2012ж.) жасалынған жолдаумен ПИК11-15к2, ПИК11-15к3 топтардын студенттерін «гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдер» кафедрасының аға оқутышы А.М. Абишева таныстырды. Студенттер әңгіме кезінде жолдаудын бірнеше мәселерине көңіл аударды : әлеуметтік .денсаулық сақтау, білім және басқа салада. Жолдаудың ең маңызды белгісі Қазақстан жолынын жаңа кезені-экономиканы нығайтудын, халықтын әл-ауқытын арттырудын жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі кезде бұл әлеуметтік экономикалық жаңғыртудың тубегейлі мәселесі. Бұл тану он жылдықтардағы Қазақстан дамуын басты бағыты.

 

12.12.2011

 

 

23.11.2011 күні ФИ-08-1к1 тобында «Тілдің таңбалық сипаты» тақырыбында жалпы тіл білімі пәнінен ашық сабақ өтілді. Пән оқытушысы Әлімқұлов Ә.

23.11.2011 күні ФИ-08-1к2 тобында «Ғажайып саяхат» атты  дүниежүзіндегі туризм мен Қазақстандағы туризмнің дамуына арналған тәлмгер сағаты өтті. Топ тәлімгері ф.ғ.к., доцент Ж. Әділбекова.

 

 


 

Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

 

01.12.2011 күні «Әуезов оқулары – 10: «20 жылдық белес: ғылым, білім және мәдениеттің инновациялық даму бағыттары»  атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Секция жұмыстары 2 күн жалғасты, 02.12.2011 жылы қорытындылады. Кафедрадан 7 баяндама берілді. Конференцияға кафедра оқытушылары қатысты.

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасы

 

 

24.11.2011 жылы,  8-ші оқу ғимаратында 411-ші аудиторияда сағ 15-00 филология, педагогика және мәдениет, заңтану және халықаралық қатынастар, жаратылыстану-педагогикалық, спорт және туризм факультеттерінің студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі студенттік ғылыми тәжірбиелі конференция өтті. Конференцияға барлық студенттер белсенді қатысты. Конференция барысында келесі  маңызды тақырыптар талқыланды: “Қазақстанда үш тұғырлы тілдің дамуы”, “Қазақстанда рухани-мәдениеттердің дамуы”, “Қазақстанның бүкіл әлемдік одақтастастықта алатын орны”.т.б

 

 

2011жылы қараша айының 25 жұлдызында, А.Жорабекова ЮМ-11-2к1 тобының студенттерімен  “Solon. Past continuous tense” атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Оқытушы тақырып бойынша интерактивті тақтада презентация көрсетіп, магнитофон мен кеспе қағаздарды қолданды. Студенттер екі топқа бөлініп, инновациялық әдістер қолданылды. Л.Төребекова мен Д.Әбі белсенді қатысты.

 


 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

 

     «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл» деген бастамамен   22 қараша күні   2011 жылы «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті А.Б.Қалшабеков М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамынан ішінен  үздік дәріс байқауына қатысып,  1-ші орын иегері атауымен І дәрежелі дипломмен марапатталды. Филология факультетінің деканы Б.М.Тлеубердиев  |«Қазақ әдебиеті» кафедрасы ұжымын  құттықтап, жемістер мен творчествовалық табыстар тіледі.

 


 

 

               24 қараша 2011 жылы филология факультетінде студенттердің ғылыми конференциясының пленарлық ашылуы болды.       

                25 қараша 2011 жылы «Қазақ әдебиеті» кафедрасында «Қазақ әдебиеті және оның өзекті мәселелері» тақырыбында секция өз жұмысын бастады. Бағдарламада 32 студенттің баяндамасы жоспарланып, оның 31 тыңдалды.

               Секция төрағасы ф.ғ.к., доцент З.Жантасова конференцияның секция жұмысын жүргізді. Конференцияға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысып, үздік баяндамаларды сараптай келе, 1-1 орын, 2-2 орын, 3-5 орын берілді.

               1-орын Фи-08-1к1 тобының студенті Қасымова Арайлым. Тақырыбы: «Н.Ораз прозасындағы көркемдік таным». Ғылыми жетекшісі: З.Жантасова.

               2-орын ФИ-11-1к1 тобының студенті Есенбаева Жансая. Тақырыбы: «Абай мен Бауыржан шығармашылығындағы  рухани үндестік».  Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қ.М.Оразбаев.

              2-орын ФИ-09-5к тобының студенті  Шынәділова Нұрилә. Тақырыбы: «Қазақ поэзиясында елдік пен ерліктің жырлануы».  Ғылыми жетекшісі: Р.С.Тұрдалиева - ф.ғ.к., аға оқытушы.

             3-орын ФИ-08-1к1 тобының студенті Амирова Гаухар.  Тақырыбы: «Ш.Құдайбердіұлының  шығармашылығындағы діни көзқарастар». Ғылыми жетекшісі: С.Т.Әбілқасова - аға оқытушы.

            3-орын  ФИ-08-1к1 тобының студенті  Махимова Шырын.  Тақырыбы: «Н.Мәукенұлы  поэзиясындағы  жыраулық дәстүр жалғастығы».

      Ғылыми жетекшісі:З.Т.Жантасова - ф.ғ.к., доцент.

           3-орын  ФИ-09-1к1 тобының студенті  Эргашева Малика. Тақырыбы: «Шекспир  шығармаларының аударылуы».  Ғылыми жетекшісі: Г.Ы.Серкебаева - аға оқытушы

           3-орын    Эгамбердиева Фарида - ФИ-09-6к тобының студенті. Тақырыбы:   «М.Әуезов және өзбек әдебиеті».  Ғылыми жетекшісі: Ж.Қ. Мадалиев - аға оқытушы.

          3-орын    Қуттиева Шолпан - ФИ-08-1к1 тобының студенті. Тақырыбы: «1960 жылдардағы әдеби процесс». Ғылыми жетекшісі: А.Б.Қалшабеков - ф.ғ.к., доцент.

 


 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

                 М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ті филология факультеті студенттерінің арасында өткен «Қазақ әдебиеті және оның өзекті мәселелері» тақырыбында өткен ғылыми конференцияда ерекше белсенділігі мен ғылыми ізденісте белсенділігімен танылған студенттерді  2011 ж. қарашаның  28 күні 301 ауд. кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.Оразбаев  марапаттады.

              30 қараша 2011 ж. «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті А.Қалшабеков Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты дайындаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің   20 жылдығына арналған «Тілдердің үш тұғырлығы» бағдарламасы аясында тілдерді оқытуды қарқынды жүргізу» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинарда «Үздік баяндама» номинациясына  ие болып марапатталды.

 

21.11.2011

 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

 

     18 қараша 2011 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і филология факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстаным-менің» атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге филология факультетінің ғылым докторлары, кандидаттары мен оқытушылардың еңбектері қойылып, студенттерге таныстырылды.

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасы

 

 

     17.11.2011жылы «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Бимаханбетова Н.Б. «Customs union. Modal verbs» тақырыбында ЕП-10-5к2 тобының студенттерімен ашық сабақ өтті.

 


 

Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

 

     Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., доцент С.Р.Боранбаев 2011 жылдың 2-қарашасынан 16-қарашасы аралығында Армения Республикасына Орта ғасырлардағы армян және араб графикасымен хатқа түскен жазба ескерткіштер материалдарын жинап қайту мақсатында Түркі академиясы тарапынан жарияланған байқаудың орындаушысы ретінде «Көне түркілердің іргелі және кескіндемелі қолданба өнерін түркі мәдени кешенінің қалыптасу аясында зерделеу» жобасы бойынша жоспарланған ғылыми іс-сапарға барып қайтты.

 

 

     Аға оқытушы Бектас Айнұр 31.10.11-12.11.11 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орындары оқытушылары- ның Біліктілікті арттыру институтында Қазақ тілі мамандығы бойынша толық курсын тыңдап, куәлік алды.

 


 

 

     2011 жылдың 18 қарашасында сағат 17.30-да №1 жатақханада орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының тәлімгерлері мен студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жыл толуына орай ашық әдеби-ән кешін өткізді.

 


 

"Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі" кафедрасы

 

     2011 оқу жылы 17 қарашада ФИ-11-9к1 тобы студенттерімен "Діни сауаттылықты арттырайық" атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара тәлімгер Сихимбаева Света Маметқызының басқаруымен жүргізілді.Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты: студенттерге әр түрлі дәстүрлі емес діни ағымдар туралы және олардан аулақ болу туралы түсінік беру.

 

16.11.2011

 

“Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі” кафедрасы

 

 

     Ресей Федерациясынан шақырылған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ж.Амиргазин 6М010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 6М010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының магистранттарына бекітілген бағдарлама бойынша 31.10. – 23.11.2011ж. аралығында лекция оқуда.

 

 

     10 қараша 2011 оқу жылында Фи11-9к1 тобы студенттерімен “Тәуелсіздік тұғыры” атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара тәлімгер Сихимбаева Света Маметқызының басқаруымен жүргізілді. Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты: тәуелсіздікке 20 жыл толуына байланысты студенттердің патриоттық сезімін арттыру болып табылады.

 

 

     9 қараша күні ФИ-10-9к2 топ студенттерімен «Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара тәлімгер аға оқытушы Уразбакова У.Т басқаруымен жүргізілді. Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты: тәуелсіздікке 20 жыл толуына байланысты студенттердің патриоттық сезімін ояту және отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

 


 

Ағылшын тіл білімі кафедрасы

 

 

     11.11.2011 жылы кафедраның аға оқытушысы Халмирзаева К.С. жетекшілігімен Фи-08-3к2 тобында «Кәсібім-менің мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында студенттер әр мамандықтың қыр-сырын, қиыншылығы мен қызықтылығын әртүрлі көріністермен аша білді.

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасы

 

 

     10.11.2011 жылы кафедра оқытушысы Арапова Ш.К. СТ-11-3к1 тобымен бірге «Тәуелсіздік – елдің биік тұғыры» тақырыбында әңгіме өткізді.

 

 

     11.11.2011 жылы кафедра оқытушысы Ормаханова Г.С. СТ-09-3к тобымен бірге «Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. СТ 09-3к тобының студенті Құрғанова Фарида осы тақырыпта баяндама оқыды.

 

10.11.2011

 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

 

     4.11. 2011 ж. сағат 11:05-те 407 аудиторияда ФИ-11-1к1, ФИ-11-1к2 топтарында Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті А.Б.Қалшабеков «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен «Әдеби процесс» тақырыбында ашық сабақ өтті.

     Ашық сабаққа ОҚМУ-ң Оқу-әдістемелік бөлімінен құрылған комиссия мүшелері, кафедра меңгерушілері мен оқытушылар қатысып, оң баға берді.

     Оқу – әдістемелік бөлімінің бастығы Ш.Б.Тасыбаева ашық сабақты талдап, өте жоғары баға берді.

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасы

 

 

     03.11.2011 жылы кафедраның аға оқытушысы Мақұлбек А.Б. ЕП-10-1к1,2 тобының студенттерімен «Қазақстан ЕҚЫҰ-на төраға» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

 


 

Ағылшын тіл білімі кафедрасы

 

 

29 қазан 2011 жылы ағылшын тіл білімі кафедрасының 1-ші курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Менің тәуелсіз мемлекетім» атты тақырыпта мерекелік іс-шара тәлімгерлер  Сеитова А.Е., Қалдыбекқызы М., Избасарова Г.Б., Игамбекова Г.Г. басқаруымен өткізілді. Мерекелік іс-шараның өткізілу мақсаты: студенттерді отансүйгіштікке баулу, тәуелсіз мемлекетімізді қадірлеп-қастерлеуге үйрету және ұлттық дәстүрді жаңғырту.

 


 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

 

     Астанамыз Астана каласында 2011 жылдың қазан айының 25-26 жұлдыздарында «Қазахстан және евразиялық идея жаңа әлемде» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Форумда орыс тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі Л.К. Яковенко дөңгелек столда баяндамасы мен шықты.

 


 

Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

         24.10.11- 29.10.11 кундері п.ғ.д., профессор А. Жапбаров пен ф.ғ.д., доцент Б. Елікбаев Елордасы Астанаға Ұлттық тестілеу орталығына сарапшылар комиссиясының мүшесі болып қайтты.

         Кафедраның 10.02.00-Тіл білімі мамандығы бойынша 3 курс докторанттары Б. Көпбосынов пен Қ. Елібаева, 6Д020500-Филология мамандығы бойынша  2 курс докторанты  А. Мейрбеков 23.10.11 - 25.11.11ж. аралығында  Турция мемлекеті Измир қаласына ғылыми машықтануға кетті.

 

1.11.2011

 

 

     2011 жылдың 27 қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Филология факультетінде мектеп әкімшіліктерінің қатысуымен «Гуманитарлық пәндерді 12 жылдық мектепте оқыту мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарды ұйымдастырушы модератор факультет деканы ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев.

     Семинарға Оқу-әдістемелік басқармасының директор орынбасары т.ғ.к. С.С.Пернебеков, Педагогика және мәдениет факультетінің деканы п.ғ.д., профессор Ә.Б.Нұрлыбекова, ОҚО мектеп әкімшілігінен Ленгір қаласы №5 мектеп-гимназиясының директоры С.И.Бородина, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №8 Дулати атындағы мамандандырылған гимназия директорының орынбасары Л.А.Қасымбекова, Фурхат атындағы №37 мектеп директоры Г.С.Байбосынова, Ш.Айтматов атындағы №46  мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Т.В.Таукеева,Облыстық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының мамандары, ОҚМУ-дегі ОӘБ-нің қызметкерлері және университет кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылары қатысып, 12 жылдық білім бағдарламасы бойынша жүргізіп жатқан эксперимент барысы туралы және оның мәселелері мен шешу жолдары  тұрғысында  ой бөлісті.

 

 


 

 

     Филология факультетінің 3 курс студенті Ережепова Әсел Алмасқызы (мамандығы 050205 «Филология: қазақ тілі») дарынды студенттерді әлеуметтік қолдауға бағытталған «БТА стипендиясы» проектісінің қорытындысы бойынша аталған стипендияның иегері атанды. Әселді шын жүректен құттықтай отырып, оқуда шығармашылық табыс тілейміз!

 


 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасына қарасты ФИ-09-5к тобының студенттерімен ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» атты көрмесі болып өтті. Көрмеге факультет деканы ф.ғ.д., профессор Тілеубердиев Б.М., кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., доцент Боранбаев С.Р., Қазақ әдебиет кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Оразбаев Қ.М., факультеттің аға тәлімгері Серікбаева Ұ. және факультет оқытушы-профессорлары қатысты.

 


 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

 

Қазан айының 25 күні Филология факультеті «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Жумағұлованың ұйымдастыруымен «Законопослушность – залог успеха» атты тақырыпта құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы кәмілетке толмағандармен жұмыс жасау бөлімінің участкелік инспекторы, полиция капитаны Т.Е.Юсипова, қалалық ішкі істер бөлімінің полиция майоры Б.Б.Аскаров және кафедра студенттер қатысты. Полиция майоры Б.Б.Аскаров, полиция капитаны Т.Е.Юсипова студенттерді қылмыс түрімен және оны алдын алу жолдары жайында мәлімет берді және студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы

 

Кафедра оқытушысы Калибекова Л.А. 25.10.2011 жылы ФИ-11-9р тобымен бірге «Тәуелсіз Қазақстан-20 жылдың жетістіктері» атты тақырыпта дөңгелік үстел өткізілді.

 

Кафедра оқытушысы А.Д. Жекебай 26.10.2011 жылы ЕП-10-10к1 тобымен бірге «Неміс тілінде сөйлейтін елдердің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. ЕП-10-10к1 тобының студенті А.М. Халмурзаева осы тақырыпта баяндама оқыды және оны қорғады.

 

Кафедра оқытушысы Г.С. Ормаханова 27.10.2011 жылы СТ-10-3к2 тобымен бірге «Біздің университет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 


 

Ағылшын тіл білімі кафедрасы

«100 күн – 100 игі іс» акциясының аясында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қазан айының 24 күні Филология факультетінің «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы аға тәлімгері К.С.Халмирзаеваның ұйымдастыруымен қабырға газеталар байқауы өтті.

Байқауға «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының барлық академиялық топтары қатысты.

Әділ қазы мүшелері (декан орынбасары А.С.Швайковский, факультет аға тәлімгері Ұ.Д.Серікбаева, аға оқытушы Ж.Ж.Жұмағұлова) шешімі бойынша 1 орынды ФИ-08-3к2 тобы студенттері, ФИ-08-3р тобы студенттері және 3 орынды ФИ-10-7р тобы студенттері иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

«Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, тәлімгер Р.С.Тұрдалиеваның тәлімгерлік ФИ 11-1к1 тобының студенті Егембердиева Ажар 27.10.2011 жылы № 7 ғимаратының акт залында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған фестивальде дәстүрлі әндер байқауы бойынша бағдарламалық жүргізушісі болды. Фестивальде біздің университет факультеттерінің студент жастары қазақ әндерін орындады. «Сырлы сөз» өнер үйірмесінің қатысушысы, ФИ-09-1к1 тобының студенті Амалова Гүлмаржан өзінің авторлық «Қазақ осы» термесін орындап, көрермендердің eрекше ықыласына бөленді.

ФИ-11-5к тобы кафедрасының аға оқытушысы Г.Серкебаеваның басқаруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап қабырға газетін шығарды.

 

26.10.2011

 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

 

     17 қазан, 2011 жылы   «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті,  ФИ-08-1к1 тобының тәлімгері А.Б.Қалшабеков студенттерімен бірге Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап  «Тәуелсіздік тұғырың!» деген қабырға газетін шығарып іліп қойды

 

     «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті Қалшабеков А. өзінің тәлімгерлік ФИ-08-1к1 тобымен 19 қазан  2011 жылы  «Тәуелсіздік тұғырың!»  деген тақырыпта тәлімгерлік сағатын өткізді.

       

     19 қазан 2011 жылы 1 курс студенттері үшін «Арнау» кеші өтті. Онда студенттер сынақ кітапшаларын алды. Кеште әсем әндер шырқалып, билер биленіп студенттердің есінде қаларлықтай әсерлі болады.

 

     20 қазан, 2011 жылы  республикалық «Дөнгеленген дүние» газетінде «Жас ұрпақ-болашақ» рубрикасымен «Ұстаз мәртебесі және баянды болашақ» деген тақырыпта Филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.М.Тілеубердиев және  «Қазақ әдебиеті» кафедрасының  доценті, филология ғылымдарының кандидаты Н.Ж.Нұрпейісов мақала жариялады.

 

     22 қазан 2011 жылы 1,2 курс «Қазақ әдебиеті» кафедрасының ФИ-10-1к1, ФИ 11-1к1 тобының студенттері тәлімгерлері Р.Тұрдалиева, Ж.Елтаеваның басшылықтарымен апта сайын өтетін сенбілікке өткізді.

 

24.10.2011

 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы

 

«Самұрық қазына ұлттық әл – ауқаты қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Инновациялық Қазақстан» атты республикалық идеялар конкурсына кафедраның келесі аға оқытушыларының ғылыми жобалары жіберілді: Нұрымбетова А.А. - ғылыми жоба тақырыбы «Жалпы білім беретін мектептердегі ағылшын тілі пәнін оқытудың этнопедагогикалық негіздері», Ташмуратова Д.Р. - ғылыми жоба тақырыбы «Педагогические условия формирования иновационной дятельности будещего учителя в процессе обучения в ВУЗе».

2011 жылдың 19 шы қазанында кафедраның аға оқытушысы Абишева А.М., жетекшілігімен ПИК-11-14к тобында «Қызды қырық үйден тыю» атты тәрбие сағатын өткізді.

19.10.11 жылы кафедраның аға оқытушысы Құдайбергенова Г.Б. жетекшілігімен ЕП-10-1к1 тобында «Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық» атты тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты ағылшын тілінде ақпарат және көрнекіліктер пайдаланылды.

 

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

 

19 қазан күні ФИ-11-10к2 топ студенттерімен «Ана тілің арың бұл» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара тәлімгер оқытушы Мамбеталиева А.Қ басқаруымен жүргізілді. Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты: мемлекеттік тіл қазақ тілінде сөйлеуге студенттерді дағдыландыру.

 

Орыс тілі мен әдебиеті

 

            17 -20 қазан аралығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 – жылдығына арналған плакаттар байқауын қатысты. Конкурсқа жақсы деп танылған ФИ-09-2р топ (050118-орыс тілі мен әдебиеті мамандығы;  тәлімгері Тәукеев С.У.), ФИ-09-8р топ (050205-филология: орыс тілі мамандығы; тәлімгері Ниетбайтегі К.А.) студенттерінің плакаттары жіберілді.

 

Ағылшын тіл білімі кафедрасы

 

Халықаралық бірлесе жұмыс істеу және академиялық мобильділік пен тәжірибе алмасу ұйымының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультетінің ағылшын тіл білімі кафедрасында 050119 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығына испан тілінен испан азаматы магистр Сатурнино Валладарес Лопез сабақ береді.

Сондай-ақ неміс тілінен Германияның тәжірибелі оқытушысы, PhD докторы Юрген Асмус мырза жүргізеді.

 

18.10.2011

 

2011 жылдың 27 қазан күні сағат 11:00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Филология факультетінде мектеп әкімшіліктерінің қатысуымен өтетін «Гуманитарлық пәндерді 12 жылдық мектепте оқыту мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинарға шақырамыз.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Т.Тажибаев көшесі 3 (Д.Қонаев гулзары бойындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ 8 ғимаратыдағы 221 аудиториясы).

Семинарға шақырылады!

 

Семинар бағдарламасы

 

 

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

     М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Филология факультетінің 050102 «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығының ФИ 08-10к тобының студенті Утегенова Манат Мұсақызы сабағы үлгерімі өте жақсы болғандығы, ғылыми конференцияларға белсене қатысқаны үшін Н.Назарбаев атындағы шәкірт ақы иегері атанды. 2011 жылдың 8 қазан университетіміздің бас ғимаратында салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті.

 

 

    13 қазан күні Фи-10-10к2 топ студенттерімен «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» арналған тәрбиелік іс-шара тәлімгер аға оқытушы Асылбаева Ж.О басқаруымен жүргізілді. Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты: тәуелсіздікке жеткен күннен бергі еліміздің жақсы жетістіктерді студенттер санасына жеткізу.

 

 

17.10.2011

Орыс тілі мен әдебиеті

Орыс тілі мен әдебиет кафедра студенттері Д. Наханова, А.  Керімкұлова, У. Әзімбек, А. Суттібай, У. Момынова – факультет және университет іс-шараларының белсенді қатысушылары. 7 қазанда олар  Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған концертке қатысты

2011ж. 11 қазанда  ФИ-09-2р тобында тәлімгер С.У. Таукеевтің «Жемқорлықпен күресудің өзектілігі» атты тәлімгер сағаты өтті.

Орыс тілі мен әдебиет кафедрасы белсенді студенттері: Д. Наханова, А. Керімкұлова, У. Әзімбек., А. Сүттібай, У. Момыноваларды КВН-да  ректор кубогын жеңіп алуларымен құттықтайды!

2011 жылдың 18 қазанында сағат 10.00 оқырмандар залында № 8 ғимаратта  ФИ-08-2р тобының тәлімгері Ж.Ж. Жұмагұлова орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттеріне құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастыруда. Келушілерге есік ашық.

 


 

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

     М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і 13 қазан күні филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы ФИ-08-6к тобы тәлімгері С.Т.Әбілқасова студенттерімен «Ата-салтым-ардақтым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында қазақтың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып элементтері көрсетіліп, ұлттық нақыштар мен ән-жырлар айтылды

     «Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қазан айының 11,12 жұлдыздарында № 8 ғимаратының 2 қабатында орналасқан ғылыми-библиографиялық бөліміне барып, жаңа кітаптар мен әдебиеттермен танысып, өз әсерлерімен бөлісіп, өзара пікірлесті.

     Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті З.Т.Жантасова өзінің тәлімгерлік ФИ-09-1к2 тобымен 13.10.2011 ж. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің таңы атты» тәрбие сағатын өткізді.

     Фи-11-5к тобы студенттерінің «Алтын күз» атты тәрбие сағатынан көрініс. Топ тәлімгері: Серкебаева Г.Ы.

     Фи-11-5к тобы студенті Мақашев Нұрсейіт «Алтын күз» өзі салған суретімен достарын таныстыруда

     Фи-11-5к тобы студенттері Мақашев Н, Шади Әсет «Біз ұлағатты ұлт өкіліміз» КВН-н көрініс.

 


 

     Кафедра оқытушысы Н.Б.Бимахамбетова 12.10.2011 жылы ЕП-09-5к3 тобымен бірге «Тіл халық қазынасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

     Кафедра оқытушысы А. Т. Райымбекова 13.10.2011 жылы ЕП-11-3-1к1 тобына «Шет елдер салт-дәстүрі мен әдет-ғүрыптары» тақырыбында әңгіме жургізді.

     Гуманитарлык мамандыктар бойынша шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Байымбетова Г.М. 13 қазан 2011 жылы ЕП-11-5к1, ЕП-11-3-1к2, ЕП-11-3-5кс топтарына «Отбасы тарбиесі» тақырыбында дөңгелек устел өткізілді. Осы тақырып аясында студенттер өз пікірлерін ағылшын тілінде жеткізе білді.

 


 

Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

     Кафедра атынан «Жыл студенті - 2011» байқауының «Ең үздік журналист» номинациясына ФИ-08-5к тобының студенті Тойболова С. ұсынылса, «Ең танымал студент»  номинациясына ФИ-09-1к1 тобының студенті Өсербаев Ж. ұсынылды.

     Сондай-ақ «Самұрық қазына ұлттық-әл-ауқаты қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Инновациялық Қазақстан» атты респуликалық идеялар конкурсына төмендегідей студенттердің ғылыми жобалары жіберілді:

1. «Қазақ тілі сабағында антонимдер арқылы тіл мәдениетін дамытудың тәрбиелік мәні» (ФИ-0-5к тобының студенті Турсынбаева А., ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Тұрмаханова С.).

2. «Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері және оның қазақ тілімен сабақтастығы» (Ph-докторанты Көпбосынов Б., ғылми жетекшісі ф.ғ.д., доцент Боранбаев С).

3. «Антропонимдердің қазақ ономастикасынан алатын орны және оның гендерлік сипаты» (ФИ-09-1к1 тобының студенті Қозыбаева Н., ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., аға оқытушы Тасполатов Б).

 

15.10.2011

 

«Ректор кубогі» ФИЛОЛОГИЯ факультетінің жанынан құрылған  «Балмұздақтың» қанжығасында!

 

«Тәуелсіз Қазақстанымызға 20 жыл» аясында өтіп жатқан ОҚМУ-ң Қоғамдық кәсіптер факультеті ұйымдастырып отырған «Тәуелсіздік құрдастары» атты фестивалінің тағы бір парағы жабылды.

«Ректор кубогі» үшін факультетаралық сайыс «Көңілділер мен Тапқырлар Клубы» жетекшілігімен қазанның 12 жұлдызында Бас ғимараттың акт залында өтті.

 

     Негізгі ойын мақсаты: жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлтаралық татуластықты көтеру, салауатты өмір салтын дәріптеу, студенттерді мәдениеттілікке тәрбиелеу, талантты жастарды тауып көтермелеу, әзіл айта отырып кемшіліктерді түзету, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және жастарымыздың бос уақытын дұрыс және тиімді пайдалануды үйрету.

     Әзілін шаша білетін  10 факультет және колледжден іріктелген өнерлі жастар сайысқа түсіп, өз көрерменіне ой салатын әзілдер сыйлады.

     Әділқазылар  құрамында «Сөз тимесін», «Шуылдақтар», «Көз тимесін», «Көк жалдар» команда капитандары: М.Досханаев, С.Ибатов, М.Достаев, Н.Мамаев және ОҚМУ-нің студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Қорғанбаев болды. Студенттердің ерен еңбегін ескере отырып, номинациялар тағайындалды («Үздік әзіл»- колледжге, «Көрермен көзайымы»- «Жас ПИК-ке) және барлық командалар алғыс хатпен марапатталды.

     Ал, бас жүлдені Филология факультетінің «Балмұздақ» командасы тапқыр өнерінің ұшқырлығымен, іздемпаздығымен көпшілік қауымның ойынан шыға біліп, жеңіп алды. Әрине, тәуелсіздік таңымен таласа дүние есігін ашқан азат елдің құрдастары осал болмауы тиіс.

     Олай болса, құттықтаймыз! Күлдіру - өнер, күлу - өмір екенін ұмытпайық.

 

10.10.2011

 

Ағылшын тіл білімі кафедрасы

 

     М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің филология факультеті 5В 020700 мамандығының студенті Антоньяди Лилиана сабақтағы үлгерімі өте жақсы болғандығы, ғылыми конференцияларға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандығы үшін Н.Назарбаев атындағы шәкіртақының иегері атанды. 2011 жылдың 8 қазан университетіміздің бас ғимаратында салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті.

 


Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

     06.10.2011 ж Қазақ тіл біліміне қарасты ФИ-08-1К2 тобында мұғалімдер күніне арналған «Күн нұрынан жаралған жандар» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына факультет деканы және бес кафедраның аға тәлімгерлері шақырылды. Сондай-ақ тәрбие сағатына ФИ-09-1К1, ФИ-10-5К, ФИ-11-6К тобының студенттері қатысты.

 


 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы

     06. 10. 2011 жылы кафедраның аға оқытушысы В.Ю. Морозова ФИ-11-1к2 тобында «Warum lerne ich Fremdsprachen?» тақырыбында жоспардан тыс ашық сабақ өткізді. ФИ-11-1к2 тобының студенті Токтаиминова Микруза жоғары деңгейде презентация жасады.

 


     Ұстаздар мерекесіне орай ФИ-08-6к, ФИ-11-1к1 топтары құттықтау қабырға газетін шығарды.

     Филология факультеті жанынан құрылған «Сырлы сөз» өнер бірлестігінде шығармашылық топтың «Бәлкім, сен басқаны аңсадың» атты лирикалық поэзия топтамасы «Оңтүстік Рабат» газетінің 5 қазан 2011 жылы 40 санында жарияланды. Онда мына ақын – студенттер: Әлеш Табила, Ережепова Әсел, өлеңдері жарияланған: шығармашылық бірлестіктің жетекшісі ф.ғ.к., аға оқытушы, ақын Р.Тұрдалиева.

4.10.2011

           2011 жылдың 22 қыркүйегінде «Тіл мерекесіне»  орай филология  факультетінің ұйымдастыруымен Акт залында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік діңгегі» тақырыбында мәдени-әдеби кеш өтті. Оған  филология, агроөнеркәсіп және ОҚМУ коледжінің басқа ұлт өкілдері қатысып, қазақ тілінде өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар қазақ тілінде еркін сөйлеп  ақын-жазушылардың қазақ тіліндегі өлең – жырларын оқыды, ән айтып, би билеп көрермендердің ризашылығына бөленді.

           Факультет деканы, ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев сөз алып көпшілікті мерекемен құттықтап, толағай табыстар тіледі. «Тілге құрмет-елге құрмет» екенін айта келе Қазақ тілін дамыту да ҚР әр тұрғынын өз үлесін қосуға, тілге жанашыр болуға шақырды. Қазақ  тіліне қойылып жатқан талап тілектерге қосыла келе тіл мәртебесін көтеріп, сол жолда  қызмет етуді тіледі.

         24 қыркүйек ҚР-сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты қалалық сенбілікке факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері тегіс қатысып, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындады. Барлық территория жиналып, сыпырылып, әктеліп, күл-қоқыстардан тазартылды.

          2011 жылдың 31 тамызындағы университеттің ғылыми Кеңесінің             (№ 1 хаттама) шешіміне орай «Қазақ әдебиеті» кафедрасында білім үрдісін одан әрі жақсарту мақсатында мына бағыттарда жұмыстар  жүргізілуде.

          1) Кафедрада дайындалатын барлық мамандықтар бойынша студенттерге ғылым арқылы білім беру мақсатында кафедра оқытушы-профессорлары өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми тақырыптар (20-40) дайындап, таңдау мүмкіндіктері берілуде.

         2) Маман дайындаудың білім бағдарламасын шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып дайындауда төмендегі жоғарғы оқу орындарымен келісім-шарт түзілген:

          а) И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан).

          б) Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті.

         3) Оқу процесін жақсарту мақсатында 2 курс магистранты Боранбаева Мерей шет ел грантынын иегері атанып, Польшада оқуын жалғастыруда.

22.09.2011
 
     1. Томск мемлекеттік университетінің орыс және шетел әдебиеті кафедрасының ф.ғ.д., профессор В.Е. Головчинер қыркүйектің 26-нан қазанның 6-на дейін 6М011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2- курс магистранттарына, 050118 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне «XX ғ. 1-жартысындағы орыс әдебиетінің тарихы» және «XIX-XXғ. орыс драмасының жаңалықтары» атты арнайы курсынан лекция оқиды.
     Ф.ғ.д., профессор В.Е. Головчинердің 6М011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2- курс магистранттарына, 050118 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне «XX ғ. 1-жартысындағы орыс әдебиетінің тарихы» және «XIX-XXғ. орыс драмасының жаңалықтары» атты арнайы курсына оқитын лекцияларының сабақ
 
 
     2. 2011 ж. қыркүйектің 14-ші жұлдызы күні университетіміздің оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Қ.С.Байболов филология факультетінің 1 курс студенттерімен кездесіп, оқу үрдісі мен тәрбие және университеттің ішкі тәртіп – талаптары мен таныстырды.
 
     3. Бейсенбі, 15 қыркүйек күні университетіміздің бас ғимаратының акт залында Оңтүстік Қазақстан облысының және Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, белгілі журналист Байдулла Қонысбектің 70 жасқа толуына байланысты үлкен кездесу өтті. Кездесуге Филология факультетінің студенттері мен топ тәлімгерлері қатысып, сұрақтарына жауап алып, риза болып тарқады.
 
08.06
050101- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу фи-09 12к1
МАХАББАТСЫЗ ДҮНИЕ БОС!
 
          Махаббат – ол үлкен құдіретті күш. Махббат ол- сенім, махббат ол-гүл, махаббат ол-асыл ана, махаббат ол-сенімді дос, махаббат ол-шексіз бақыт, махаббат ол-түксіз қиял, махаббат ол- Отан, махаббат ол-адал жар, махаббат ол-адамды еріксіз өзіне бағындыратын, еркіңнен тыс арманға апаратын, жүрегіңнің төрінен орын алған, адам жанына ерекше өзгеріс енгізетін, адам сөзбен айтып жеткізе алмайтын – Ұлы сезім!
         Ғашықтар күніне орай сәуірдің 14 жұлдызында фи 09-12к1 топ студенттері мен топ тәлімгері Г.Жетпісбаеваның ұйымдастыруымен «Махаббатсыз дүние бос» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
          Ал адам бойындағы мейрімділік, сағыныш, қамқорлық, сенім, үміт, түсіністік, сыйластық, қадірлеу, жауапкершілік т.б көптеген асыл қасиеттер – осы ұлы сезімнен бастау алады. Кеш өз мәресіне жетті.
 
050101 - Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы ФИ 09-12к2 тобы
Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты әдеби сазды кеш
 
          Сәуір айының он үшінші жұлдызында тәлімгер А.Мамаева мен фи 09-12к1 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік толғауы» атты әдеби сазды кеш өткізілді.
         Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттігін ұлтшыдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді! Иә, 1986ж «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.
          Бүгін тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-тәрбие  сағатына жиналып отырмыз. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан  Тәуелсіздік пен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
          Іс-шара көрермендердің көңілінен шықты.
 
26.01
Қазақ тіл білімі кафедрасының жаңа оқу жылында жарияланған еңбектер тізімі. «Әуезов оқулары – 9: «Жаңа онжылдықтағы ғылым, білім және мәдениеттің инновациялық даму жодары» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция
           2010 жылы  9-10 желтоқсан айында оқытушы-профессорлардың « Жаңа онжылдықтағы ғылым, білім және мәдениеттің инновациялық даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференцияда 18 баяндама оқылды.
           «Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік&;nbsp;      конференция   өту барысынан көріністер    ХҚТУ профессор Ө.Танабаевтың 70 жылдығына байланысты «Қазіргі білім берудегі ізгілендіру үрдістері және жаңаша оқытудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына кафедрадан 9 мақала берілді. Берілген мақалалар ХҚТУ профессор Ө.Танабаевтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарына басылып шықты.
           Профессор Б. Ысқақтың 70 жылдығына байланысты халықаралық ғылыми –практикалық конференциясына 3 мақала жіберілді. (Материалдар жинағына басылып шықты. Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ, Шымкент-2010).
Б.Момышұлының 100 жылдығына байланысты «Батырдың мұрасы - ел идеологиясының бастауы» атты халықаралық ғылыми –практикалық конференциясына 3 мақала ұсынылып, материалдар жинағына басылып шықты.
Шет елде жарияланған мақалалар тізімі.
И. Арабаев ат. Қырғыз Мемлекеттік университетінің «Жаршысы» журналына
6 мақала беріліп, басылып шықты.
Ғылыми-әдістемелік журнал «Тіл мен әдебиетті оқыту» 1 мақала беріліп,басылып шықты. Ташкент-2010.
Ғылыми журналдарға жарияланған еңбектер саны-5
Университеттен тыс халықаралық конференцияға 5 мақала жіберіліп, басылып шықты.
Оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулықтар-7.
Мемлекет тарабынан қаржыландырылатын ғылыми жоба.
Ф.ғ.д., Тілеубердиев Б.М., Боранбаев С.Р., Елікбаев Б. «Тіл білімін когнитивті аспектіде зерттеу проблемалары» атты тақырыпта республикалық конкурсқа ғылыми жоба ұсынылды.
           03.12.2010 ж студенттердің ғылыми конференциясы өтті.
Студенттердің ғылыми конференцмясында оқылған баяндамалар саны-41
Студенттердің ғылыми конференциясының өту барысы
            1-орын
Ең үздік баяндама- Сатиралық шығармалар тілінің ерекшеліктері.
Сайдахметова Д. – Фи-07-1к2 тобының студенті.
Ғылыми жетекшісі : ф.ғ.к.,доцент Ж.Әділбекова.
           2-орын
Эпикалық фразеологизмдердегі аялық білім мен тілдік таңбалар көрінісі.Дүйсебаева С. Фи-07-1к1 тобының студенті.
Ғылыми жетекшісі: Тілеубердиев.Б.-ф.ғ.д., профессор.
Тілдердің функционалдық классификациясы.
Фазылханұлы Н. -Фи-07-1к2 тобының студенті.
Ғылыми жетекшісі: Бекетов Б.-ф.ғ.к., доцент.
           3-орын
Бата-тілек мәнді шешендік сөздердің ерекшеліктері. Ермаханова Ш.- Фи-09-5к тобының студенті. Ғылыми жетекшісі: Ырсымбетова Н.-аға оқытушы.
Қазақ тіліндегі антропонимдердің алатын орны және оның гендерлік сипаты. Қозыбаева Н. Фи-09-1к1  тобының студенті. Ғылыми жетекшісі: Тасболатов Б.- аға оқытушы.
           Шешен сөзінің қалыптасуындағы стиль мәселесі. Айтымбетова Б..- Фи-09-5к тобының студенті. Ғылыми жетекшісі: Ырсымбетова Н.- аға оқытушы.
 

 

 

Инновациялық қызмет

►Инновациялық инфрақұрылым
►Инновациялық жобалар
►Жобаларды коммерциализациялау
►Жүзеге асырылған инновациялық жобалардың мысалдары
►ОҚО инновациялық дамыту үшiн ОҚМУ
►Қазақстандағы инновациялар