Тіркеу кеңсесі

Тіркеу кеңсесі – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет.

   

Тіркеу кеңсесінің жетекшісі  – техника ғылымдарының кандидаты Болысбек Айдарбек Әлібекұлы

Мекен-жай: Шымкент қ., 160018, Тәуке Хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Бас ғимарат, 262 кабинет.  Сымтетік: 8-7252-213809.  E-mail:  aidarali@mail.ru

                              ТІРКЕУ КЕҢСЕСІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Тіркеу және академиялық жазбалар бөлімі

  • курстарға тіркеу және қайта тіркеу процестерін ұйымдастыру;
  • курстарға жазу жүйесін расстау және бас тарту жүйесін басқару;
  • студенттердің тізімінің координациясы;
  • академиялық топтар мен ағымды құру;
  • студенттердің жеке оқу жоспарларын құру;
  • GPA есептеу;
  • транскрипт пен диплом қосымшасын беру;
  • веб-тіркеулерді жүзеге асыру;
  • факультеттер мен оқытушыларға оқытушылар туралы жазбаларды сақтау туралы ақпаратты ұсыну;
  • деканат үшін студенттің академиялық жағдайын бағалау;
  • студенттердің рейтингісін құру;
  • студентті қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және басқару:
  • студенттің академиялық үлгерімі туралы жазбасын сақтау
Әкімшіліктендіру бөлімі
  • тіркеу кеңсесі жұмысын жоспарлау және талдау;
  • жиналған бағалар мен кредиттер жайлы ақпаратты басқару;
  • барлық факультеттер үшін академиялық жазбалар құру үрдісін басқару;
  • баға қою саясатын бағдарлау;
  • статистикалық есеп беруді құру және талдау;
  • жұмыс-оқу жоспарының жүзеге асуын қадағалау;
  • студенттердің үлгерімін талдау;
  • оқудың барлық түрі үшін аралық және қорытынды бақылаудың кестесін құру;
  • эдвайзерлермен, тьюторлармен, админстраторлармен бірлесіп жұмыс жүргізу
Студенттер қозғалысын есепке алу бөлімі
  • студенттік билетті, сынақ кітапшасын, академиялық төс белгі, диплом құжаттарын алуға және бұйыртпаға тапсырыс беру;
  • диплом, академиялық анықтамалар беру, тіркеу және рәсімдеу;
  • оқудан шығарылған және қайта қабылданған студенттердің құжатын дайындау;
  • басқа ЖОО-нан ауысып келген студенттердің құжаттарын қабылдау;
  • студенттерге академиялық демалыстың берілуінің заңдылығын және дұрыс рәсімделгендігін қадағалау;
  • студентердің жеке құрамы бойынша бұйрықтарды өңдеу, тіркеу және бөлімшелерге тарқату;
  • студенттердің жеке іс-қағазына бұйрықтан көшірмесін ендіру;
  • студенттердің жеке іс-қағаздарын сақтау;
  • ЖОО-нын бітірген студенттерге аттестат пен дипломдарын беру;
  • студенттердің контингенттері бойынша айлық, кварталдық, және жылдық статистикалық есептерін дайындау (3-НК);
  • студенттер қозғалысын есепке алуды жүзеге асыру.

        

                              СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ
            Студенттердің оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес бағаланады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аударылады
  • БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІНЕ АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары 100 балдық шкала бойынша бағаланынады
  • БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. Студенттерді аралық аттестаттау емтихан тапсыру және сараланған сынақ түрінде өткізіледі
  • БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ – студенттердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
  • М.Әуезов ат. ОҚМУ-да үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның (жіберу рейтингінің) 60 % құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40 %-ын құрайды
                 Тіркеу кеңсесінің университет қызметтерімен  қарым-қатынасы