Кафедра меңгерушісі
Нұралиева Артық Жарылқасыновна
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
|
Мекен жайы: Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, корпус №8, каб.319
Телефон: 22-10-39,
Факс: 21-01-41,
Кафедра тарихы
Музыкалық білім және хор кафедрасы өзінің бастамасын 1967 жылдан бері жалғастырып келеді.Алғашқы жылдары онда келесі барлық мамандықтар бірлескен болатын: хорды дирижерлау, фортепиано, музыка теориясы, баян, халық аспаптар және т.б.Бірінші кафедра меңгерушісі-Кутунов Б.С. (1969 ж.),1970-1973ж аралығында кафедраны Августинович Г.С. жетекшілік етті, 1973-2002ж. аралығында кафедраны Гевич С.Н., ал 1992-1995ж және 2002 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраның меңгерушісі п.ғ.к., доцент Касенова Р.К.
Оқытушылар құрамы
Кафедра жоғары кәсіби білімді, жоғары біліктілі мамандармен жабдықталған. Кафедраның профессор-оқытушылар жалпы құрамының саны 21 штаттық бірлікті құрайды, оның құрамында: 1 педагогика ғылымдарының докторы (п.ғ.д.), доцент, 4 педагогика ғылымдарының кандидаты., 1 доцент, 1 доцент, 4 .«Романсиада», халықаралық әншілер байқауының лауреаттары (аға оқытушылар Шепаева С.А.,Тажибаева Жанар, Борисова Виктория, Джумабеков Бахыт) Аға оқытушы Сейлбекова У.К. – Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері атағын алды, сондай-ақ «Өнерлі ұстаз - 2007» облыстық фестивалінің лауреаты болды, Белгибаева Жадыра Ибрагимқызы –«Жұбанов көктемі» »(Астана қ.) Халықаралық байқаудың лауреаты, сондай-ақ Назира Ахмедова (Ташкент қ.) атындағы Халықаралық әншілер байқауының дипломанаты, аға оқытушы Мазкенова Айжан Башқурстанның Уфа қаласында өткен Н.Сабитова атындағы музыкант-орындаушылардың байқауына қатысып, ІІ дәрежедегі дипломды иеленді. Кафедраның аға оқытушысы Жандарбай Ерлан – «Қазақ романсиадасы» ХІІ Халықаралық романс орындаушыларының байқауының дипломанты, Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық байқаудың дипломанты.
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент, «Музыкалық білім және хор» кафедрасының меңгерушісі Касенова Р.К. Ұлттық Музыка Академиясында «Дирижерлау», «Вокалдық өнер» мамандықтарының мамандарын дайындауды жетілдірудің мәселелері бойынша шебер-класын көрсетті. Осыған байланысты Қазақ ҰМА-ның ректоры, профессор Айман Мусахожаевадан алғыс хат алды.
Халықаралық байланыс
Кафедра халықаралық байланысты белсендіре дамытуда.Кафедраның базасында Ресейдің (Москва педагогикалық мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институты), Өзбекстанның (Ташкент мемлекеттік мәдениет институты), Қазақстанның (Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) әйгілі ғалымдары шақырылып, семинарлар, біліктілікті жоғарлату курстары, шебер-кластары өткізіледі. «Музыкалық білім және хор» өз уақытында күрделі, белгілі ғалымдар келді - өнертану ғылымдарының докторы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтының профессоры Левандо Т.П.,Москва консерваториясының профессоры Ляшко Б.М., ИСМЕ халықаралық ұйымының вице-президенті, Ресейдің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша ОӘБ бөлімінің төрағасы, Москва Педагогикалық мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім берудің методологиясы және әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Абдуллин Э.Б., Қыздар мемлекеттік педагогикалық институттың педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Музыканы оқытудың теориясы мен әдістемеесі» кафедрасының меңгерушісі Джердималиева Р.Р., Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры Айдарбекова Л.А. және т.б.
Біздің жетістіктер
«Музыкалық білім және хор» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., доцент Касенова Р.К. - 050405 «Дирижерлау» мамандығы бойынша 2011 жылдың 9-11 маусым аралығында мемлекеттік квалификациялық комииссияның төрағасы ретінде Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторясына шақырылды.
«Музыкалық білім және хор» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., доцент Касенова Р.К. – 2011 жылдың 27 сәуірінде 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Жоғары педагогикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және типтік бағдарламаларын жасаудың теориясы мен технологиясы» тақырыбында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен Республикалық оқу-әдістемелік семинарының мәжілісне қатысты.
«Музыкалық білім және хор» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., доцент Касенова Р.К., аға оқытушылар: Танкешова Ф.С., Примкулова Ш.Н., Ағабекова С.С., Фаттахова Н.Т., Жанабаева Р.К. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Білім сапасын талдау және біліктілікті жетілдіру институтында өткен МПМУ профессоры Э.Б.Абдуллиннің (Мәскеу қаkасы, Ресей) «Музыкалық-педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша 2011 жылдың 20-23 мамыр аралығында 36 сағат көлемінде біліктілігін жетілдірді. Сертификат алды.
Кафедраның аға оқытушысы Танкешова Ф.С. 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәнінен ҚР БжҒМ қолдауымен Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетіндегі ОӘК ұйымдастырған 2011 жылдың 17-18 наурыз аралығында өткен ІІІ Республикалық олимпиадаға жоғары кәсіби деңгейде студенттерді дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Кафедраның аға оқытушысы Танкешова Ф.С. М.Әуезов атындағы ОҚМУ өткен «Жаңашыл - педагогтардың ІІ форумында» ІІ орын алды.
5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәнінен ҚР БжҒМ қолдауымен Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде 2011 жылдың 17-18 наурыз аралығында өткен ІІІ Республикалық олимпиадада келесі студенттер марапатталды:
- 4 курс ПИК-07-14к тобының студенті Қырықбай Ернар «Музыкалық аспаптарда шығармаларды үздік орындағаны» үшін ІІІ орын алды
- 3 курс ПИК-08-14к тобының студенті Надирова З.С. осы олимпиадаға қатысқандығы үшін алғыс хатпен марапатталды.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ОӘБ-ның әдістемелік бөлімінің қолдауымен өткізілген «Үздік курстық жұмыс» байқауында 3 курс ПИК-08-14к тобының студенті Асембекова Ұ ІІІ орын иеленді және 5000 ақшалай сыйлық алды. Жетекшісі аға оқытушы Танкешова Ф.С.
3 курс ПИК-08-14к тобының студенті Әсембекова Ұ. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз » атты Қазақстан халқына жолдауына арналған жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік – гуманитарлық және экономикалық ғылымдар» атты 14-ші студенттік ғылыми конференциясына қатысып, онда «Оқушылардың музыкалық тәрбиесін қалыптастырудағы қазақ халқының аспаптық музыкасының танымдық тәрбиелік мәні» атты тақырыбына жазылған ҒЗЖ І-ші дәрежелі диплом алды. Ғыл.жет. п.ғ.к.,доцент Касенова Р.К.
4 курс ПИК 07-14р тобының студенті Горбачева Е. «Қазақстанның ЕҚПҰ-да төрағалығы аясында студенттік ғылымының даму бағыттары» атты ғылыми конференцияда «Музыкально-поэтические традиции казахского народа» атты тақырыбына жазылған ҒЗЖ ІІ дәрежелік диплом алды. Ғыл.жет. п.ғ.к.,доцент Естемесова С.
3 курс ПИК 08-14к тобының студенті Намазбаев Н. «Қазақстанның ЕҚПҰ-да төрағалығы аясында студенттік ғылымының даму бағыттары» атты студенттік ғылыми конференцияда «Қазақстан композиторларының вокалды хор шығармашылығы» атты тақырыбына жазылған ҒЗЖ ІІІ дәрежелі диплом алды. Ғыл.жетек. аға оқытушы Танкешова Ф.С.
3 курс ПИК 08-14к тобының студенті Абдуалиева Ж. «Қазақстанның ЕҚПҰ-да төрағалығы аясында студенттік ғылымының даму бағыттары» атты студенттік ғылыми конференцияда «А. Жұбановтың шығармашылығының жас ұрпақты тәрбиелеудегі алатын орны мен ролі» атты тақырыбына жазылған ҒЗЖ 4 дәрежелік диплом алды. Ғыл.жетек. аға оқытушы Ағабекова С.С.
Ғылыми бағыттар
Музыкалы-педагогикалық білім беру теориясы мен практикасындағы болашақ музыка мұғалімінің кәсіби дайындығын жетілдірудің мәселелері (ғылыми жетекшісі - п.ғ.к., доцент Касенова Р.К.)
Оқу зерттеу жұмысының үрдісінде студенттердің танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру (СОЗЖ). (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Касенова Р.К.)
Студенттердің кәсіби іс-әрекетіндегі музыкалы – шығармашылық қабілеттерін дамытудың мәселелері. (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Естемесова С.С)
Болашақ музыка мұғалімінің шығармашылық белсінділігін қалыптастырудың моделі. (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Танкешова Ф.С).
Кафедраның оқытушылары 400-ден астам ғылыми мақалаларын әртүрлі деңгейдегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда жариялады, оның құрамындағы 40 мақалалар ҚР ЖАК журналдарында, сондай-ақ Чехияда (Прага), Польшада (Przemysl), Ресейде (Екатеринбург, Северодвинск, Челябинск), Татарстанда (Қазан), Қырғызстанда (Бишкек), Өзбекстанда (Ташкент) жарияланды.
Келесі студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары республикалық СҒЗЖ байқауларында марапатталды.
«Актуалдылығы үшін» диплом :
1.Калдарбекова У.С. «Терме дәстүрінің орындалу ерекшеліктері» тақырыбында (ғылыми жетекшісі аға оқытушысы Примкулова Ш.Н.)
2.Маликова А.В.на тему «Абай - великий просветитель» тақырыбында (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Касенова Р.К.)
1-ші деңгейдегі дипломды ҚР БжҒМ «Жаратылыстану- техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдары бойынша» республикалық байқауында студент Маликова А.В. иеленді (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Касенова Р.К)
 |
 |
Оқу үрдісінде келесі оқытудың инновациялық әдістері қолданылады:кейс, іскерлік ойындар, презентация, эссе, глоссарий, портфолио, бейне-лекция, семинар-конференция, семинар-пікірталас, семинар-зерттеу, практикалық орындау,музыкалық шығармаларды иллюстрациялау, музыкалық шығармаларды талдау және т.б. Лекциялық және практикалық сабақтарды конференциялар, дөңгелек стол, студенттердің жеке және топтық жобаларын презентациялау түрінде өткізу іс-жүзінде қолданылады.Сабақтарда мәселелі сұрақтарды қарастыру, инновациялық әдістерді қолану, студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды өтуде ғылымның әртүрлі салаларындағы, музыкалық білім берудің педагогикасындағы жаңа жетістіктері туралы мәліметтер, сондай-ақ оқытушылардың ғылыми жұыстарының нәтижелері қолданылады.Осының барлығы студенттердің материалды меңгеруідің деңгейін мәнін және сапасын жоғарылатады.
Мультимедиялық кабиентте бейне-лекция түрінде слайдтарды көрсету мен интерактивтік тақтаны қолдану арқылы пәндер оқытылады.
050906 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша ҚР жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт құрастырылды, Білім және ғылым министрлігі бекіткен 16 типтік бағдарламалар басылып шығарылды.
Кафедра меңгерушісі Р.К. Касенованың жетекшілігімен 2007 жылдың желтоқсан айында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ҚР БжҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секциясының мәжілісі өткізілді.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінен 4 авторлық куәліктер алынды:
1) Р.К.Касенованың «Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы» оқу құралы № 56. 6 сәуір 2005ж.
2) Р.К.Касенова., Ф.С. Танкешованың «Мектептегі музыкалық тәрбиенің әдістемесі» № 68, 13 сәуір 2005ж.
3) Р.К.Касенованың «Познавательный интерес к профессии учителя музыки» №55, 6 сәуір 2005ж.
4) Балабеков Е.О, Ахметова Н.Б «Қазақтың музыкалық фольклоры: болмысы, өзіндік ерекшелігі, тәрбиелік мазмұны мен заманауй өміршендігі». № 828, 3 желтоқсан 2009 ж. (ЭЕМ арналған бағдарлама).
3 монографиялар басылып шығарылды, «Зерттеу әдістемесінің негіздері» атты арнайы курстың авторы п.ғ.к.,доцент Касенова Р.К.
Болашақ жоспары
050106 «Музыкалық білім» 050906 «МТЖ» (мамандануы «Хор ұжымын басқару») мамандықтары бойынша еңбек нарығында сұранысын және оқытудың жаңа гуманистік мақсаттағы жетілдірудің негізіндегі білім берудің саласындағы қызметтің сапасын қамтамасыз ету. Білім беру қызметіндегі сұранысты білу, кәсіби мамандығын таңдау мотивизациясының негізінде талапкерлерді таңдау.
Біздің түлектер:
Кафедраның бітіруші түлектері Қазақстан Республикасының барлық облыстарында қызмет атқарады.
Кафедра өзінің бітіруші түлектерін, Қазақстан Республикасының музыкалы-орындаушылық өнерінің және эстрада жұлдыздарының әйгілі жұлдыздарын мақтан тұтады:
- ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев;
- ҚР халық әртісі Нағима Есқалиева;
- ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова;
- ҚР еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров;
- ҚР еңбек сіңірген әртісі, әйгілі композитор Марат Ильясов;
- Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық әншілер байқауының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген әртісі Құрман Шойынбаев;
- Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Мамадияр Таукеев;
- Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Хадиша Сейтова;
- «Романсиада» Халықаралық әншілер байқауының дипломанты – Виктория Борисова;
- «Очарование романсом» Халықаралық әншілер байқауының лауреаты – Ж.Тажибаева;
- «Романсиада»-Халықаралық әншілер байқауының дипломанты-Бахыт Джумабеков;
- «Жігіттер» квартеті;
- «Мұнарлан» тобы.
Кафедраның тәрбие жұмысы
Жоспар бойынша 2010 жылдың қараша айында М.Әуезов атындағы ОҚМУ №1 жатақханасында өткізілген іс-шаралар:
«Музыкалық білім және хор» кафедрасының жатақхананың акт. залында 05.11.2010 жылы сағат 17.00 « Эстрада әуендері» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға жауапты аға оқытушы Ағабекова С.С.
2010 жылдың 6-7 желтоқсан аралығында өткен «Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы аясында студенттік ғылымының даму бағыттары» атты студенттердің гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар саласы бойынша ғылыми-практикалық 13-ші ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияда жүлделі орын алған студенттер:
І-орын Әсембекова Ұ. ПИК 08-14к тобының студенті, тақырыбы: «Оқушылардың музыкалық тәрбиесін қалыптастырудағы қазақ халқының аспаптық музыкасының танымдық тәрбиелік мәні», ғылыми жетекшісі педагогоика ғылымының кандидаты, доцент Касенова Р.К.
ІІ-орын. Горбачева Е. ПИК 07-14к тобының студенті, тақырыбы: «Музыка поэтические традиции Казахскых народа», ғылыми жетекшісі педагогика ғылымының кандидаты, доцент Естемесова С.
ІІІ-орын. Намазбаев Н. ПИК 08-14к тобының студенті, тақырыбы: «Қазақстан композиторларының вокалды хор шығармашылығы», ғылыми жетекшісі аға оқытушы Танкешова Ф.С
ІҮ-орын. Абдуалиева Ж. ПИК 08-14к тобының студенті, Тақырыбы: «А. Жұбановтың шығармашылығының жас ұрпақты тәрбиелеудегі алатын орны мен ролі», ғылыми жетекшісі аға оқытушы Ағабекова С.С.
Талапкерге
050106 «Музыкалық білім» мамандығы
Дайындық мазмұны
Әлеуметтік-гуманитарлық – Қазақстан тарихы, мәдениеттану, саясаттану, имеджеология, шет тілі, әлеуметтану және т.б
Жалпы кәсібилік – педагогикалық, психология, музыкалық педагогика, музыкалық психология және т.б.
Арнайы- вокал, музыкалық аспап (фортепиано, домбра),музыка теориясы, гармония, музыкалық білім берудің әдістемесі және.т. б.
Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл. Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл, орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл, жоғары білім базасы бар –2 жыл
Мамандықтың сипаттамасы
Біздің бітіруші түлектеріміз келесі салаларда жұмыс істейді:
- өнер және мәдениет колледждерінде оқытушы;
- жалпы білім беретін мектептерде және педагогикалық колледждерде шығармашылық ұйымдармен жетекшілік етеді;
- музыкалық педагогика саласында ғылыми зерттеулерді жүргізеді.
Квалификация
Оқудың толық курсын аяқтап болған соң, 050106 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыкалық білім» мамандығының бакалавры академиялық дәрежесі және мемелеттік үлгідегі диплом берілді.
Бітіруші түлектердің жұмыс орны
Балалар музыкалық мектебі;;
Жалпы білім беретін мектептер; мектепке дейінгі оқу орындары;
Колледждер, лицейлер және т.б.
Оқуға түсуге арналған келесі емтихандар өткізіледі:
шығармашылық:
а). Орындаушылық шеберлігі
б). Коллоквиум
2. Тестілеу (2 пән бойынша):
а). қазақстан тарихы,
б).қазақ (орыс) тілі
050906 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы, мамандануы «Хор ұжымына жетекшілік ету»
Дайындық мазмұны
Әлеуметтік-гуманитарлық – Қазақстан тарихы, мәдениеттану, саясаттану, шет тілі және т.б
Жалпы кәсібилік – көркемдік шығармашылық, өнер тарихы, МТЖ тарихы және теориясы, шоу-бағдарламаларын ұйымдастыру, сахна шеберлігінің негіздері
Арнайы- музыка теориясы, гармония, сольфеджио, музыкалық шығармаларды талдауы, музыкалық аспап (фортепиано, домбра, аккордеон).
Мамандану пәндері– дауысты қою, хор класы, дирижерлау, хортану, хор аранжировкасы, хор ансамблі және т.б.
Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл. Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл, орта арнайы білім базасы бар – 3 жыл, жоғары білім базасы бар –2 жыл
Мамандықтың сипаттамасы
Біздің бітіруші түлектер келесі салаларда қызмет атқарады:
- өнер және мәдениет колледждерінде;
- хор ұжымын басқарады;
- мәдени-ағарту мекемелерінде мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру.
Квалификация
Оқудың толық курсын аяқтап болған соң, 050906 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының бакалавры,хор ұжымының жетекшісі, мәдени-тынығу жұмысының ұйымдастырушысы, арнайы пәндердің оқытушысы квалификациясы және мемлекеттік үлгідегі диплом берілді.
Бітіруші түлектердің жұмыс орны
- өнер және мәдениет колледждері;
- мәдени-ағартушылық мекемелері.
Оқуға түсуге арналған келесі емтихандар өткізіледі:
шығармашылық:
а). Орындаушылық шеберлігі
б). Коллоквиум
2. Тестілеу (2 пән бойынша):
а). қазақстан тарихы,
б).қазақ (орыс) тілі