 |
Факультет деканы
Бесбаев Гани Абзелбекович
ф.-м.ғ.к., доцент
Мекен-жайы: М.Әуезов ат. ОҚМУ, «Г» ғимараты, 608 бөлме
Телефон: 8(7252) 21-19-69
e- mail: ITTAS@mail.ru
|
|
Факультет кафедралары
Жалпы мәлімет
Факультет М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» факультетінің негізінде құрылған. Жоғарыда айтылған факультет «Тоңазытқыш техникалары және автоматтандыру» деген атпен 1981 жылы ашылды. Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты 2002 жылы «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» факультеті болып өзгертілді.


2009 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер» факультеті болып өзгертілді.
Факультет математика, математикалық модельдеу, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, ақпараттық жүйелер, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар салалары бойынша мамандар дайындайды. Тек қана біздің факультетте оқу процесі фундаментальді физика-математикалық дайындықты талап ететін жаңа технологиялармен жабдықталған прогрессивтік ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде жүргізіледі.
Құрамында 1 ҚР ҰҒА академигі, 10 ғылым докторы, 47 доценті және ғылым кандидаттары, 4 жоғарғы мектеп үздігі бар факультеттің қызметкеткерлері студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.
Қазіргі таңда факультетте тәлім алатын студенттердің жалпы саны – 1029, оның ішінде грант негізінде білім алатындары – 614. Факультеттің көптеген түлектері шетелде Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүр. 2009-2010 оқу жылында «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та 3 студент білім алуға кетті және 2 оқытушы ғылыми біліктілігін арттыруда. Оқудағы үздік көрсеткіштері үшін факультеттің 2 студентіне – Президенттік шәкіртақы, 1 студентіне – «Казкоммерцбанк» шәкіртақысы тағайындалған. Өткен оқу жылында ғылым және білім саласындағы салиқалы еңбегі үшін 3 профессор ғылым және білім министрлігінің «Жылдың үздік ұстазы» атағына ие болды.



МАМАНДЫҚТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
5В060100-Математика
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Математика бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: кәсіби қызметінің объектілері – математика және қолданбалы математика; математика және жүйелік бағдарламалау; экономикадағы математика; актуарлық математика салалары. Математика бакалавры төмендегі қызметтерді атқара алады: ұйымдық-басқару құрылымдарында маман, жетекші маман, жетекші математик-инженер, математик-программист, математик-экономист, математик-актуарий; орта-арнаулы және орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда және білім мекемелерінде математика, информатика, математика және информатика пәндерінің оқытушысы.
Жұмысқа орналасу орындары: ЖОО-лар, ғылыми-зерттеу мекемелері, білім беру мекемелері, банк жүйесі, сақтандыру компаниялары, қаржылық құрылымдар.
5В070200-Автоматтандыру және басқару
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Басқару және автоматтандыру бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Түлектер өндірістің барлық саласында ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарын қолдана отырып, басқару мен техникалық жүйелерге байланысты автоматтандыру, басқару және ақпараттандыру жұмыстарымен айналысады. Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары әртүрлі өндірістердің технологиялық процесстерін автоматтандырылған басқару жүйесі, әртүрлі бағыттардағы автоматтандырылған ақпаратты басқару жүйелері, әртүрлі бағыттағы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және жіберудің автоматтандырылған жүйесі, жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды жобалаудың автоматтандырылған жүйесі, әртүрлі өнімдерді өндіруді технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі, өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы бөлшектерді, бұйымдарды, тораптарды, құрылғыларды кешенді сынаудың автоматтандырылған жүйесі бола алады. Кәсіби қызметінің түрлері – сервистік-эксплуатациялық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқарушылық, жобалау-конструкторлық, эксперименттік-зерттеу қызметі.
Жұмысқа орналасу орындары: Әртүрлі өндірістер, кәсіпорындар, мекемелер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, автоматизация менеджері ретінде әртүрлі фирма және компанияларда қызмет атқарады.
5В070300-Ақпараттық жүйелер
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Бітірушілердің қызмет ету саласына мемлекеттік және жеке өнеркәсіптер мен ұйымдар, түрлі аумақтағы құрылатын, ендірілетін және қолданылатын ақпараттық жүйелер саласында.
Жұмысқа орналасу орындары: машина жасау, металлургия саласында, көлікте, телекоммуникацияда, білім және ғылым саласында, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету орталарында, әкімшілік басқармаларда, экономика және бизнесте, қызметтің барлық іске асатын түрлі технологиялармен басқару салаларында қызмет атқарады.
5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады. машина жасау, көлік, металлургия, телекоммуникация, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика және бизнес, әртүрлі техникалармен басқару, қызмет етудің барлық саласында.
Жұмысқа орналасу орындары: машина жасау, көлік, металлургия, телекоммуникация, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету мекемелерінде қызмет атқарады.
5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: ғылыми зерттеу мекемелері; телекоммуникация мекемелері; білім беру мекемелері; түрлі өнеркәсіп орындары.
Жұмысқа орналасу орындары: ұйымдық-басқару ұйымдарда маман, бас маман, бас инженер, инженер-бағдарламалаушы; орта-арнайы және техникалық білім алатын мекемелерде математика, информатика, физика пәнінің мұғалімі; жүйелік әкімшілік программисті; математикалық және компьютерлік пішіндерді жасау және математик-программист ретінде жобалау мекемелерінде қызмет атқарады.
5В071800-Электроэнергетика
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Электроэнергетика бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: бітірушілердің кәсіби қызметі ғылым мен техника аймағы болып табылады. Ол электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдайлар құруға бағытталған технология, құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Бакалавр төмендегі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: электр станцияларының және қосалқы станцияларының, электр жүйелері мен тораптарының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін, өнеркәсіптің түрлі салалық кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғаныс және автоматтандырылуы, жарық техникасы және жарық көздері, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшамалау және кабельдік техниканың, электрмеханиканың дәстүрлі емес және энергияның қайта жаңғырылатын техникалық қызметін және қызмет ету сапасын бақылау, жетілдіру, жаңғарту және жақсартуды жүргізеді.
Жұмысқа орналасу орындары: АЭС, ГЭС, подстанциялар, телекоммуникация мекемелері; машина құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп орындары, ғылыми зерттеу мекемелері; білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.
5В071700-Жылуэнергетика
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: жылуэнергетика бакалавры
Бiтiрушiлердiң кәсiптiк қызметi энергетикалық жүйелер мен кешендер; автономдық обектiлердi энергиямен жабдықтау жүйелерi; энергетикалық қондырғылар; дәстүрлі емес және қайталанатын энергия көздері негізіндегі энергетикалық қондырғылар және кешендер; өндірістің жылутехнологиялық қондырғылары; жылуды өндіруші, таратушы және қолданушы технологиялық қондырғылар.
Жұмысқа орналасу орындары: жылу электр станциялары; өндiрiстiк және жылытулық қазандары; энергиятасығыштарды өндіру және тарату; жылыту және жылу желілері; жылу тәсілдемелік және жылу энергетикалық өнеркәсібтерінде бакалаврлар 1-категориялы техниктердің бастапқы қызметтеріне, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері қызметтеріне олардың еңбек стажына талап қойылмастан алынады.
5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Кәсіби қызмет ету өрісі адам іс-әрекетінің ақпаратты қашықтықтан алмасуға, ақпаратты электрондық құралдар көмегімен түрлендіруге жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және әдістер жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың саласы болып табылады. Бітірушілердің кәсіби қызмет ету нысандары қатарына сым, радио, оптикалық немесе келесі басқа да жүйелер арқылы таңбаларды, сигналдарды, жазбаша мәтін, бейнелерді, дыбыстарды таратуды қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер, техникалық құралдар және информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіру жатады, олар – байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері; көпарналы телекоммуникациялық жүйелер; радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік және жылжымалы байланыс жүйелерін қоса алғанда; дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, электроакустика және сөздік информатиканың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары; деректерді тарату жүйелері мен құрылғылары; нысандарды электрондық және компьютерлік басқару, ақпаратты түрлендіру; телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары; телекоммуникациялық жүйелер мен тораптарды метрологиялық қамтамасыз ету құралдары; телекоммуникациялардағы менеджмент пен маркетинг; телекоммуникациялық құрылғыларды қажетке жарату мен сервистік қызметтер көрсету саласы.
Жұмысқаорналасу орындары: Деректерді тарату жүйелері мен АТС бар кез-келген кәсіпорындарда мекемелерде, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, әртүрлі фирма және компанияларда байланыс менеджері ретінде қызмет атқарады.
Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады:
Факультет деканы - ф-м.ғ.к., доцентБесбаев Ғани Әбзелбекұлы,
байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-69
Декан орынбасары ф-м.ғ.к., доцент Өтенов Науат Марзенұлы
байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-67
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Исмаилов Серік Өмірбайұлы,
байланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Ахметова Сабира Тастанқызы,
байланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12
«Математикалық әдістер мен модельдеу» кафедрасының меңгерушісі, д.ф.-м.профессор Сарсенби Абжахан Манапович,
байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-67
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Өтебаев Қалмұрат Әбдіразақұлы,
байланыс телефоны: 8(7252) 30-05-88
«Энергетика дәстүрлі емес энергетикалық жүйелерraquo; кафедрасының меңгерушісі, доцент Романенко Александр Филиппович,
байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76
«Техникалық мамандықтарға арналған шет ел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент, Гүлнара Күмісбекқызы Карбозова,
байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76
«Ақпараттық технологиялар»кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент Медетбеков Муратбек Мухалбекұлы,
байланыс телефоны: 8(7252) 30-05-88
АТТ және АЖ - факультет модераторы Тилеуов Ғ.Е.