|
полковник Хакимжанов Сабыржан Хатипұлы |
Мекен-жай: ОҚО, Шымкент қ., Тауке-хан даңғылы, №15 ғимарат.
Кезекші тел: 23-24-13 Факс: 23-20-63
Жалпы мәлімет
М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының тарихы өте бай. Оның қабырғасында студенттерді әскери дайындыққа ұлттық жүйесі бойынша жүргізілуде.
Алғашында Құрылыс материалдары технологиялық институты (1943ж.), Қазақ технологиялық институты (1957ж.), Қазақ химия-технологиялық институты (1964ж.) болып аталып келіп М.Ауезов атындағы ОҚМУ аты берілді. ҚСРО Қорғаныс Министрі орынбасарының Директивасы бойынша 1963 жылдың 15 мамырында әскери кафедра құрылды.
![]() |
Әскери кафедраға өзінің үлкен үлесін қосқан бірінші бастығы подполковник Кривохижа В.С., жоғары оқу орынында әскери іс бойынша негізін қалаған.
1966-74 жылдары аралығында әскери кафедрада келесі есеп мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындалды «Зенитті артиллериялық қондырғылар взводының командирі», ал 1973 жылы әскери кафедрада ҚСРО Қорғаныс Министрі орынбасарының Директивасымен химиялық әскерлер мамандығы бойынша «Радиациялық, химиялық барлау және ядролық жарылысты белгілеу взводының командирі» деген дайындау басталды.
1981 жылдан бастап запастағы офицерлерді химиялық әскерлер бойынша төрт түрлі әскери-есеп мамандықпен дайындау енгізілді:
Тәуелсіз мемлекеттің өз Ұлттық Қарулы Күштерді құрғалы әскери білім мемлекеттік жүйесі бойынша құрылуы маңызды мүдделерінің бірі. М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасы осы жүйенің негізін құрайды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас штабы бастығының Директивасы бойынша «Жаяу әскердің ұрыс машинасында мотоатқыштар бөлімшелерді, бөлім мен құрамаларын ұрыстық қолдану» жаңа мамандығы ашылды.
![]() |
![]() |
Қазақстан бойынша тек қана М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасында «радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшенің командирі» мамандарын дайындайды. ҚР Қарулы Күштерінде осы бөлімшелер М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедраның түлектерінен толықтырылады.
1963-2010 ж.ж. аралығында әскери кафедраға 12 000 нан астам запастағы офицер кадрларын дайындап шығарған. Бүгінгі күні әскери кафедрада 500 ден астам студенттер оқиды.
Жоғары дәрежелі әскери-педагогикалық профессорлық-оқытушы құрамы, материалдық-техникалық базасы, әскери дайындықтың трансформациялық жүйесі бағдарламасына байланысты 2008-2009 ж.ж. әскери кафедрада кадрлы офицерлерді дайындау мамандығы «Командалық тактикалық сұйық отынмен қамтамасыздандыру» ашылды. 2011 жылы осы мамандық бойынша әскери дайындық жалғасуда.
![]() |
Жаңа инновациялық технологияны оқу процесіне енгізу арқылы, керекті білім, істей білу және іскерлік арқылы кадр офицерлерінде қажеттілікті қанағаттандыру болады.
Оқыту әдісі мен тәрбиелеу жаңа технологиямен бірге заман талабына сай.
Біз химиялық зертханамен; радиациялық, химиялық және биологиялық барлау техникалық құралдарымен; жеке құрамының арнайы өңдеу құралдарымен дезактивация, дегазация, дезинфекциялау, қару жарақпен әскери техникалық, киім-кешек, техникалық байқау пункті және авттокөлікті жөндеу, ату алаңы, саптық плацпен қамтамасыздандырылғанбыз.
![]() |
![]() |
Автоматтандырылған оқу процессі мен білімді бақылауға қарамастан әскери кафедраның оқытушылары мен бастығы полковник Хакимжанов Сабиржан Хатипұлының оқыту шеберлігі -жоғары мәртебеде. Біздің оқытушыларымыз өз ісінің білікті мамандары, он жылдан астам оқыту шеберлігін танытып келеді. Олар запастағы полковник Крохинцев С.Н., запастағы полковник Ан А.Н., запастағы подполковник Аюпов Б.Х., майор Кенжебаев Ж.А. Олар жоғары деңгейдегі әскери мектептен шынығып әр түрлі жауапты қызметтерін атқарған.
Біздің офицерлеріміз «Химиялық қауіптілігі бар апаттардың қатты уландырғыш заттармен көлемдері мен зардаптарын болжау» компьютерлік бағдарлама жасап шығарған, авторы – запастағы подполковник Тазутдинов Ш.Н..
Болашақ Отан қорғаушылардың білім сапасына әскери кафедраға студенттерді іріктеу байкаумен қабылданғаны үлкен әсерін тигізеді.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің әскери кафедрасының түлектері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып өте жоғары кәсіпті сапалы деңгейінде өздерінің іскерлігін танытып әскери қызметін атқаруда.
Мамандықтар: (ӘЕМ).
1. «РХБ қорғау бөлімдері мен құралымдарының қолданылуы» ӘЕМ-111000.
Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінің РХБ қорғау әскерлеріне Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, өнегелі, запастағы офицерлерді дайындау.
ӘЕМ-111000 бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер,
Білуі қажет :
Істей алуы қажет:
2.«Түтіндеткіш және отшашқыш бөлімдер мен құрылымдардың қолданылуы» ӘЕМ-111100.
ҚР Қарулы күштерінде Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, өнегелі офицерлер дайындау, студенттерге Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Отанды қорғауға дайындын болуға, әскери парызын адал атқаруды, қарулы қүштер сапында қызмет етуді мақтаныш тұту және жауапкершілікпен қарауға баулу.
Білу керек:
Істей білу:
3. «РХБ барлау және ядролық жарылыстарды белгілеу бөлімдері мен құрылымдарының ұрыстық қолданылуы» ӘЕМ-098000.
Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінің РХБ қорғау әскерлеріне Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, РХБ барлауды ұйымдастыруды және жүргізуді басқара білетін, запастағы офицерлерді дайындау.
ӘЕМ - 098000 бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер:
4.«Радиациялық, химиялық,биологиялық қорғану қару-жарақтары мен құралдарын пайдалану және жөндеу»ӘЕМ-510200.
Химиялық және радиациялық барлауда өз қол астындағыларын басқара білетін қазіргі замандағы әскерлерді химиялық қамтамасыз ететін, РХБҚ әскеріне запастағы офицерді дайындау.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды білуі қажет:
Істей білу:
5. «ЖӘЖМ-дағы мотоатқыштар бөлімдері мен бөлімшелердің ұрыста қолданылуы» ӘЕМ-021001.
Мақсаты: ҚР ҚК қазіргі заманғы ұрысты ұйымдастыруды және жүруді білуге қажетті білімді меңгерген, өз халқына, Отанына және Үкіметіне мінсіз берілген запастағы офицерлер дайындау.
![]() |
Дайындық нәтижесінде студенттер:
Білуі қажет:
|
![]() |
|
![]() |