Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім-беру орталығы

Магистратура

           Ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауда дәстүрлі түрде интеграциялайтын жоғарғы оқу орнынан (ЖОО) кейінгі білім беру ең алдымен тек қана жинақталған білімді сіңіріп және үйретуге қабілетті ғана емес, сонымен бірге жаңашылдық пен зияткерлік шығармашылыққа бейім жоғары мектеп оқытушылары мен жаңа зерттеуші ғалымдарды дайындау сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар жаһандану үдірістері дамыған жағдайда қазіргі ЖОО-нан кейінгі білім беру елімізді халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті адам ресурстарымен қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан біртұтас экономикалық кеңестік жағдайларына барынша бейімделген жаңа сипатты маман дайындау әлемдік стандарттар деңгейінде оқытудың мазмұны, формалары мен құралдарын әрі қарай жетілдіру арқылы шешілуі тиіс.

         Жаңа технологиялар бойынша жоғары санатты маман дайындауда Магистрлік білім беру - үлкен маңызға ие. Ол мамандар қазіргі қоғамның даму деңгейін айқындайтын жаңа технологияларды дамыту мен тиімді пайдалануға белсенділік танытуға қабілетті болуы керек. Қазіргі жағдайда ғылыми-техникалық прогресс қарқыны экономика мен мемлекет қуатына шешуші ықпал ету жағдайында, магистрлік білімнің жеделдетілген және сапалы өріс алуы стратегиялық маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда елдің экономикалық қуаты және табыстылығы оның өнім шығару және инновацияларды қоғам қызметінің барлық саласына ендіру мүмкіндіктеріне тәуелді, сондықтан қазіргі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі айтарлықтай деңгейде ЖОО-нан кейінгі білім берудің ұлттық моделінің дамыту дәрежесімен анықталады.

          Магистартура - көп деңгейлі университеттік білім берудің үздіксіз жүйесінің маңызды және басым бағытты бөлімдерінің бірі. Магистр: Магистратураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде магистратура 1998 жылы ашылған. Магистрлерді дайындау мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

        Магистратурада кадрлар дайындау жоғары білім берудің (бакалавриат) кәсіби оқу бағдарламалары базасанынд екі бағыт бойынша іске асады:

1) оқу мерзімі 2 жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық бағыт;

2) оқу мерзімі 1,5 жылдан кем емес салалық бағыт.

         Салалық магистратурада экономика, медицина, құқық, өнер қызмет көрсету және бизнес салалары сияқты тереңдетілген кәсіби дайындыққа ие кадрларды, ЖОО-нан кейінгі кадрларды дайындауға арналған білім беру бағдарламаларын іске асырады. Ғылыми педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындығы бар ЖОО-нан кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу секторы үшін маман дайындаудың ЖОО-нан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Кредиттік технологияны жүзеге асыру бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің білім беру саясатының негізгі міндеті оның іргілілігін сақтай отырып оқу бағдарламаларын әлемдік дәстүрлерді: жүйелілік, оқу қызметінің үздіксіздігін, оқу жоспарларының академиялық еркінділігі мен көп нұсқаулылығын есепке ала отырып унификациялау негізінде қазіргі білім беру сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

          М.Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі магистрлерді дайындау мақсаты – техногенді жүйелері мен ғылыми ауқымды өндірістің түрлі салалары үшін ұйымдық басқару, аналитикалық ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке дайындау. Магистратураның білім беру бағдарламасының мақсатты қызметі – кәсіби бағыттағы жоғары, санаты құдіретті мамандарды дайындау. Сонымен қатар ғылыми білімді меңгерген кәсіби мәселелерді шешуде ғылыми әдістер мен жүйелі тәсілдерді игерген ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау болып табылады. 

          Аталған мақсаттарға қол жеткізуде магистратура (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы) төмендегі маңызды міндеттреді жүзеге асырады:

- ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың ұлттық және халықаралық тәжірибесін талдау және жинақтау;

- Қазақстан ЖОО-дары мен алдыңғы қатарлы шетел университеттерінің білім беру бағдарламаларының салыстыруды қамтамасыз ету;

- жұмыс берушілер мен халықаралық еңбек нарығы сұраныстарына сәйкес магистрлер мен докторларды (Рһ.D) дайындаудың ұлттық моделін жасау;

- жаңа сипатта ғылыми-педагогикалық кадрларды таңдауы мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

- шет елдерден шыққан бакалаврлар мен магистрлер үшін Қазақстандық ЖОО-нан кейінгі білім берудің тартымдылығын арттыру. 

         Магистратураға қабылдау шет тілі мен сәйкес келетін мамандық бойынша емтихандар нәтижесі бойынша үміткерледі конкурстық таңдау негізінде жүзеге асады. Қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша жоғары баллға ие және белгілі бір ғылыми жұмыстары, жетістіктері (ғылыми-мақалалары, конференция баяндамалы, олимпиада жеңімпаздары), мамандығы бойынша еңбек өтілі бар үміткерлерге басымдылық беріледі.

2010-2011 оқу жылына М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистратураның

мамандықтарының тізімі

№ п/п

Шифр

Мамандықтардың аталуы

1.

6М010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

 2.

6М010200

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

 3.

6М010300

Педагогика және психология

 4.

6М010700

Бейнелеу өнері және сызу

 5.

6М010900

Математика

 6.

6М011000

Физика

 7.

6М011100

Информатика

 8.

6М011200

Химия

 9.

6М012000

Кәсіптік білім

 10.

6М020100

Философия

 11.

6М020300

Тарих

 12.

6М020400

Мәдениеттану

 13.

6М020500

Филология

 14.

6М020800

Археология және этнология

 15.

6М030100

Заңтану

 16.

6М041300

Кескіндеме

 17.

6М041400

Графика

 18.

6М042000

Сәулет

 19.

6М042100

Дизайн

 20.

6М050200

Саясаттану

 21.

6М050300

Психология

 22.

6М050600

Экономика

 23.

6М050700

Менеджмент

 24.

6М050800

Есеп және аудит

 25.

6М050900

Қаржы

 26.

6М051100

Маркетинг

 27.

6М060100

Математика

 28.

6М060200

Информатика

 29.

6М060400

Физика

 30.

6М060600

Химия

 31.

6М060700

Биология

 32.

6М060800

Экология

 33.

6М060900

География

 34.

6М070100

Биотехнология

 35.

6М070200

Автоматтандыру және басқару

 36.

6М070300

Ақпараттық жүйелер

 37.

6М070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

 38.

6М070800

Мұнай-газ ісі

 39.

6М071200

Машина жасау

 40.

6М071300

Көлік, көлік техникасы және технологиялары

 41.

6М071800

Электрэнергетикасы

 42.

6М072000

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

 43.

6М072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

 44.

6М072400

Техникалық  машиналар және жабдықтар технологиясы

 45.

6М072600

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (сала бойынша)

 46.

6М072800

Қайта өңдеу өндірістері технологиясы

 47.

6М072900

Құрылыс

 48.

6М073000

Қурылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

 49.

6М073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

 50.

6М073200

Стандарттау және сертификаттау

 51.

6М073300

Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

 52.

6М075000

Метрология

 53.

6М090100

Кітапхана ісі

 54.

6М090400

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету

 55.

6М090500

Әлеуметтік жұмыс

 56.

6М090600

Мәдени-тынығу жұмысы

         Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасына базалық және салалық пәндерден басқа педагогика, психология және мамандыққа қатысты пәндерді оқыту әдістемесі бойынша пәндер ендірілген.

         Магистратурада оқытудың түпкі нәтижелері:

- аталған дайындық бағытына сай келетін қажетті кредиттер санын жинау;

- зерттеу тақырыбы бойынша екі ғылыми мақаладан кем емес жарияланым;

- магистрлік диссертация.

         Магистрлік диссертация: Ғылымның белгілі бір пәндік кәсіби саласы бойынша бекітілген формадағы магистранттың өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижелерін жинақтап, қорытындылау. Магистрлік диссертация нақты практикалық міндетті шешетін және ғылыми жаңалық элементтері бар аяқталған ғылыми-зерттеу түрінде ұсынылуы тиіс. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері аталған зерттеу саласы бойынша 2 алдыңғы қатарлы ғылым-сарапшының оң бағасын алуы, одан соң қысқаша автореферат түрінде жарияланып, кітапханаларға таратылуы, сонымен бірге Интернетте орналастырылуы тиіс. Магистрлік диссертацияны табысты қорғаған соң білім алушыға ғылым магистрі (сала бойынша магистр) академиялық дәрежесі беріледі.

          Рһ.D докторантурасы Университетте докторнаттарды дайындау іргелі университеттік білім берудің алдыңғы қатарлы әдістеріне негізделген. Дайындықтың жоғары саласы ауқымды адами және зияткерлік әлеуметтің болуымен, университеттегі ғылымды дамытудың жоғары деңгейімен, халықаралық байланыстардың кең желісімен сипатталады. Бүгінгі таңда Университет докторантурасында 9 мамандық бойынша 12 докторант білім алуда.

2010-2011 оқу жылына М.Әуезов атындағы ОҚМУ  PhD докторантураның 

мамандықтарының тізімі           

 

            PhD докторантураның мамандықтары 

 1.

6D010900  Математика

 2.

6D011100 Информатика

 3.

6D012000 Кәсіптік білім

 4.

6D020300 Тарих

 5.

6D020500 Филология

 6.

6D050600 Экономика

 7.

6D060100 Математика

 8.

6D070100 Биотехнология (сала бойынша)

 9.

6D072000 Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы

 10.

6D072100 Органикалық заттар химиялық технологиясы

 11.

6D072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

 12.

6D073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі