Бүгін ресми іс сапармен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не ҚР Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетов келді

Бүгін ресми іс сапармен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не ҚР Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетов келді. Жұмыс барысында университеттің "Мұхтартану" орталығында болып, ғалымдармен сұхбат құрды. Университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын аралап көріп, құжат тапсырып жатқан талапкерлер мен ата-аналармен әңгімелесті. Түркістан облысы және Шымкент қалалық білім басқармаларының қызметкерлері мен мектеп, колледж директорларымен М.Әуезов университетінің С.Сүлейменов атындағы мәжіліс залында білім берудің келелі мәселелері мен білім беруді дамытудың жолдары талқыланып, сала мамандарының ұсыныстары тыңдалды.