В.Г. Шухов атындағы БГТУ-да конференция

"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" кафедрасының 2 курс PhD докторанты және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары - Нұрғали Надырұлы Жаникулов Ресей Федерациясы, Белгород қ, В.Г. Шухов атындағы БГТУ-дың 65 жылдығына арналған «Ғылымды қажетсінетін технологиялар мен инновациялар, ХХІІІ ғылыми оқулар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция 14 секция бойынша жұмыс істеді.

Нұрғали Жаникулов пленарлық отырыста және «Құрылыс және композициялық материалдар технологиясы» секциясына қатысып баяндама жасады. Баяндама тақырыбы «Малоэнергоемкие и ресурсосберегающие сырьевые смеси для получения клинкера», ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Таймасов Бахитжан Таймасович.

Нәтижесінде Нұрғали Жаникуловқа конференция дипломы табыс етілді.